Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Зағип жігіттің махаббаты

Зағип жігіттің махаббаты

Зағип жігіттің махаббаты

Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін.

Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті. Сұлу жамалынан көлеңке де қалмаған. Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды. Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін. Күндер өте келе, оның қайтып келер сәті де жақындай түсті. Ол мына бейнесін көрсе, қандай көңіл күйде болар. Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді. Айна алдына баруға жүрексініп, күндерін өксумен өткізді.

Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды. Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айрылыпты. Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретті тағдыр осы да.

Бірақ олар бұрынғыдай-ақ бақытты күндерін жалғастыра берді. Жас келіншектің бүлініп кеткен жамалын күйеуі көрмеді. Күйеуі қайда барса да, келіншегі оны жетелеп жүретін еді. Бұрынғы қызыға қарайтын жұрт оларды мүсіркейтін болды. Жарасымды жұбайлардың келісті бейнесі ертегіге айналып қала берді. Бірақ, сонда да олардың бақытына сызат түскен жоқ. Әйелі қайтыс болғанға дейін жарасымын бұзбады.

Сүйікті жарын жерлеу кезінде өмірдегі ең сұлу асылын жоғалтқан адам қабір басында үнсіз ұзақ отырды да, орнынан тұрып, қайтуға ыңғайланды. Қос жанары тас қараңғы зағипты достары келіп сүйей беріп еді. Ол жақындарының қолын қысып ұстап «Мен соқыр емеспін. Оның ауруға шалдыққанын шетелде жүріп-ақ естігенмін. Өз бейнесінен азаптанбасын, махаббатымызға сызат түспесе екен деп өтірік соқыр болып өмір сүріп келдім. Мен оны шексіз сүйемін» деді де, бұрылып жүре берді.

Қабыр басындағы адамдар осынау махаббат жолында жалғыз қайтып бара жатқан адамға қарап, көздеріне тағы бір мәрте жас алды. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

2144 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 31 қаңтар 2013, 12:01
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2013, 11:37

Шын махаббат бар, бар, бар! Дәлелі осы оқиға...

+0
31 қаңтар 2013, 12:50

Махаббаааат!

+0
31 қаңтар 2013, 12:51

Жүрегім ауырып кетті ғой, осындай махаббаттың барлығы

+0
31 қаңтар 2013, 12:59

Шын махаббатка сенбейтiндер, карандаршы! Сенбеймiн деп ендi калай айта аласындар?

+0
31 қаңтар 2013, 15:20

Әсерлі. Шын махаббат! :!:

+0
01 ақпан 2013, 16:03

Өкінішті.... бір адамдар осындай махаббатты сезінбей отеді

+0
02 ақпан 2013, 15:49

Керемет! жүрекке жетеді екен!

+0
05 ақпан 2013, 02:08

.............((((((((((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...