Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қайта жаңғырған махаббат

Қайта жаңғырған махаббат

Қайта жаңғырған махаббат

Бұл әңгімені белгілі бір қазақ тілді сайттан (есімде жоқ) Нұрқанат Нұрдәулетұлының жазбасы арқылы оқығанмын. Кейін бұл туралы бейнебаянды көріп, әсерленгенім бар. Оқырманмен бөлісуді жөн көрдім. Әке деген ардақтыға құрметіміз арта берсін! Әкелерімізді бес күндік жалған дүниеде ренжіте көрмейік!

Жайма шуақ күндердің бірінде әке мен бала үй алдындағы аулада отыр. Әкесі таза ауамен тыныстап, табиғат тамашалап, ал баласы болса, газет оқып отырған. Әкесі елуді еңсерген қарт болса, баласы жиырманың үстіндегі жас жігіт еді.

Бір кезде торғайдың сайрағаны естілді. Әкесі:«Бұл не?»,- деп сұрады. Ересек баласы: «Торғай ғой, әке!», -деді қалыпты күйін бұзбай. Кейін торғайдың «пыр» етіп ұшқан даусына әкесі тағы: «Бұл не?»,- деп сұрады. Баласы: «Торғай дедім ғой»,- деп жауап берді. Торғайдың үні тағы естілген кезде: «Бұл не?»,- деп сұрады әкесі тағы да. Сонда баласы: «Әке, торғай ғой бұл»,-деп дауыс көтере жауап берді. Әкесі үнсіз қалды!..

Содан әлгі торғай әке мен баланың алдына келіп қонды. Енді не дер екен дегендей әкесі «Бұл не?» деген сұрағын баласына тағы да қойды. Сол кезде баласы қызылкеңірдектеніп: «Әке! Торғай ғой бұл, торғай! Торғай! Торғай! Сіз мені мазақ қылып тұрсыз ба?!»,- деп жаға жыртысардай күйде жауап берді. Тіпті, «сізге не болған» деп себебін де сұрамады. Әкесі үндеместен орнынан тұрып үйіне қарай беттеді.

Әкем ренжіп қалды-ау деп ойлаған баланың: «Әке! Әке!» деген дауысына құлақ та түрмеді. Сөйтті де үйден ескі күнделік дәптерін алып келді де баласына беріп: «Мына бетті оқы!»,- деді көрсетіп. Баласы үңіліп оқи бастады. Онда 20 жыл бұрын болған мына бір оқиға жазылыпты:

«Мен бүгін төрт жасар ұлымды саябаққа ертіп бардым. Саябақта отырғанда алдымызға бір торғай ұшып келді. Балам менен: «Бұл не?»,- деп сұрады. Мен: «Бұл торғай»,- деп жауап бердім. Осы сұрағын 21 рет қайталады. Мен бәрінде де: «Бұл торғай»,-деп жауап бердім. Әр жауабымда құшақтап сүйіп, әкелік мейірімімді көрсетіп байсалды жауап беруге тырыстым».

Бұл 24 жасар жігітке 4 жасындағы оқиғаны еске салған әкесінің қойын дәптері-тұғын. Оқып болған соң мән-жайды енді түсінген бала, көңілі босап жылап қоя берді. Әкесіне «Ақымақ ұлыңды кешір, әке» деді өкінішпен жыламсырап. Әкесінің қолынан сүйіп, құшақтап қойды. Әрбір нәрсенің ескіретіні секілді, баласы да әкесіне деген қадір-құрметін, махаббатын бір жаңартып алғандай болды.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: kiscka.net, giper-forum.ru

8648 8
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 09 қараша 2012, 19:32
Пікірлер
+0
09 қараша 2012, 18:35

жылап жіберейін бе...

+0
09 қараша 2012, 19:26

Шынымен де өте әсерлі. Әке - асқар тау. Осы бұрын әкемді ренжітіп алдым ба екен деген күдік түсіп отыр ішіме. Ендігіде барғанда сондай сәттерім үшін кешірім сұрап қайтпасам болмас.

+0
09 қараша 2012, 19:30

Ауылдағы әкем еске түсіп кетті ғой. Жан баласына қатал, жүрегі мейірімді жанмен өмірімде бір-ақ рет ашылып сөйлескем...Ол - Алатау! Ал тау биіктеген сайын, көлеңкесі ұзара түседі...

+0
10 қараша 2012, 13:09

«Торғай ғой, әке!»

+0
10 қараша 2012, 15:29

:( бәлкім, ата-ананың қадірін балалы болғанда білерміз....

+0
12 қараша 2012, 01:15

"қайта жаңғырған махаббат", "махаббатын бір жаңартып алды" деген абайсыз тіркестер болмаса, өте әсерлі жазба екен...

+0
12 қараша 2012, 11:48

әкемді қатты сағындым, қатты жақсы көретіндігімді айтып үлгермегенім өкінішті((

+0
14 қараша 2012, 23:29

Бір күні бір жігіт жынданып, ашуға мініп отырған кезі қасына пайғамбарымыз келіп "саған не болды балам, не себеп түніліп отырсын?" десе - әлгі жігіт менің әкем алқаш, шешем болса олақ-салақ, күнде айқай-ұрыс деп нариза болып мен не істесем болады деп сұрапты !. Сонда пайғамбарымыз ееееййй балам " ЖАЙ ҒАНА ҮНДЕМЕЙ ҚАЛУ ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕМА " деген екен. Бұл өмірде әке мен шешенің өз балдарынын қарсы бір сөз естіп көңілі қалса, баласының бұл өмірдегі жолы еш қашан болмайды деген екен....!!!!

сөз барғой "Әке шешең жынды болса байлап бақ !!!" деген

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...