Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Таңдаған тазға жолықпайтын сияқты...

Таңдаған тазға жолықпайтын сияқты...

Таңдаған тазға жолықпайтын сияқты...

Әңгімені әңгімеден бастайын.

Бірінші курста жүргенде не бүлдірсек екен деп, көшеде қызық іздеп жүретін кездеріміздің көп болғандығын айттым. Осылайша не тындырарымызды білмей жүрген кезіміз болатын. Неге дейсіз бе? 17-ге келгенше еркіндік дегенді көрмек түгілі естімеген, сөйтіп жүргенде ойда-жоқта басқа азаттық түсе қалған студенттен не сұрайсыздар? Алматыға алғаш келуіміз. Енді қызық іздемейміз бе?

Сонымен әңгімеме оралайын. Қасымдағы Нұрбек деген досым әрі жерлесім агенттен бір қызбен танысып, кездесіп, көрісетін болып келісіпті. "Ереке, кеттік, қызбен танысамыз. КазГУ жаққа барып қайтайық", - деді. Әлбетте мен келістім.

Жаяу бардық. Ақша жоймаудың амалы ғой. Әңгіме айтып келе жаттық. Мен досыма қарап: "Былай етейік. Сен бұл қызды бұрын көрмеген екенсің. Не де болса, осы қызды қолға алып, көңілін аулап өзіңе қарат. Қарата алсаң күндегі тамақты мен пісіріп жүрейін, қарата алмасаң, сен солай етерсің. Бір апта уақыт берем", - дедім. Келісті... Ойлап келе жатырмын "бір қызыққа кенелетін болдық-ау" деп мәз болып.

Ескерткіштің жанында кездесетін болып келісіпті, пәтшағар. Солай қарай аяңдадық. Анау маған қарап қойып күліп келе жатыр. Бір ойлағаны бар сияқты. Ана қыздың қасына келген бойда: "Мынау сен сөйлескен Нұрбек, менің атым Еркебұлан", - демесі бар ма. Беті бүлк етпей әңгімені жіберіп жатыр. Алыстан айдап келді де: "Жақсы жігіттер мен қыздар, сендерді оңаша қалдырайын", - деп тайып тұрды. Күлкісін әрең басып бара жатқанын естідім тек.

Ақыры не керек, сол бір қызды былай да былай қыдыртып, әбден шашылуға тура келді. Себебі, біз бірінші курста қызбен болған кездесу міндетті түрде осылай болуы керек деп ойлайтынбыз. Оның үстіне ұялшақ едік ол кезде. Содан бар жігерімді жиып сұлуды жақын маңдағы кафеге апарып көңілін аулаған болдым. Дегенмен әңгімеміз жараспады. Маған сай келмейтін адам екендігін сездім. Көптен күткен 23.00-ге таяғанда сұхбаттасымды жатақханасына апарып тастадым.

Үйге келсем анау "бақытты". Кетіп бара жатқандағы менің сұп-сұр болған түрімді жігіттерге айтып беріп, мәз болысып жатыр екен. Мәз болғанын қайтейін, екі ай бойы үй шаруасын істеп шықты.

Бұдан шығатын мораль мынау. Қызды әлбетте таңдау керек.

Бірақ шын жақыныңызды тауып, көңіліңіз көншіген кезде айналаңызға жалақтамай, барыңызға шүкірлік етіп, риза бола біліңіз. "Таңдаған тазға жолығады" деген мақалдың да шын мағынасы осы болса керек.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: uh.ru

6139 8
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 15 қараша 2012, 18:20
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 19:50

әсерлі екен, рахаттанып оқып шықтым! "Таңдаған тазға жолығады" дегенді күніге естіп жүрсек те, әлі қоймайымыз-ау осы)))

+0
16 қараша 2012, 01:55

менің пікірім қайда кеткен,е?! :? 2рет жаздым,2 де жоқ!

+0
16 қараша 2012, 01:56

ol: :lol: :lol: мына оқиғаң қызық екен. Жүрген жерің "картошка" сияқты. Соңғы сөзің дұрыс екен

+0
16 қараша 2012, 08:51

:lol: :lol: :lol:

+0
16 қараша 2012, 09:21

күштііі :D

+0
16 қараша 2012, 09:24

Мәз болғанын қайтейін, екі ай бойы үй шаруасын істеп шықты. :lol: :lol: :lol:

+0
16 қараша 2012, 12:30

ха ха қызық екен :)

+0
24 қараша 2012, 13:40

Бұндай қызық бізде де талай болған!! Ол қызға үйлендің бе? :geek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...