Бір жүрек бар...

Бір жүрек бар...

Сізге күйетін бір жүрек бар. Ол өзін сізге атаған, сіз үшін жаралғандай, әр сағат-минут сайын сізді сағынып тұрады, сізге қарай талпынады. Ол жүректің сізді сүйетіні соншалық, оның бүкіл ақыл-есін сіз жаулап алғансыз. Сіз оның өмірінің бір бөлігі емес, бүкіл өмірісіз.

Сізді күтіп жүретін бір жүрек бар. Күндіз болсын, түнде болсын, мейлі қалада, мейлі ауылда болсын, оның махаббаты тек сізге арналады. Қай уақытта, қай жақтан келгені белгісіз, осы ынтызарлық сізді тағатсыздана күтіп, өзін алып кетуді армандап отырады.

Сізге табынатын бір жүрек бар. Ол сіз туралы ойлағанда өн-бойын бір ыстық ағын шарпып өтеді. Махаббат оты жалындап тұрған осы жүректі үнемі өртеп, ғажайып күйге бөлеп, ләззәтті сағыныш түсі әлдилеп жүреді.

Міне, осындай бір жүрек бар... Ол жүректің сіз үшін күйгенінен өзін соншама бақытты сезінетіні бар. Сізді күтіп жүргенінен, сізге ғашық болғанынан өзін бұл әлемде теңдесі жоқ адам ретінде есептейді.

Есіңізде жүрсін, бір жүректің бар екені.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: hannibal-md.livejournal.com

M. Auelkhan