Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жаным, неге топассың?

Жаным, неге топассың?

Жаным, неге топассың?

Ұрыс... Иә, әлбетте ұрсысу - ғашықтардың қолдарынан келетін ең абзал істерден емес. Сонда да, сүйіктісімен бір рет те ұрсыспаған жан жоқ шығар. Редакциямыздың жігіттер қауымы жазған мақаланы оқып, төбе шашымыз тік тұрды. Олардың ойынша, жанжалды бастайтын тек қыздар екен. Сонымен, қыздардың берер жауабын қабыл алыңыздар.

1. СЕБЕПСІЗ кешігу. Бізді сағаттап аязда күтеді екен... Өтірік! Бір сағат күтсе жақсы, кетіп те қалатындары бар.  40 минутқа кешіге аламыз, рас, сонда да әр кез олай емес. Біз шынымен уақытында келуге тырысамыз! Сонда, олар бізді кездесуде сұлу, әдемі көргісі келмейді ме? Біз екен ғой сонда жынды, кездесуге дайындалып, шаш сәндеп, боянып, не киерімізді жарты күн ойланатын. Осындай дайындықтан кейін, кездесу орнына барғанда, жігіт келе қоймаса, қалай шатақ шығармасқа? Кешігуінің себебі не болды? Басқа қыз ба? "Сүйікті" достары ма? Себебінің дені дұрыс болса бөлек, кешіруге дайынбыз. Мысалға, жол апаты, дүлей апат...

2. Салыстыру. Бір рет Айгүлдің жігітін одан сұлу, байырақ дедіңіз бе, болды... Енді шындығында солай болса, қайтейік? Бұған өкпелеудің қажеті жоқ. Бәрібір сол өзіміздің жігітімізді сүйіп, соның қасында емеспіз бе? "Онда Айгүлдің жігітіне бар кет" деп айтудың не қажеті бар? Ол маған ұнап тұрса, баяғыда сені тастап, құрбымның жігітін алып кетпеймін бе?

3. Жігіт басын бұрып, басқа қызға қарауы. Жігіттердің қасынан сұлу қыз өтсе, бастарының 360 градусқа бұрылу дарыны - табиғи рефлекс пе? Сылтау тапқан екенсіздер. Ал біз сұлу жігіт көрсек, тіпті сол Айгүлдің жігіті болсын, не жаңа корей сериал кейіпкері болсын, шатақ шығаратын кім? Біз тек олардың сұлулығына, ақылдығына, байлығына(!), адалдығына қызығамыз. Қызыға отырып, осы қасиеттердің сізден табылуын армандаймыз!

4. Ұялы телефонды, электронды поштаны т.б. тексеру. Жо-жоқ, олай емес. Біз тек сіздердің өмірлеріңіздегі жаңалықтарды біліп отырғымыз келеді. Ал егер сіздің ұялы телефон не электронды поштаңызда әріптес не қыз достарыңыздан келген хабарлама болса, оған кім кінәлі? Өздерің емес пе? "Өшіру" функциясы жайлы ештеңе білмейсіздер ме?

5. Еркелетудің, жан аяушылықтың, нәзіктікті білдірмеудің кесірінен туатын жанжал. Өздеріңіз айтқандай, "девушки любят ушами". Сіз күнде тамақ ішіп, шай ішпейсіздер ме? Одан тамақтың қадірі кемімеген шығар. Сол сияқты бізге де сіздердің еркелету мен нәзік сөздеріңіз күнделікті қажет.

6. Берілген сыйлықтарға ренжу... Иә, әрине ең жақсы сыйлық - ілтипат. Сонда да қиялыңызды қосып, ғаламторды шарлап, неге қызды таңқалдыру әдістерін іздемеске? Ақшаңыз тапшы болса, қолдан сыйлық істеуге де болады. Өз қолдарыңызбен істелген тарту бізге гауһар тастардан да қымбат! Ой! Қызып, артық айтып жібердік-ау. Әлбетте, гауһар тастар қымбатырақ...

7. Жігіттен туған-туыстарыңыз жайлы жақсы ойда болуын талап ету. "Егер сізбен болашақта отбасы құрмақ ойы болса, керісінше туыстарыңызға жағып қалуға тырысады." Демек, әпкемді есуас десе, маған үйленетін ойы жоқ па???!!!

8. "Ұсақ-түйек" әңгіменің әсері. Біздің әңгіме ме ұсақ-түйек пе? Сәнді трендтер, сатылымдар, опа-далаптар жайлы тыңдағыңыз келмейді ме? Ал бізге футбол, балық аулау, саясат жайлы тыңдау қызық деп ойлайсыз ба? Жігіт екенсіздер, екі жаққа бірдей қызық тақырыпты өздеріңіз іздеңіздер.

9. Бөтен қыз телефон соқты. Бұл  - нағыз шектен шыққандық. Өздеріңізге айна беріп көрсетсе ғой, сол қыздармен қалай сөйлесетіндеріңізді... Күлімсіреп, дауыс өзгертіп, "Қалың қалай?", "Иә, сөйлесе аламын" дейсіздер. Біз бөтен жігітпен сөйлесейікші, біткен жеріміз сол болады. 

Жігіттерді тыңдап, олардың айтқанына құлақ түреміз деп санайық. Сонда да, қандай себеп болмасын, тіпті тырнақ сынса да, аянышпен қарап, бұл мәселені дауға апармау сіздердің қолдарыңызда.

P.S. Қызыңыз шынында осы пункттердің бәрінен жанжал шығаратын болса, одан тез арада қашуыңызға кеңес береміз!

Форумда талқылау.

Сурет misseva.ru сайтынан алынды.

1089 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 ақпан 2012, 13:00
Пікірлер
+0
22 ақпан 2012, 13:43

редакцияның қыздары керемет екен, жарайсыңдар))))))))))(бұл мақаланы жаныма оқыту керек))))))))

+0
22 ақпан 2012, 16:37

Сіздің жаныңыз бар ма?

+0
27 ақпан 2012, 01:39

жақсы екен! Жігіттер неге шындыққа тіке қарамайды осы?

+0
22 ақпан 2012, 14:03

туффффф ))))))

+0
22 ақпан 2012, 14:19

иә деймін -ау!

+0
22 ақпан 2012, 16:22

шын сүйген жанның көзінен көрініп тұрады бәрі

+0
22 ақпан 2012, 16:31

ой менің бір дос балам ғашық адамның образына кіріп алып қыздардың бәрін сындырып жүретін көзімен)))

+0
22 ақпан 2012, 16:39

Тоқалдарыммен еш уақытта ұрсысып көрмеппін!!!

+0
22 ақпан 2012, 16:48

Амеке, сен алжиын депсің! Мен не дим, домбрам не дидтің кері болдығо

+0
22 ақпан 2012, 16:50

Асеке боқ сөз айтпаңыз! Әйтпесе әкімшілік шаралар қолданады!

+0
22 ақпан 2012, 16:53

Амеке, аттандай бермеш, аузын сасық екен!

+0
22 ақпан 2012, 16:55

Аттан! Аттан! Асеке бар да менім артымдағы екі беттің ортасына Аттан!!!

+0
22 ақпан 2012, 17:01

Қажыларымыздың түрі осы болса жетіскен екенбіз

+0
22 ақпан 2012, 17:04

Қажыны мазақ қылған өзіңіз! Мен не саған қарап тұрады деп пе едің?

+0
26 ақпан 2012, 01:30

Амеке, неге сонша топассың?

+0
27 ақпан 2012, 09:39

Лемурь мырза!!! Топасты айнадан көресіз!!!

+0
05 наурыз 2012, 23:03

сізді қажы емес ұрсысу мен мұқатудың шебері деп қабылдай бастадық!

+0
16 қаңтар 2013, 17:47

Сіз шынымен Амантай қажысыз ба? хех :D мүмкін емес))) Әлде бұл жалган сайт па А?

+0
16 қаңтар 2013, 17:51

шынымен өзі

+0
16 қаңтар 2013, 17:55

Койш мүмкін емес....(әзіл)

+0
22 ақпан 2012, 16:42

Мұндағы қыздар бен жігіттердің "электронды соғысы" басталып кетіпті ғой. Біреу садақ атса, біреу бомба лақтырып...)))

+0
05 наурыз 2012, 23:04

арасында жігіттер мен қажылар да соғысып кетті)))))

+0
05 наурыз 2012, 23:04

қыздарыңыз жайымен қалды)

+0
22 ақпан 2012, 17:05

xD))))))))))))))))))))))))))))))

+0
22 ақпан 2012, 19:00

Бастары 360 градусқа айналатын жігіттеріміз-ау

+0
23 ақпан 2012, 11:26

Менікі солай айналады деп кім айтты!

+0
22 ақпан 2012, 19:44

түсінбедім, бұл жігіттердің адресіне айтылған ба?

+0
22 ақпан 2012, 19:48

Солай сияқтыю Не істейміз?

+0
29 ақпан 2012, 15:16

да конечно)))

+0
22 ақпан 2012, 19:50

бір әдемі жауап беру керек сияқты жігіттер)

+0
23 ақпан 2012, 13:34

жауап берейік жігіттер.

+0
29 ақпан 2012, 15:16

жауаптарынды күтеміз)))) да кыздар?

+0
23 ақпан 2012, 11:24

сонда да жігіттерді түсіну қиын екен................

+0
23 ақпан 2012, 11:46

Керісінше қыздарды түсәну өте қиын! Оңға бұрыл десең, прямо кете береді?

+0
05 наурыз 2012, 23:07

қыздарды түсініп керегі жоқ, сүйсе болды, ал жігіттерді керісінше - сүймесеңде түсіну міндетті!

+0
05 наурыз 2012, 23:08

қыздарды түсінуге тырыспай-ақ та қойыңыздар! Бәрібір түсіне алмайсыздааааар!

+0
05 наурыз 2012, 23:20

ех, қыздар, шашты ағартып болдыңдар ғо))))

+0
05 наурыз 2012, 23:23

оооооййййй) кім кімнің шашын ағартқанын бірінші анықтау қажет)

+0
05 наурыз 2012, 23:27

бір консенсусқа келейік, бір-біріміздің шашымызды ағартпай, одан да күлкімізбен өмірімізді ұзартайық!

+0
05 наурыз 2012, 23:28

келісуге болады) тем более скоро 8 март болады) МИР :)

+0
23 ақпан 2012, 12:44

Екі жақтан да болады не болса да, ата!

+0
23 ақпан 2012, 12:51

Өөөй! сен білесің ба? Әлде талай қыздар мен тоқалдарды көрген мен білемін ба?

+0
23 ақпан 2012, 12:54

Бес саусақ бірдей емес, қанша көреген болсаңызда

+0
23 ақпан 2012, 12:59

өөй! Сен де бір сарышаян секілді шағады екенсіз!

+0
23 ақпан 2012, 13:43

Расында жұлдызым сарышаян, ата)))

+0
23 ақпан 2012, 22:12

Сіздің толып жатқан тоқалдарыңызбен де пікір алмасып көру керек еді )))))

-1
24 ақпан 2012, 08:32

Жас тоқалдарымның арқасында компьютерді шемішкедей шағатын болдық қой! Не дейін?.......

+0
23 ақпан 2012, 23:48

сұмдық-ай)))))

+0
25 ақпан 2012, 00:46

мына киси шынымен сол ма екен АТТАН да айтам

+0
27 ақпан 2012, 09:41

Мені тексерейін деп пе едің? әлде менікін тексерейін деп пе едің?

+0
05 наурыз 2012, 23:10

ол кісі емес шығар))) сол тоқалдарды түсінде ғана көретін бір еріккен біреу болар)

+0
27 ақпан 2012, 18:49

мына сен шынымен сол болсаң ..сіз де бір кезде ел басқармақ болдыңыз ау... АЛЛА бізді бір нәубеттен сақтаған екен не де болса

+0
28 ақпан 2012, 11:22

Ел басқарсам қазіргі қазақ қыздарын тәртіпке салатын едім!!!

+0
05 наурыз 2012, 23:09

қалай? шетінен тоқалдыққа алып па?!

+0
28 ақпан 2012, 13:35

иә, бұл сөздер қыздардың тарапынан жазылып отырса, "жаным"-деп жігіттерді айтқаны ғой. Әдетте, "жаным"-деп жігіттер айтушы еді. Мұндағы қыздардың айтқаны ұятты болыпты... Жә, жә ... жарар, айтпағым бұл емес еді.
Бұл постты оқи отырып, мен жігіттердің емес, қыздың топастығын көріп отырғандаймын. Әрине, жазған адам, қыздарды қорғаштап, өз істеріне ақталу мақсатында жазған. Алайда, сөздері әлсін, өздерінің даналығынан гөрі топастығын көрсетіп тұр. Сонда да, барлық сөздері әлсіз деп айта алмаймын, келісетінде жерлерім бар (мысалы ретінде, 5 пункт). Қыздар-ау, жорыққа шығарда саймандарыңды түгендеп алыңдар (бұл менің сіздерге берер кеңесім), әйтпесе, өздеріңізді топас қылып көрсетерсіңдер.

+0
29 ақпан 2012, 20:45

қыздарға абзалы үндемеген))

+0
16 қаңтар 2013, 17:43

неге? Қыздар неге үндемеу керек? Өзінікі дұрыс болса, егерде. Рас, ұрысуға сылтау іздейтін қыздар бар.Осындай қызбен жүрген жігіттің кінәсі.(әзіл)Әдетте, жігіттер бар мінезді, жүрген қызына көңіл бөлмейтін, жалған намысты.Қыздар кешіксе де, аяулықты сезінгісі келсе де барлығын жігіт қауымынан (көңілінен) шықсам жасайды.Бұған кім кінәлі сонда?

+0
05 наурыз 2012, 22:11

Амантай ата қазақ қыздарынын кайсы бірін ұстап тәртіпке салмақшысыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...