Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жиналыстағы қиындықтар

Жиналыстағы қиындықтар

Жиналыстағы қиындықтар

Апта сайын болатын жиналыстар кімге ұнайды дейсіз. Алайда оларға бармасқа болмайды, барып қана қоймай, алдын ала дайындалып, өз ойларыңызды қорықпай айту керек. Сондай-ақ жиналыстарда орын алатын ыңғайсыз жағдайлардан да шыға білу керек.

Егер сіз жиналысқа кешігіп келсеңіз

Көпшіліктің алдында ұрыс естігіңіз келмесе, жиналысқа ертерек барып отырған жөн. "Жиналыс" деген сөзді ести сала, мәжіліс залына кіріп отырыңыз. Ал егер жиналысқа бастығыңыздан кейін кірсеңіз, кешіктім дей беріңіз. Жағдайды түзеңіз: кешірім сұрап, тез бос орынға отыра қалыңыз. Бастысы артық шу шығармай, көзге оғаш көрініп қалмау. Егер кешігудің тұрарлық себебі болса, жиналыстан кейін бастығыңызға жағдайды түсіндіріңіз, тағы да бір рет кешірім сұрап, енді бұл қайталанбайтынына сендіріңіз. Есіңізде болсын, басқалардың көзінше, сізде қандай себеп болмасын, кешігуіңіз қалғандардың уақытын құрметтемейтініңізді көрсетеді.

Егер сіз жиналысқа дайындалмасаңыз

Бастығыңыз жиналыстың алдында командаңызға тапсырма берді, ал сіз оған дайындалуға үлгермедіңіз. Жиналысқа бірнеше минут қалғанда басыңызға керемет ой келе қоймайтыны анық. Сондықтан қызық емес ойларыңызды айтқанша, әріптесіңіз айтқан ойға қосылып, оны әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. Осылайша бұл ойда сіздің де үлесіңіз болады. Кейін бастықтың айтқан пікірін есепке ала отырып, жетілдірілген ойды бастығыңызға электронды поштамен жіберіңіз.

Егер әріптесіңіз сізді бастығыңыздың көзінше төмен түсірсе

Жиналыста отырып, сіздің айтылған ойларыңызды бірден жоққа шығарып, барынша түсіруге тырысатын әріптесіңіз бар ма? Онымен басшылықтың көзінше ұрыс бастаушы болмаңыз. "Иә, менің ойым мінсіз емес, алайда мұндағы басты түйін..." деп, өз ойыңызды қорғаштаңыз. Жиналыстан кейін кеңсе өсекшісіне айналып, әріптестеріңізбен бұны сөз қылмаған дұрыс.

Егер сіз, басшылықтың көзінше сасып қалсаңыз

Айтатын ойыңызды ұмытып, дауысыңыз дірілдеп, бастықтың алдында сасып қалсаңыз, терең дем алып, "Кешіріңіз, айтайын дегенім мынау еді" деп ойыңызды жалғастырыңыз. Кейін бұл жайлы тезірек ұмытып, бастықтың алдында қызара бергенді доғарыңыз.

Егер әріптесіңіз ойыңызды ұрлап алса

Түскі ас кезінде байқамай бөліскен ойыңызды әріптесіңіз жиналыста бірінші айтып үлгерсе, "Бұл менің ойым!" деп бас салмаңыз. Онымен келісіп, бұл ойға ұсақ-түйектерін қосып, әрі қарай дамытыңыз. Әріптесіңізге ашуландыңыз ба? Ендеше одан да кретивті ой тауып көріңіз.

Ал сіз жиналыста қандай қиындықтарға кезігесіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: smartofficeoftexas.com

599 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 қазан 2012, 17:14
Пікірлер
+0
19 қазан 2012, 18:12

Ең қиыны ұрыс есту мен төмендету шығар

+0
19 қазан 2012, 18:20

Иә, жиналыста естіген ұрысың басқа ұрыстардан өзгерек болары хақ. :roll:

+0
19 қазан 2012, 20:07

менің бір қиындығым бар...)))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...