Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жаман хабар әйелдерге ауыр тиеді

Жаман хабар әйелдерге ауыр тиеді

Жаман хабар әйелдерге ауыр тиеді

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаман хабарлар стрестік жағдайларға ұрынуға алып келеді. Әйел адамдар мұны көпке дейін ұмыта алмайтын болса, ер қауымы бұл жағдайға төзімді келеді екен. Бұл ақпарды Канаданың Монреаль университетінің ақпарат құралдары PLOS One журналының мақаласы негізінде хабарлап отыр.

Адам күнделікті 6 сағатын теледидар алдында өткізеді. Бұл дегеніңіз бір аптада 42 сағат, ал бір айда 168 сағат болады. Бұдан шығатыны адам баласы ерікті түрде бір айда 7 тәулік бойы теледидар алдында негативті ақпарат көрді деген сөз. Телеарналар көбіне адамның қаза тапқаны, қайтыс болғаны, өлтірілгені, жапа шеккені, мүгедектер мен олардың жылап отырған туыстарын көрсетеді.

Бұған тағы да радио мен газет-журналдар, сосын интернеттегі хабарларды қосыңыз. Керексіз жарнамалар мен бос сандырақ миды сөзсіз улайды.

Монреаль университетінің қызметкері Мари-Франс Марен өз сөзінде 60 адамға зерттеу жүргізген. Бұл адамдарды екі әйел және екі ер адам доптарына бөлген. Бірінші жаққа саябақтың ашылуы, ескерткіш қойылғаны туралы ақпарат оқытқан, ал екінші жаққа жол көлік апатына ұшыраған адамдар жайлы сюжет көрсеткен. Бұдан кейін ғалымдар әр қатысушыдан бөлінген сөлден стрестік жағдайға ұшыраған кезде көтерілетін кортолизді тексерген. Анализ жасаған соң әйелдердің бұл жағдайды өте ауыр қабылдағаны белгілі болған. Ағзада биохимиялық процестердің белсенді қалыпқа түскендігі байқалған. Кейінірек есте сақтау қабілетін тексеру барысында әйел адамдардың ақпаратты толығымен жадына құйып алатындығы да рас боп шықты. Ал ер адамдар ақпаратқа атүсті қарап, көңілге де алмайды екен.

Ғалымдар әйел адамының аналық инстинкт қасиетіне таңданған. Себебі әйел баласы өлім құшқан адамның барлығын да өзінің ұрпағы ретінде қабылдайтыны анықталған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: livejournal.com 

2082 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 31 қазан 2012, 10:52
Пікірлер
+0
31 қазан 2012, 12:16

шындық! Білім алып жүрген жастарға да ауыр киноларды көрсетпеу керек. Ойды бөліп, сананы жаралап кетері сөзсіз. ...жастарды әйелдермен салыстырып отыр деп ойлаған боларсыз?!

+0
31 қазан 2012, 12:34

Өлім құшқан адамның барлығын да өзінің ұрпағы ретінде қабылдайды. Айналып кетейін, аналар...

+0
31 қазан 2012, 14:29

Мен ары кетсе күніне 30 минут қана көретін шығарм, онда да көрген күні

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...