Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сапаcыз адам немесе кім кінәлі?

Сапаcыз адам немесе кім кінәлі?

Сапаcыз адам немесе кім кінәлі?

Бірде полиция қызметкерлері көшенің ортасында телефон тонаушысын қоршауға алады. Әлгі тонаушы: «Жақындамаңдар маған! Жақын келсеңдер, мына телефонды жер ұрып сындырамын!» айғайлап тұр екен. Сол сәтте телефонның иесі 20 жастар шамасындағы қыз: «Телефонымды сындырмасыншы, өтінем, алып беріңіздерші! Оның ішінде өте маңызды номерлер және жігітімнің жазған хаттары мен үй-ішіміздегілердің суреттері бар!» деп сақшыларға жалбарына бастайды. Сол кезде полиция қызметкерлерінің бірі: «Егер қалтафоныңызды сындырып жіберсе, біз оны ұстағаннан кейін сізге төлем жасатқызамыз, жаңа телефон алғызып аласыз» деп басу айта бастайды. Сонда қыздың көзі жанып кетіп, тонаушыға қарап: «Сындыр қане, сосын маған жаңа телефон алып бер» дейді. Оны естіген тонаушы таң қалады. Телефонды жерге қойып, өзі тізерлеп тәртіп сақшыларына мойынұсынады. Қыз келіп, оның кеудесін түйіп-түйіп жібереді: «Сындырамын деп тұрғанда сындырсаң болмай ма?!» Сонда ашуға булыққан тонаушы: «Мен бұл өмірімде сен сияқты адамды көрмеппін, сен неткен сапасыз адам едің!» деп айғайлаған екен.

Кейін ол телефон ұрлау себебін қыздың телефон әпермесең, мектепке бармаймын деуінен туындағанын айтқан. Кім кінәлі?

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mail.ru

3292 12
Рейтинг: +7

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 18 қаңтар 2013, 15:30
Пікірлер
+0
18 қаңтар 2013, 15:02

"Қолда бардың құны жоқ" :roll:

+0
18 қаңтар 2013, 15:05

қыз расында да ақылсыз, өзге пиғылды. Жігітті кешіруге болады. Тамаша мысал!

+0
18 қаңтар 2013, 15:12

терең астар жатқаны байқалады. Адамды сапалы, сапасыз деп бөлетін уақыт келді

+0
18 қаңтар 2013, 15:20

Құдай сақтасын, мұндай да адамдар бар ма? Мұны жасау үшін де ерінбейді екен, құрысын...

+0
18 қаңтар 2013, 15:22

кім кінәлі, сонымен?

+0
18 қаңтар 2013, 16:59

:P :P :P

+0
18 қаңтар 2013, 17:04

:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
18 қаңтар 2013, 22:15

сапасыз, сапалы? :roll: китайский немесе оригинал дегенмен бірдей болдығо :?

+0
18 қаңтар 2013, 22:16

Құрсын мынау не

+0
19 қаңтар 2013, 04:04

түсінген адамға ой салады....

+0
19 қаңтар 2013, 21:29

ойлануды кажет етеди екен, сонымен ким кинали болды? не олсада кыз оте акылсыз екен акша ушин барлыгын истейтин кызга уксаттым менинше сол кыз оте сапасыз 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...