Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббаттың түрлері

Махаббаттың түрлері

Махаббаттың түрлері

Француз жазушысы Стендаль Фредерик махаббат психологиясын зерттейтін «Ғашықтың жайы» атты кітап жазған. Кітап форма жағынан ғылыми зерттеу еңбегі сияқтанғанымен, оны жазу үшін автор 20 жылдан астам уақыт жұмсаған. Бірақ, кітап дәм-татуы жоқ сылдыр сөз емес, күні бүгінге дейін «Махаббаттың қасиетті кітабы» саналып келе жатыр. Кітапта Стендаль махаббатты төрт түрге бөлген:

  1. Жалынды махаббат – төл мүддемен санаспайтын махаббат;
  2. Қызғылықты махаббат – ақыл-парасатты ардақтайтын махаббат;
  3. Физиологиялық махаббат – тән рахатына ғана берілетін махаббат;
  4. Атаққұмарлыққа салынатын махаббат – достық сүйіспеншілікті көтермелейтін махаббат.

Ал ХХІ ғасыр психологтары махаббатты мынадай үш түрге бөледі екен:

  1. Сананың (мидың), яғни, ақылдың ғашық болуы. Махаббаттың бұл түрі «Махаббат-есеп» деп аталады. Ол алып-ұшқан сезімді тежейді. Анығын айтқанда, бір адамның мінезіне, ақылдылығына ғашық болады.
  2. Сезімнің, жүректің (тылсымның) ғашық болуы. Бұл кезде сезім ақылға (есепке) бағынбайды. Әдетте «Нағыз махаббат» деп осыны түсінеді. Психологиялық толқындар мидың оң жақ жартысына өтеді. Махаббаттың бұл түрі – «Махаббат-сезім» деп те аталады. Себепсіз-ақ ғашық болады. Сұлулыққа, сүйкімділікке, асқақтыққа.
  3. Рухтың, яғни, жоғары сананың (ар-ожданның) ғашық болуы. Ол кезде бәрі тәрбие мен дәстүрге бағынады. Сезім де, сана да тежеледі. Психологиялық толқындар адамның ар-ұяты аясында өтеді. Махаббаттың бұл түрін «Махаббат-достық» деп те атауға болады. Өзара сыйластық, құрметтеуге, жауапкершілікке сүйенеді.

Ендеше, сіз махаббаттың қай түрін бастан кешіріп жүр екенсіз?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: vsread.com 

9174 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 14:33
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 15:08

Мен кешіп жүрген махаббат - Рухтың, яғни, жоғары сананың (ар-ожданның) ғашық болуы.

+0
14 ақпан 2013, 15:09

мұндай сезімдердің пока ешбірі жоқ! бірақ Рухтың, яғни, жоғары сананың (ар-ожданның) ғашық болуын қалаймын)

+0
14 ақпан 2013, 15:19

Сезімнің, жүректің (тылсымның) ғашық болуы :)

+0
14 ақпан 2013, 15:26

рухтын,ягни жогаргы сананын (ар-ожданнын) гашык болуы! Осы махаббатты бастан кешiп журмiн.

+0
14 ақпан 2013, 18:02

Екеуінде де екіншісі

+0
14 ақпан 2013, 18:23

мен 2-шісін

+0
15 ақпан 2013, 09:07

3в1))) шампунь-кондиционер-бальзам))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...