Махаббаттағы қоштасу хаттары

Махаббаттағы қоштасу хаттары

Үнемі ұнатқан адамға қалай көңіліңді білдіру, қалай хат жазу, қалай гүл сыйлау, т.б. "әдіс-тәсілдер" туралы жазып жатамыз. Бір де болсын қоштасу хатын жазып көрелік. Бұл да бір қызықты тақырып, бұл да бір әдеби ағымға айналып кетті-ау деймін. Қалай да сынап көрелік. 

Ең әдеттегі қоштасу хаты. Болашағыңа кедергі болғым келмейді. Менен де жақсы біреуді табарсың. Сені де, өзімді де алдағым келмейді. Мені кешір! Саған бақыт тілеймін.

Ең көне әдеби түс алған қоштасу хаты. Мен саған бір ғұмыр сені сүйетінімді айтқанмын. Дәл қазір де солай. Бірақ, сенімен бірге болсам, көңілім алаңдаумен өтеді. Мүмкін сені терең сүйгендігімнен шығар. Сүйген адамыңмен бірге бола тұрып қуанышқа бөлене алмау қандай азап деші?! Мен дәл қазір сондай көңіл-күйдемін. Махаббатты үйлену деп ойламаймын. Сол үшін де сенің шынайы бақытқа қол жеткізуіңе тілектеспін.

Ең жаңа әдеби түс алған қоштасу хаты. Өмірде қашан да бір қоштасу болатыны шындық. Мен тек бұл сөзді саған осыдан он жыл бұрын айтып тұр деп білгейсің.

Жауапкершіліксіз қоштасу хаты. Бірнеше күн бұрын бақсыға барып ем, болашақта сенімен бірге бола алмайтынымды айтты. Алдағы күндерде босқа уақытты ысырап еткім келмейді. Қоштасайық.

Жаңа заманның қоштасу хаты. Екеуміз бір ойын ойнайық. Бір, екі, үш деп санаған соң, қарама-қарсы екі бағытқа қарай жүреміз. Артымызға әсте қарауға болмайды. Егер нәсіп етсе, қанша алыс болсақ та табысамыз. Егер үш сағат ішінде кездесе алмасақ, бізге кездесу нәсіп болмағаны. Ол кезде біз қоштасамыз...

Қайсарлықпен айтылған қоштасу хаты. Бұрын сенімен қоштасу үшін бір өмір төзім керек деп ойлаушы ем. Қазір сенімен бірге бір өмір сүру үшін одан да бетер төзім керек екен.

Сүйіспеншіліксіз қоштасу хаты. Мені сүйетініңді білем. Менің де сені сүюімді тілейсің. Бірақ қолымнан келмеді. Сенің махаббатың мен үшін ауыртпашылық. Мені қинамай өз жолыма жіберші.

Ең опасыз қоштасу хаты. Мен саған жұлдыздарға құмартқандай құмармын. Бірақ, сүймеймін. Өзің ойлап көр. Жұлдыздың менімен бірге болуы мүмкін бе?!

Ең «әсерлі» қоштасу хаты. Біздің үйдегі күшік сені онша ұнатпайды. Сенің үйіңдегі мысық та мені көрсе, қаша жөнеледі. Бұдан артық не айта алам. Бұл сөзімді түбі бір түсінетін боласың.

Қайғылы қоштасу хаты. Мен душар болған дертке ем жоғын білесің. Санаулы ғана күндерім қалды...

Түсініксіз қоштасу хаты. Сенсіз күндерге де көне аламын. Өйткені біреуді жақсы көру әдет емес қой. Сен болмасаң да өз салтым күйінде жасай аламын. Өйткені мен ежелден сенімен өмір сүріп әдеттенбегем. 

Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек