Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қызым, саған айтамын...

Қызым, саған айтамын...

Қызым, саған айтамын...

"Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда" дейді үлкендер. Сөйтеді де, шамалары келгенше қыздарға қырық үйден тыйым жасап жатады. Біз мұнда көпті көріп, көп жасаған жасы үлкендер тарапынан  әйел адамдарға айтылатын кеңестерді ұсынғалы отырмыз. Тек "айтқан екен" деп қана қоя салмаңыз, кедергісі жоқ кеңестерді керегіңізге жаратыңыз!

  • Өзіңнің әйел болып туғаның үшін қуануың керек. Өйткені сенің қырық жаның бар! Бірақ жолыңның жіңішкелігін де ұмытпағайсың!

  • Жиі айналысатын сүйікті ісіңді арттыра түс. Сонда ғана өзгенің өміріне қол сұғуды доғарасың.
  • Егер күтпеген кездесуде әдемі болып көрінгің келсе, үнемі әдемі болып жүруің керек. Тіпті қолыңда қоқыс жәшігі болса да... Әдетке айналған нәрсе тағдырмен астасады. 
  • Қолыңа ине алып, өзіңе жарасымды киім тігіп киіп ал. Сырт көз  "Оның шебер тігіншісі бар" немесе "Ол қымбат жерден киінеді" деп айтсын.
  • Ақша таба білмесең де, тауып берген ақшаны тиімді жұмсауды үйрен!
  • Бағыңды бес елі ететін бала тәрбиеле!
  • Әлеуметтік жағдайың жақсы болмаса да, киім гардеробыңда тым болмаса, бір тон мен екі жұп аяқ киімі болуы керек.
  • Өз үйіңде қалауыңша тоныңды тазалай бер: жу, сүрт, шаңын қақ. Тек мұны өзгенің үйіне барғанда жасаудан аулақ бол! Жай ғана шеш те, іліп қой. Оның қымбат екенін үй иесі сен айтпай-ақ, табалдырық аттағаныңнан-ақ біліп алған. 
  • Барар жерге ерлер дәл уақытында баруы керек. Тек сен 10 минутқа болса да кешігуіңе болады. Бірақ 10 минутың 45 минутқа созылып кетпесін. Ондай кезде кешірім сұрауды ұмытпа.
  • Өзіңе ұнайтын жаннан бас тартуға асықпа. Ерлердің айналасы - толған сұлу әйелдер.

  • Еріңнің жанында тек оған ұнайтын қылықты ғана жаса. 
  • Көз жасын көлдету - әйел адамдардың басты қаруы. Тек бұл қаруды үнемі пайдалана берме.
  • Егер нақты сұраққа жауап бергің келмесе, жай ғана жымия сал! 

  • Өрбіп жатқан әңгімеден түк те хабарың болмаса, ауызға құм құйып отыра берсең, ұтасың!
  • Өз қадіріңді біл! Тек оны атап айтпай-ақ қой!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: facebook.com

6614 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 17 қаңтар 2013, 10:41
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2013, 10:19

"Жиі айналысатын сүйікті ісіңді арттыра түс. Сонда ғана өзгенің өміріне қол сұғуды доғарасың". Жөн сөз.

+0
17 қаңтар 2013, 10:21

ауызға құм құйып отыра берсең, ұтасың! :!: :!: :!:

+0
17 қаңтар 2013, 10:24

Қызыма қарап мұңданам, үйіріліп келіп бір соқса бір боран деп Мұқали ағамыз айтқан ғой

+0
17 қаңтар 2013, 10:32

Мен жиііі жымия салам :-)

+0
17 қаңтар 2013, 11:04

"Қолыңа ине алып, өзіңе жарасымды киім тігіп киіп ал. Сырт көз "Оның шебер тігіншісі бар" немесе "Ол қымбат жерден киінеді" деп айтсын." Біреу үшін емес өзің үшін тігіп алсақ болмай ма? :)

+0
17 қаңтар 2013, 12:20

Бағыңды бес елі ететін бала тәрбиеле! кееремет жазылған!!! ;)

+0
17 қаңтар 2013, 12:30

керемет жазыл5ан екен Егер күтпеген кездесуде әдемі болып көрінгің келсе, үнемі әдемі болып жүруің керек. Тіпті қолыңда қоқыс жәшігі болса да... :!:

+0
17 қаңтар 2013, 14:27

кеңестеріңіз керемет екен, маған өте қатты үнады... :)

+0
17 қаңтар 2013, 16:51

Керек кеңестер екен, рахмет сіздерге!

+0
17 қаңтар 2013, 21:07

керек дерек ;)

+0
17 қаңтар 2013, 22:21

Жаксы айтылган,косылам :idea:

+0
21 қаңтар 2013, 09:39

Өз қадіріңді біл! -en bastysy)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...