Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Үйде кім басшы?

Үйде кім басшы?

Үйде кім басшы?

Аса құрметті оқырман, еркекпіз, жігітпіз деп кеудені көтеретініміз рас қой, қыздардың қасында. Өзімізді олардан жоғары санап, кердең қағып, еркінсиміз ғой енді. Отбасы болған кезде де бұл отбасының басшысы - мен, айтқанымды екі етпе, хан - мен, патша - мен деп қыздарды, яғни әйелімізді қор көреміз кейде.

Орынды сұрақ туады. Сонда әйелдер еркектерден кем бе? Тіпті осыны оқып отырған мінезі шатақтау біреу болса, айтуы мүмкін: “Немене, біз сонда, кембіз бе олардан? Олар істеген жұмысты біз де істей аламыз. Олар ойлаған ойды біз де ойлай аламыз. Әлде бізді дамымай қалған деп ойлай ма?  Біз де өз құқықмызды қорғаймыз. Еркекпіз-еркекпіз деп қомсына бермесін. Өздерін Құдай көре ме? Бізбен де санассын? Біз не, адам емеспіз бе? Қолындағы күңіміз бе?” - деп бір сілкініп, дір-дір етіп, қалшылдап, құлшылдап, басы қанына шауып ашулануы мүмкін…

Аса құрметті оқырманым, енді осы сауалды екеуміз бірігіп тереңірек қарастырып, мәнісіне үңіліп көрелікші.

Расында, біз айтамыз: “Өмрдің заңы сол – ер адамдар әйел адамдардан артық. Бар билік соларда. Қыз баласы өздерін еркектің алдында еркінсіп аузына келгенін айтпасын” - деп бір тәкаппарлықтың желі есетін әңгімелерді.

Дүниенің заңын жасап шығаратын басқа планетадан келгендер емес. Өзіміз ғой. Яғни, осы жер бетінде жорғалап жүрген біздер. Олай болса, неге билікті отбасындағы әйел адамдарға бермеске? Еркектерге басымдық бергеніміздің себебі не? Ақылға қонатын, сау ақыл қабыл алатын себеп бар ма? Әлде жігіттер өздерінің физикалық күшін пайдаланып, осы заңды, осы стандартты қалыптастырып қойды ма екен?

Бұл сұраққа жауап беру үшін қыз баласын отбасының басшысы етіп көз алдымызға елестетіп көрелік:

Отбасының билігін қолына алған адамда өзінен өзі жанама міндеттер пайда болады. Яғни, жарын асырау керек, бала-шағаның барлық керек-жарақтарын алып беріп, көңілін хош етіп, қанағаттандыруы керек. Солардың тағдырына жауапты болады сол адам.

Бұндай жүкті, ауырлықты сезінген адам әрине өзгереді. Мінезі, қылығы, сөз саптауы. Бұрынғыша арзан, сұйық әңгімелерді айтпайды. Терең ойланады кез келген нәрсеге. Стратегия құрады. Бұндай мәселелермен басы қатып, шақшадай басы шарадай болып жүрген адамның өз перзенттеріне лайықты түрде көңілін бөліп, тәрбиелеп, жеткілікті деңгейде мейірімін төгіп тәрбиелеуге мұршасы келмейді. Өз қайғысына мұрнымен шаншылып жүрген адамда қайдағы мейірім төгу? Қайдағы жылулық?

Демек, ошақтың берекесін келтіріп, түтіннің түзу шығып тұруын қамтамасыз етіп, перзентіне мейірімін төгіп, жылулығын сыйлап тәрбиелеу екінші сыңардың, яғни біздің жағдайда еркектің мойнына түсіп көрсін делік.

Ер азамат сондай жаратылыс  – баланы 10 минуттан артық шыдамы жетіп бағып-қаға алмайды. Ол ол ма? Емшек беріп сүт ішкізе алмайды. Жарайды сүтті ыдыспен берем деген күннің өзінде ер азамат әйел затына ғана тән нәзіктікті, ерекше махаббатты, мейірімділікті, жылулықты өз деңгейінде сәбиге сыйлай алмайды. 

Cондықтан отбасының тізгінін ер азаматқа, бала тәрбиесі мен ошақтың түтініне жауаптылықтың тізгінін әйел затына ұстату ең тиімді шешім болмақ.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: aktobegazeti.kz

4652 18
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 21:44
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 21:31

Хеххеехе ) Үйде басшы болу туралы ойланған да емеспін. Шыным. Негізі мынадай сөз бар ғой: "Ақшаны кім тапса, сол үйде басшы" деген )))))))))

+0
18 ақпан 2013, 21:40

"үйде кім басшы?" деген сұрақ анкеталар мен құрбы-құрдастар арасында ғана қойыла берсін, әйтеуір отбасында қойылмаса болды.

+0
18 ақпан 2013, 22:53

әдемі айттыңыз

+0
18 ақпан 2013, 21:44

Мен негизи сизбен келиспеймин "Акшаны ким тапса сол уйде басшы" деген созинизбен ар кашанда еркектин аты ерке онымен келису керек бунымен демек онын гана айтканы болады деген емес айел адам аркашада еркекти сыйлау керек бурынгы апа ажелеримизден асып ешкайда кете алмаймыз! Бирак ер адам айел адамды алаканына салып аялап отуи керек себеби ол киси болашак балаларынын анасы! Айелдерге ешкимде жетпейди !!!!!! :)

+0
18 ақпан 2013, 21:47

:) басшы болғым кемейді, ер адамды жоғары сатыға қоямын бәрібір. Мен ең сенімді, сыбайласы оң қолы болсамда жетеді ;) :)

+0
18 ақпан 2013, 21:53

мен де солай ешқандай да басшы болғым келмейді. Сондықтан болашақ жарым ақылды азамат болса деймін. ;) мені бағындыра алатын және сыйлата алатын, балаларыма үлгі бола алатын адамның алдында қалай басыңды имейсің?!

+0
18 ақпан 2013, 22:04

Жалпы ер адам үй қожайыны болған дұрыс, сондай тәрбиеде өстім. Бірақ, әкем әрқашан шешеммен ақылдасып шешеді.

+0
18 ақпан 2013, 23:58

ұнамаған мақала. Ну и что? дегім келеді. Сонымен? Кім дауласыпты мұнымен?

+0
19 ақпан 2013, 18:02

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге - аю, балаға - қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын. (Ғ.Мүсірепов) Ия, отбасындағы отағасының, балаларыңның әкесі, тірегің, азаматыңның орны қашанда биік тұруі тиіс. Қазақ қызын ер адамды құрметтеуге, ер адамның жолын кешпеуге, ер азаматыңнан жоғары төрге озып шықпауға үйреткен емес пе?! Ендеше сол тәрбиеге лайық болайық, қаракөз замандастарым!

+0
19 ақпан 2013, 22:28

Үйде басшы папам

+0
20 ақпан 2013, 02:15

массагетке ОЯНУ керек!!!!!!!! мынау не тағыда????? кім оқиды деп ойлайды тәйірі?!

+0
20 ақпан 2013, 11:32

Қызық екен... Сонда Сізге қандай тақырыптағы жазбалар жаныңызға жақын??? Сіздің жазған пікірлеріңізге қарап, ауылдағы көрші шал атам есіме түсіп кеткені... Не нәрсе болса да көңілі бір көншімейді ғой, шіркін...

+0
20 ақпан 2013, 12:05

мынадай дүниелер Фейсбук желісінде немесе агентте ерігіп отырып, талқылайтын тақырып қой. Массагет танымдық портал емес пе?! Ауылдағы атаңнан үйрене ғой алдымен. үп еткен желге желпіне бермей.

+0
20 ақпан 2013, 12:19

Пікіріңіз орынды. Сыныңызды ескереміз!

+0
21 ақпан 2013, 12:22

Әдейі жазғам қатқыл сөзбен... Жаман сөздер айтып сөкпегеніңіз үшін рахмет.

+0
21 ақпан 2013, 12:22

Әдейі жазғам қатқыл сөзбен... Жаман сөздер айтып сөкпегеніңіз үшін рахмет.

+0
22 ақпан 2013, 23:27

Еркек бас әйел мойын мойында ми болмайды деген ...... :lol:

+0
24 ақпан 2013, 12:55

Еркек ген.директор, Әйел фин.директор, түсіне білейік!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...