Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Идеал адам бар ма?

Идеал адам бар ма?

Идеал адам бар ма?

Сұрақ. Жігіт пен қыздың қарым-қатынасында келіспеушіліктің орын алмауы мүмкін нәрсе ме?

Бүгін осы тақырып аясында массагеттіктермен әңгіме-дүкен құрып көрелік.

Сонымен, бір тудың астына бірікпес бұрын екі тараптың да өз өмірлері болды. Өз әлемдері болды. Екі түрлі ортада тәрбие көрді. Сол көрген-білгендерінің арқасында әркім өз дүниетанымын қалыптастырып, өз көзқарасын дамытты. Яғни екеуінің де өмірді қабылдауы, сезінуі екі түрлі қалыптасты.

Осындай екі параллель өмірде тірлік қылған қос жанның бір тудың астына бірігуі әлбетте нанға сары май жаққандай оңай бола салмайды. Процестің жанама әсерлері міндетті түрде болады. Бұл құдды зауыттан жаңа шыққан мәшине секілді. Оның әбден төселіп, жақсы жүріп кетуі үшін біршама уақыт керек. Сол уақыттың ішінде машинаның детальдары бір-біріне үйкеліп, ысылып киіліп, отырады. Жігіт пен қыз арасындағы одақ та дәл осылай деп ойлаймыз.

Ары қарай, қарым-қатынастың бас кезінде көп орын алатын проблемаларға тоқталып көрелік.

1. Екі жақтың да өмірді қабылдауы екі түрлі. Осының себебінен арада ренжісу көп болады. Мәселен бір тарап өз ісінен ешқандай олқылық, жөнсіздік көрмейді. Өзінің істеп отырған ісіне жеңіл қарап, өте ұсақ нәрсе ретінде баға беруі мүмкін. Есесіне ол ұсақ нәрсе екінші тарап үшін өте үлкен маңызға ие болуы ғажап емес. Мәселен қыздың жігітке ескертпей қыдырып кетуі нәтижесінде біраз кикілжіңдер орын алуы мүмкін.

2. Сыңарынан өзі тектес адам жасауға ұмтылу. Шындығында ешкімге өзі тектес адам жақпайды. Өмірдің өзі сол әрқилылығымен қызық емес пе? Көп жұп осы жерден қателеседі деп ойлаймын. Сыңарын қолдан өзгертіп, соңында өзі жасап шығарған дүниесінен жиреніп, ат тонын ала қашады. Немесе оған деген көңілі суып қала береді.

3. Өзін өзгенің орнына қоя алмау. Көп мәселе өзіміздің тарапымыздан өте дұрыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ әркімнің өз шындығы, өз сезімі, өз қабылдауы бар екендігін ұмытпауымыз керек. Сондықтан арадағы орын алған кикілжіңдерді шешудің, шешпестен бұрын оның пайда болуы технологиясын түсінудің ең оңай жолы өзіңді өзгенің орнына қойып көру.

4. Жалпы болмыстың сәйкессіздігі. Бұл жердегі әңгіме темперамент, сонымен қатар, ой ойлау жүйесі туралы. Бұл жағдайда мәмілеге келу өте қиын. Дұрысы өзіңізге сәйкес емес адаммен қарым-қатынасты мүлде бастамау. Бұлайша өзіңізді өмір-бақи проблемаға байлап беруіңіз мүмкін.

P.S. Бірақ адамдардың бір-біріне сай, құйып қойғандай болып сәйкес келуі мүмкін еместігін ұмытпау керек деп ойлаймыз. Одақтың нығайып, берік бола түсуі үшін уақыттың, сонымен қатар, еңбектің керектігін есіңізден шығармаңыз. Идеал адам аспаннан түсе қоймайды.

Осы орайда ата-бабамыздың: "Ет ыстықтан піспейді, бір-біріне үйкелу арқылы піседі" деген асыл сөзі қалған.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mail.ru

4424 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 19 қараша 2012, 19:12
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 22:47

Тамаша жазылған психологиялық зерттеу материалы. Мұндай кеңесті сізге психологтар да бере қоймас, сірә!

+0
20 қараша 2012, 09:14

"Ет ыстықтан піспейді, бір-біріне үйкелу арқылы піседі" :lol:

+0
20 қараша 2012, 09:44

Ия, ойланып қалдым... :?

+0
20 қараша 2012, 11:38

мен басқаны түсінуді бірінші орынға қойып, өз қалауымды ысырып тастайды екем, сондықтан өзіңді де ұмытпаған жөн...

+0
20 қараша 2012, 11:42

идеал адам жоқ!

+0
20 қараша 2012, 13:57

ал мен озимди биринши орынга койган екенмин(((((((( :oops: :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...