Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Махаббат, тәуекел және өкініш

Махаббат, тәуекел және өкініш

Махаббат, тәуекел және өкініш

Мына бір философ өмірі жайлы «философиялық әңгімені» сүйікті жар, сұлу сезім жөнінде талғам жасай алмай жүрген замандастарыма ұсынайын.

Алыс-жақынға аты танымал бір тәкәппар философ болыпты. Ол өзі бастан өткізген жағдайдың бәрін зерттеп, өмір қорытындысын жасаумен терең ойда жүреді екен.

Бір күні бір сұлу бойжеткен философқа өле ғашық болыпты. «Мені қолдан жіберіп алсаңыз, дәл мұндай сүйіспеншілікке екінші рет бөлене алмайсыз» деп, әлгі бойжеткен жүрек сырын ақтарыпты. Философ қыздың сұлу көркін қанша ұнатып тұрса да, «Мен ойланайын» деп қана жауап беріпті.

Содан бастап ол махаббат жайлы философиялық ойларға батумен әбігер болыпты. Бір көріп ғашық болу мен үйлену немесе үйленбеу жайында ұзақ толғанып, бұл сезімнің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра зерттепті. Ақыры бұл сезімнің жақсы жағы мен жаман жағы тең болып шығыпты. Сонымен бұған қандай үкім шығару керек? Соңында ол «Адам екі айырық жолға кездескенде, өзі көрмеген, бастан кешпеген сапарды таңдаған жөн» деген философиялық шешімге келіпті. Салт басты, бойдақ тіршілікті жақсы біледі. Ендеше, үйленудің де қандай боларын татып көру керек. Ең дұрысы, әлгі бойжеткеннің талабын тойтармаған абзал.

Философ қыздың үйіне жол тартып, оның әкесіне кезігіпті. Қыз әкесі «Балам-ау, ол қазір екі баланың анасы. Тұрмыс құрғанына бес жылдың жүзі болды» депті салқын раймен.

Мұны естіген философ таудан құлап түскендей болыпты. Оның мақтанышы болған алғыр ойы өзіне қасірет ала келіпті. Ол сонша уақыт махаббат жайлы ойланса да, сезім атаулының жалт етіп сөнетінін, махаббаттың орай күтпейтінін білмеген екен.

Сонымен ол барлық философиялық шығармаларын өртепті де, тек мынадай ғана өсиет сөз қалдырыпты:

«Өмірдің алғашқы жартысы тәуекелмен, соңғы жартысы өкінбеумен өткені жөн».

P.S: Бұл пәлсапа тек махаббатқа ғана арналса керек. Әңгімедегі Философ - барлық жастар. Шындығына келгенде махаббат туралы ойға қалғанда, бәріміз де философ боп кетеміз. Ал өмірде ешбір ереже-қағидаға, пәлсапаға бағынбайтын жалғыз ғана ұлы сезім - махаббат. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: 7zqq.com

6775 5
Рейтинг: +12

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 09:44
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2013, 09:13

Тәуекел түбі - жел қайық...

+0
29 қаңтар 2013, 11:45

Тәуекел түбі - жел қайық, батасында кетесин))) :D

+0
29 қаңтар 2013, 09:55

еххх, бұйырмағаны шығар

+0
29 қаңтар 2013, 12:41

:басбармақ:

+0
29 қаңтар 2013, 14:43

эхххх шіркін махаббатттттт.............

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...