Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қыздар: "Жігіттер, мұндай болмаңдаршы"

Қыздар: "Жігіттер, мұндай болмаңдаршы"

Қыздар:

Ақ боз атты ханзадасын күткен әр ханшайымның ойында өз жігіті бар. Қыздар оны өздері жасап алады. "Ол салмақты болуы керек", "Ол сұлу болу керек", "Тым қатты қызғаншақ болмағыны жақсы", "Ол ақылды болса ғой, шіркін" деп өз ойлары басында мың оралып, жоқтан бар жасап алады. Сөйтеді де, қиялындағы сол жанды іздеуге кіріседі. Кейде тапқандай болады. Ал кейде көңілі толмай құлазып қалады. Сонда қыздар қандай жігіттерден бойын аулақтау ұстайды?

Тым үнемшіл 

Қыздар қанша жерден жігіттің артық шығындалмағанын қаласа да, екеуі бірге келіп, таксиге өз қалтасынан ақша шығарса, ертең ол жігіттің қоңырауына жауап бермей қоюы әбден мүмкін. Санамызға сіңіп қалған стереотиптер бойынша қыз бен жігіт жүрген жерде барлық қаржы тек жігіт тарапынан шығуы керек. Бұл - боямасыз болмыс. Арулар қатты үнемшіл жігіттерді аса ұната бермейді. Оның әлеуметтік жағдайын қанша түсініп тұрса да, тиынға тісін сындыратындығына қынжылады. 

Бос арман қуу


Армандаудың зияны жоқ, әрине. Тек үш ұйықтап тұрсаң да, түсіңе енбейтін дүниені армандап, бос қиялдың соңынан бордай тозып жүретін жігіттердің де қыздар алдында "саудасы" онша жүре қоймайды. Бір күн даяшы болып жұмыс жасап, "мейрамхана ашамын" дей салу оңай әрине. "Айтпауы керек, ашуы керек" дейді кей қыздар мұндайда. Өз армандары жайында жарты әлемге жар салып, соны орындау жолында әрекет етудің орнына "Алма піс, аузыма түс" деп жантайып жатып алатын жандар да қыздарға жаға қоймайды. 

Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүру

Қыздар еңбекқор жігіттерді жақсы көреді. Бәріне өз зейнеті арқылы жеткен жігіттерді сыйлайды. Әкенің малы мен тамына сеніп, қымбат көлік мініп, бір іске де саусағының ұшын тигізбейтін жігіттер есі бар аруға ұнай қоймасы анық. 

Мұңға оранғыш


Үнемі мұң мен түннің тауқыметін көрген және езуі күн көрмейтін жігіттер қыздарға сүйкімсіз көрінеді. "Ол менімен әуре бола ма, мұңымен бе?" деп мұң арқалаған жігіттен тезірек құтылғысы келе бастайды.

Аурушаң 

Қыздар балаларының әкесінің дені сау, салауатты болғанын қалайды. Сәл суық тие қалса, жөтеле қалатын, сәл жүгірсе, шаршай салатын жігітті аса жақтыра бермейді. Денсаулығы қалыпты, спортпен айналысатын иммунитеті жоғары жігіттерді таңдайды.

Сүйікті емес 

Қыздың артынан қанша жүгірсе де, құшақ толы гүл сыйлап, асты-үстіне түссе де, өзі жігітті ұнатпаса, түк шықпайды.  

Құпия 


Суыт жүріп-тұратын және күдікті іс қылса, артында із қалдырмайтын жігіттерді де. Өзінің өткен өмірінен сыр шертіп, туған-туыстары жайлы сөз қозғамайтын жігіттер қыздар үшін күмәнді жан көрінеді. 

Бір күндік өмір үшін ғана күн кешу

Ертеңінде жұмысы жоқ тек бүгінгі күннің рахаты үшін өмір сүретін жігіттерден бойын аулақ ұстауға тырысады. Арулар "бүгін ішсем, бүгін жесем" деп бір күндік қарын тойғызудың қамын ойлап жүретін жігітке ертеңін сеніп тапсыруға қорқады. 

Бұл барлық қыздардың пікірі емес, әрине. Әйткенмен, біраз қыздың ойын дөп бастық деп ойлаймыз. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru

8636 21
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 ақпан 2013, 15:41
Пікірлер
+0
08 ақпан 2013, 15:42

Уақ, үнемшіл тиынды тиынға санап дірілдеп жүретін жігіттер маған да ұнамайды.

+0
08 ақпан 2013, 15:48

расымененде ғой))

+0
08 ақпан 2013, 16:03

обшыыым пессимист емес оптимист жігіттер өтімді дешиш. әркімнің талғамы әрқалай, жету үшін бақытқа, еңбектену керек бірталай. кімнің де болсын кемшіліктері болады сол кемшілігін озінен таба біліп жасыра білсе болғаны. егер шын суйсе сүйгенінен мін іздемейді іздесе де таба алмайды.

+0
08 ақпан 2013, 16:09

Өте дұрыс айтылған!

+0
08 ақпан 2013, 16:18

қойшы осы жігіттерді)

+0
08 ақпан 2013, 17:09

:D ойдагынын барi айтылган. Касына кунде клуб, билярд, пиво дегендерден шыкпайтындарды косу керек едi.

+0
08 ақпан 2013, 17:32

жақсы жазылған екен.

пЫсЫ: Бәріне өз зейнеті арқылы жеткен деген жерде бейнеті деген дұрысырақ сияқты.

+0
08 ақпан 2013, 17:49

Бәріне келісем...!

+0
08 ақпан 2013, 18:58

"Өзінің өткен өмірінен сыр шертіп, туған-туыстары жайлы сөз қозғамайтын жігіттер қыздар үшін күмәнді жан көрінеді".Рас!

+0
08 ақпан 2013, 22:16

Қыздар! Эх қыздар! Ай қыздар! мхм қыздар! фу қыздар! :lol:

+0
09 ақпан 2013, 00:40

А вот мен унемшіл..біпақ оңдаймес...Қызым оқудан келетін кезде ақша тауып или жинап қоям қыдыру үшін :D

+0
09 ақпан 2013, 18:53

Рас, мынаның бәрінен аулақтау болуға тырысам :oops:

+0
09 ақпан 2013, 19:41

жазылған пікірлерге қарағанда бұл сайтта тек қыздар ғана отырат тиіс :mrgreen: :geek: :ugeek:

+0
09 ақпан 2013, 22:29

Жігіттің ақшасын санайтын қыздар ұнамайды. (Жүретін жұптарға қатысты) :roll:

+0
10 ақпан 2013, 00:55

:ugeek: Табиғатым солай!!!! :D

+0
10 ақпан 2013, 23:09

Қыздар балаларының әкесінің дені сау, салауатты болғанын қалайды.

+0
10 ақпан 2013, 23:10

:)

+0
13 ақпан 2013, 17:52

Авторға: Ақерке сенімен қалай байланыс жасауға болады? Жарияланған материалдарға байланысты.

+0
19 ақпан 2013, 12:11

Маган сыр жасыратын жигиттер унамайды. Кандайда сыры болса айтканы дурыс деп ойлаймын.Себеби бир куни оны суйген кызы билсе араларында туи\синиспеушилик болад.

+0
25 ақпан 2013, 23:59

1 суреттегі қыз Диана Коркунова ма venerasu1@mail.ru????

+0
21 наурыз 2013, 23:41

кыздар- ай кыздар де :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...