Талант иесінің дүниеге келуі – сенімнің күші

Талант иесінің дүниеге келуі – сенімнің күші

Екі оқиға екі елде, екі бөлек аспанның көкжиегіне телміріп, арман қуған жастардың ортасында туған. Сенім қуатының күшінде әрқашан зор жеңіс пен табыстың жасырынып жататындығын адамдар санасына сіңіру үшін дүниеге келген.

***

Медбикелерді дайындайтын колледждің профессоры колледж студенттерінен аяқ астынан емтихан алатын болды. Емтихан сұрақтарының ең соңғы сауалы: «Әр күні колледж ауласын сыпырып тазалайтын әйелдің аты кім?»

Студенттердің бәрі бір-біріне қарасып, таң қалысты. Ешкім де білмейді.

Олар колледж ауласын тазалайтын әйелді күнде көріп жүрсе де, оның атын ешкім де сұрап, біліп көрмеген. Сабақ бітті. Студенттер профессордан: «Ең соңғы сауалға балл қоясыз ба?» деп сұрады.

Профессор: «Әрине. Сендердің кәсіби біліктіліктерің қанша мықты болса да, осы мамандық бойынша жұмыс істеу барысында көптеген адамдармен кездесесіңдер. Ол адамдардың барлығы сендер үшін маңызды. Олардың барлығы сендердің назар аударып, байыптап қарауларыңа татиды. Тым болмағанда, олардың жүзіне қарап күлімсіреңдер» деп кеңес айтыпты.

***

АҚШ-тағы бір ғылыми зерттеу орталығы талант иесін, оның болашақта зор табысқа жетіп, бүкіл қоғамның назарында болатын жанға айналатындығын жазбай танитын құрылғы ойлап тапқандарын жариялады. Олар сол аудандағы мектептің бүкіл 5 сынып оқушыларына тәжірибе жүргізді. Бір аптадан кейін бес оқушының аты-жөнін жариялады.

«Ұстараның жүзіндей аударылған дүние-ай» десеңші. Көзді ашып-жұмғанша 20 жыл өтті. Сол кездегі бес оқушы жиырма жылдан кейінгі іздеуден кейін шынымен де әр саланың «дөкейлері» болып қалыптасып үлгергендігі мәлім болды. Бұл оқиға бүкіл БАҚ-тың, білім саласындағы ресми органдардың назарын аударды. Журналистер қаумалаған мінберде әлгі ғылыми орталықтың жетекшісі көпшілікке күлімсірей қарап:

– Сонау жылдардағы сынақ парақшалары, яғни оқушылардың аты-жөндері жазылған парақшалар мына сандықтың ішінде жатыр. Шындығында біз тек қолымызға ілінген бес оқушының аттарын жай ғана жарияладық. Бүгінгі нәтиже біздің сынағымыздың дұрыстығын емес, сол жылдары аттары жарияланған бес оқушының осы оқиғадан зор шабыт пен сенімге ие болғанын, ата-аналарының, оқытушыларының және бүкіл қоғамның оларға дем беруінің арқасында олар бүгінгі табысқа жетіп, шынайы талант иесіне, табысқа жеткен адамға айналғанын көріп отырмыз.

Бұл – сенімнің күші. Егер өзіңізге сеніміңізден айырылсаңыз, «мұндай жұмыс менің қолымнан келмейді» деген қөзқараста болсаңыз, өз талантыңызды өзіңіз тұсаулаған боласыз. Сондықтан, шабыттандыру мен сенімнің күшіне бей-жай қарамаған жөн. Біреудің бір ауыз сөзі екінші біреудің бүкіл тағдырын өзгертуі әбден мүмкін ғой.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Суерт: icreative.cn

M. Auelkhan