Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тырнағына қарап таны

Тырнағына қарап таны

Тырнағына қарап таны

Адамның мінезін оның киімінен, тұрыс-жүрісінен, сүйікті заттарынан, қалдары мен ерін пішінінен болжауға болатынын жазып өткенбіз. Кезекте тырнақ пішіні.

Иә, біреудің мінезі жайлы оның тырнағына бір қарап айтуға болады екен. 

Шаршы пішінді тырнақ

Шаршы пішінді тырнақ иесі салмақты, сабырлы болады. Тіпті төтенше жағдайда сіз өзіңізге ие бола аласыз. Болған нәрсеге өкінбей, алға батылдықпен қарайтын жансыз. Бастан өткен қиындықтардан тәжірибе алып, кейде оған күле қарайсыз. Аяққа берік тұратын адамдар қатарынансыз. Басқаларға тәуелді болудан сақтанасыз. Бірақ жаныңызға жақын адамдардың махаббатын сақтап қалуға көп көңіл бөлесіз. Ортаңызда беделді, ерекше орны бар кісісіз. Көпшілік сіздің айтқаныңызды тыңдап, кеңестеріңізді сұраудан жалықпайды.

Трапеция пішінді тырнақ

Өзіңізге сенімді, батыл жансыз. Алайда сын көтере алмайсыз. Күшіңізге сенбеген адамды көрсеңіз, ашулана бастайсыз. Әсершілсіз, алайда өнерге бейімді, дарынды адамдар қатарынансыз. Пысық, көңілді, кез келген әңгімені жалғастыра алатындай білімдісіз. Жаңалықтардан қалыспай, заманауи болуға тырысасыз. Бәріне бөгет болатын тек сіздің өзімшілдік қасиетіңіз.

Тіктөртбұрыш тырнақ

Тырнақтарыңыздың пішіні тіктөртбұрыш болса, өзіңізбен мақтан тұта аласыз. Сіз өмірдің кез келген саласында сәттілікке жететін жансыз. Себебі еңбексүйгішсіз. Әр іске оптимистік көзқараспен қарап, басынан аяғына дейін тез арада тындырасыз. Адам бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бірі - оғаш жағдайлардан тәжірибе алып, ендігіде ондайға бармайтын адамсыз. Әр бақытты сәтіңізге қуанып, өмірдің нағыз мағынасын ұғына аласыз.

Дөңгелек тырнақ

Тырнағы дөңгелек арулар нәзік, арманшыл, сезімтал келеді. Өмірдің әділетсіздігімен келіспей, күрескіңіз келеді. Басқалармен қарым-қатынас мәселесі де сіз үшін қиын. Өзіңізді тым нәзік сезінесіз, келеңсіз жағдайлардан дұрыс шыға алмайсыз. Көп жағдайда басқалардың алдында өзіңізді кінәлі сезінесіз. Бұның бәріне қарамастан, сіздің пәк, нәзік ішкі дүниеңізді түсіне алған адамды бақытты қыла аласыз.

Ал сіздің тырнақ пішініңіз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ady.gazeta.kz

15277 14
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 қазан 2012, 09:52
Пікірлер
+0
28 қазан 2012, 12:58

тырнақтарымның дөңгелек екенін енді байқадым))) бірақ, бақытты қыла алатыным рас енді :)

+0
28 қазан 2012, 13:27

meniki trapecia eken. Birak......syn kotere almaidy degen.....,ozimshil degen....ai,bilmeim-au! :roll:

+0
28 қазан 2012, 14:18

Трапеция деген тырнақтың ұшына қарай жалпая беруі ме?

+0
28 қазан 2012, 14:49

ойаа өзімшіл дей ме.....

+0
28 қазан 2012, 16:14

Қазыр мен қызымның тырнағын көріп келейін.

+0
28 қазан 2012, 16:22

Тырнағымның пішіні көңіл-күйіме қарай ара-тұра өзгеріп тұрады. Сондықтан да нақты мінездеме ала алмадым((

+0
28 қазан 2012, 18:49

сұқ саусағымдыкі сопақ, қалғандары тіктөртбұрішты... оптимис екенім рассс

+0
29 қазан 2012, 09:09

Қыздардыкын анықтау қиын шығар........

+0
29 қазан 2012, 09:51

жақсы болды ғой, қыздардың бір құпиясы!!

+0
29 қазан 2012, 16:37

Тырнағына қарап ол қыздың қалалық немесе ауылдікі екенін, сұлу болып болмағанын анықтауға болады

+0
29 қазан 2012, 17:16

донгелек тырнак екен ;)

+0
27 наурыз 2015, 23:56

Дөңгелек тырнақ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...