Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Бұл өмір неше формалы?

Бұл өмір неше формалы?

Бұл өмір неше формалы?

Кез келгеннің басынан өтіп жатқан жағдай бұрын сізде де болған, не ертең болады. Біреу басына түскенін айта бастаса, "Менде де сондай болған" деп бірден қоштап кетеміз. Жақынынан айырылған жан қара жамылып отыр. Әлемнің әр жерінде бір сағатта неше адам туылып, неше адам өмірдің есігін сыртынан жауып жатыр. Демек, бәрімізден айналып өтпейтін бұл жайт - өмірдің басты формасы.

Дүние жүзінде бір сағаттың өзінде неше ерлі-зайыпты ажырасу үшін арыз беріп, неше жұп неке куәлігіне қол қойып жатыр десеңізші. Бұл өмірдің тағы бір формасы. Ол тек бір адамның, не мың адамның ғана басынан өтіп жатқан жоқ.

Әлемде бір күннің ішінде қанша адамның қызметі өсіп, қаншасы жылы орнын босатып жатыр десеңізші. Формалардың қатарына мұны да қосып қойыңыз.

Ал махаббатқа байланысты ше? Мұнда да аз ғана форма бар.

"Сен мені, мен оны, ол басқаны..." Артық сөздің қажеті жоқ! Өзі-ақ әлемдегі махаббаттың формалар санын дәл айтып тұр.

Қандай ұлт пен ұлыс болсын, қандай нәсіл мен сенім болсын, қандай жас пен жыныс болсын, бәрінде – бір өмір.

Біз кешіп жатқан өмірді мұхиттың арғы жағындағылар да, таудың арғы шеті мен бергі шеті де сүріп жатыр.

Біз көріп жүрген қиындықты қытай да, ағылшын да көріп жатыр.

Біздің басымызға бұйырған бақыт өзге дінді ұстанушының да басына бітеді.

Өмірдің көктемінде жүрген жас адамның қуанышын тағдырдың тайғақ қысында жүрген қарт көрмейді деп кім айтты?

Әйел адамның жанарынан жас жауғызған жайт ер адамның көзіне жас тұндырмайды деп кім айтты?

Бір елде қырқыс болып жатыр. Бұрын тағы қай елде болып еді? Сонша бас қатыратын сұрақ емес. Тарихында тартысы болмаған бүтін ел жоқ шығар, сірә.

Бір адамның басынан өткен жағдай басқа адамда қайталанбауы мүмкін емес. Өйткені өмірдің формалары үнемі қайталанып келіп отырады. Араға уақыт салып болса да, қайталанып жатқан дүние...

Шартарапқа көз сала отырып, түйеміз: Осы өмірдің неше формасы бар екен? 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: statusycitaty.ru

491 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 24 қараша 2012, 10:02
Пікірлер
+0
24 қараша 2012, 12:37

«Сен мені, мен оны, ол басқаны»...

+0
25 қараша 2012, 01:52

«Сен мені, мен оны, ол басқаны»... Бұл сөзді "Ол көктем оралмайды" деген қойылымнан естідің бе? Мен айтып едім осы сөзді :)

+0
04 қаңтар 2013, 18:44

.біреуге күлгенде, қолдан келе тұра көмектеспегенде- кейін өз басымызға түскенде өмірдің неше формалы екеніне көз жетер, қалай дегенменде Адамның күні адаммен... »

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...