Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әке ақылының көкжиегі

Әке ақылының көкжиегі

Әке ақылының көкжиегі

ХХ ғасырдың соңын ала АҚШ-та өмір сүріп жатқан әкенің ЖОО-ға аттанып бара жатқан ұлына айтқан 511 ақылы сол кездегі дүниенің түкпір-түкпіріндегі ата-аналар мен жастар арасында зор дүмпу туғызған болатын.

Сол әкенің 511 сөзі кейін Германияда шығатын «Бояулар» атты журналда басылған. Қазақ оқырманына ықшамдалған нұсқасын ұсынып отырмыз.

  1. Экономикалық әл-ауқат жар беріп тұрса да, ең арзан көлік алып, жайлы да қарапайым үйде тұру керек.
  2. Досыңнан безбе.
  3. Қалыңдық іздегенде өте абай бол, себебі, ол сенің былайғы өміріңнің бақытты болу-болмауында 90 пайыз рөл атқарады.
  4. Күніне 30 минут уақыт серуенде.
  5. Досыңа құпияңды айтудан бұрын қабырғаңмен кеңес.
  6. Қашан да шығын шығармайтын, зиян тартпайтындардан сақ бол.
  7. Балаң әділдікті, мінсіздікті ойлағанда өзіңді, яғни әкесін есіне алатын болсын.
  8. Өмірдегі шынайылықты, ізгілікті, әсемдікті байқай біл, оны жан-жүрегіңмен сезініп, тебірене біл.
  9. Өзіңе және өзгеге кешірімді бол.

 

"Әке асқар тау"

  1. Бір жылда бір классикалық шығарма оқып тұр.
  2. Шұғыл құтқарудан сауатың болсын.
  3. Біреу сені құшақтағанда, оның (әсіресе әйел адамның) қолын әркез мүлде өзің босатып жіберме, ол өзі босатсын.
  4. Күніне 6 стақан су іш.
  5. Өзіңді жақтайтындар, жақсы көретіндер тұрғысынан ой жүгірте біл.
  6. Қат-қабат қиыншылық кездессе де, ебін тауып отбасыңмен, үй-ішіңмен демалысыңды бірге өткізетін бол. Уақыттың өтуімен осындай басқосулар таптырмас асылыңа айналады.
  7. Сыртқа (шетелге, тауға) саяхаттап шығарда сумкаңа аты-жөнің, телефон номерің және ең жақын досыңның аты-жөні, телефон номері жазылған парақшаны салып жүр.
  8. Табысқа жеткен соң, міндетті түрде, өзіңді салмақтырақ ұстап, көңіліңнің орныққан-орнықпағанын, деніңнің сау-сау еместігін және жаныңның ынтызарлыққа толы-толы еместігін байқайтын бол. Өзіңнен шығып өзіңе қара.
  9. Әр жылы көктем сайын бір түп ағаш егіп тұр.
  10. Ата-анаңды, қайын жұртыңды, әйеліңді немесе балаларыңды жазғырғанда, ұрысқанда ұстамдылық жаса. Қайта бір ойланып қара.

 

Әрқашан рухың сергек болсын

  1. Күндердің бірінде өткен істерді еске түсіргенде, өкінетін жақтарыңды сезінген мезетте, оған батылдықпен мәміле жасай біл.
  2. Өз көзіңмен көргенде ғана болмаса, беталды сын айтушы болма.
  3. Бір ауыз ыстық лебіз, жақсы сөздің немесе кішкентай бір игілікті істің рөлін әрқашан төмен мөлшерлеуші болма.
  4. Өзгелерге жақсы сөз, мақтау лепес айтқанда, оны балаларың да еститін болсын.
  5. Бақыт – байлыққа, лауазымға және келбетке емес, қайта айналаңдағы адамдармен дәмдес болуыңа байланысты.
  6. Алғаш бет көрісіп отырғанда ырықтылықпен қол ұсынып, өз аты-жөніңді айтып ұғындыратын бол. Қарсы жағың өзіңді есіне берік сақтауына мүмкіндік тудыра біл.
  7. Жатын орныңның басында қойын дәптерің мен қаламың тұратын болсын. Жақсы ой-пікір көбінде таңғы сағат 3:00-де туады.
  8. Туған күндерде міндетті түрде жақсы тілек айтатын бол. 

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

1426 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 13 қараша 2012, 17:17
Пікірлер
+0
13 қараша 2012, 16:41

Өзіңнен шығып өзіңе қара. :roll:

+0
13 қараша 2012, 17:30

жақсы жолдма

+0
13 қараша 2012, 21:38

мына ақылдың біразын менің әкем айтып еді...

+0
14 қараша 2012, 09:04

мықты ақылдар екен

+0
14 қараша 2012, 11:21

негізі көп әке ақыл сөзбен емес іспен көрсетіп үйреніп қалған

+0
14 қараша 2012, 11:37

Осыны қанша оқысаң да, есіңде қалмайды екен.

+0
15 қараша 2012, 13:43

Жатын орныңның басында қойын дәптерің мен қаламың тұратын болсын. Жақсы ой-пікір көбінде таңғы сағат 3:00-де туады. Расымен осылай болып тұрады кейде..)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...