Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Үйдегі жұмысты жоспарлау

Үйдегі жұмысты жоспарлау

Үйдегі жұмысты жоспарлау

Егер сіз жұмысыңызды кеңседе емес, үйіңізде жасасаңыз, өз күніңізді алдын ала жоспарлау сіз үшін өте маңызды. Үйдегі тірліктер жұмысыңыздың нәтижелі болуына кедергі жасамасын десеңіз, белгілі бір ережелер ұстанған жөн.

  • Күнделікті бір уақытта ояныңыз.  Үйдегі жұмыс та жұмыс, сондықтан оны орындаудан кеш қалмаңыз. Ол үшін күнделікті белгілі бір уақытта оянып, бір уақытта жұмысқа кірісе бастаңыз.
  • Киім ауыстырыңыз. Халат немесе басқа да үйдегі киім жұмысқа емес, ұйқы мен теледидар қарауға итермелейді. Өзіңізге ыңғайлы, бірақ басқа киім киіңіз. Осылайша іске деген көзқарасыңыз да өзгереді.
  • Теледидарды мүлдем қоспаңыз. Әрине жұмыспен қатар сериал мен тв-шоуларды тамашалауға болады. Бірақ олар қайта-қайта көңіліңізді аударып, тиянақты жұмыс істеуге бөгет жасайды. 
  • Спортпен шұғылданыңыз. Егер жұмыс күніңіз үйде өтетін болса, спортпен шұғылдануға далаға не спорт залына барған дұрыс. Осылайша біраз сергіп, күш-қуат жинайсыз.
  • Пайдалы істермен айналысыңыз. Үйдегі жұмыстың кеңседегіден артықшылығы: жұмыспен қатар пайдалы істерді тындыра аласыз. Мысалы шашыңызға маска жасап немесе түскі асқа пайдалы, дәмді ас даярлаңыз. 
  • Ыңғайлы жайғасыңыз. Ұйықтап тұрған төсегіңізге ноутбукты алып, не ас үйде тамақ ішіп отырып жұмыс жасаған қате. Ыңғайлы үстел мен орындыққа жайғасқан жөн. 

  • Өз-өзіңізбен сөйлесіңіз. Жұмыс барысында өзіңізге сұрақтар қойып, жауаптарын іздеңіз. Жемісті жұмыс үшін өзіңізді мақтап, қателіктер үшін ұрысыңыз. Осылайша жоқ әріптестердің қызметін өзіңіз атқарып, ми жұмысына да көмектесесіз.
  • Үй шаруаларына белгілі бір уақытты бөліңіз. Үй жинау, тамақ даярлау сияқты жұмыстарға нақты бір уақытты арнап, сол кестеңізге сәйкес жүріңіз. 
  • Дем алуға да бөлек уақыт арнаңыз. Тәтті бәлішпен шәй ішуге не құрбыңызға қоңырау шалуға белгілі бір уақытты белгілеп, оны жақсы жұмысқа сый деп күтіңіз.
  • Онлайн болыңыз. Әріптестеріңіз, басшылығыңызбен ылғи байланыста болыңыз. Жұмысты тастап ұйықтап кетпеудің жақсы амалдарының бірі осы. Басқалардың жұмыс жасап жатқанын сезінгендік өзіңізге де ерініп кетпеуге көмектеседі.
  • Үстеліңізді жинастырып тұрыңыз. Әрине сіздің жұмыс үстеліңізді ешкім көрмейді, тексермейді де. Алайда жемісті жұмыс жасау үшін, күнделікті жұмыстан кейін жұмыс орныңызды жинастырып тұрыңыз.
  • Күніңізді дұрыс бастаңыз. Жұмыс күнінің басын алдын ала ойластырып қойыңыз. Дайындық жұмыстарын, жеңіл тапсырмалармен күнді бастап, миды жаттықтырып, кейін қиын тапсырмаларға кірісіңіз.
  • Блокнот арнаңыз. Оған орындауға қажетті тапсырмалар мен шұғыл шаруаларды жазып отырыңыз. Бастысы - үй мен жұмыстың шаруаларын араластырмау. 

Ал сіз үйде жұмыс жасайсыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: beest-site.com

1423 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 18:43
Тегтер: жұмыс, үй, мансап,
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 22:33

еее, жоспарлауға да уақыт болмай кетеді ғой. шынын айтқанда бекершіліктен уақыт жоқ бізде.

+0
19 қараша 2012, 22:42

мен алдын ала жоспарлап алам бәрін, а то ештемеге үлгермеймін

+0
20 қараша 2012, 09:15

аздап осы жоспарға сәйкес өмір сүремін)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...