Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігітпен танысу амалдары

Жігітпен танысу амалдары

Жігітпен танысу амалдары

"Ер жігітпен танысу - тәрбиелі қыздардың ісі емес". Көпшіліктің ойынша, жігіттің өзі алғаш қадам жасау керек. Алайда ұнатқан жігіт "тежегішін" қосса, ал сіз оны қатты ұнатып, мүмкіндікті жібергіңіз келмесе ше? Көңілін аудару үшін оның алдында ойнап-секіру керек пе? Оны еркін, көңілді әңгімеге қалай көндірсе болады? Кеңестерді оқи отырыңыз.

Ол туралы қызықты фактті болжап айт

Жігітке мұқият бірнеше минут қарап-ақ оның қызығушылықтары, тұрмысы, ұнататын музыкасы және т.б. жайлы кейбір қорытындылар жасауға болады. Тәуекелге барып болжамдарыңызды айтып көріңіз. Тура тапсаңыз, әңгімелеріңіз жарасып кетеді. Олай болмаған жағдайда да, сөз бастамасы болары анық. Осы қызығушылығы жайлы біраз әңгіме айтып, кейін қалай тілдесіп кеткендеріңізді байқамай да қаласыз. Мысалы оның құлақшынындағы ойнап тұрған музыканы танысаңыз, "Бұл бәленше тобы емес пе? Олар менің сүйікті орындаушыларым!" деуде тұрған еш ағаттық жоқ.

Оны танығандай болыңыз

Психологтарда "3 секунд ережесі" деген қағида бар. Ол бойынша, сіз жігітті көріп, ұнатқан бойда, оған жақындап әңгіме бастауыңыз керек. Осы жағдайда бір-біріңіздің көңіліңізден шығу мүмкіндіктеріңіз әлдеқайда жоғары. Ал бір уақыттан кейін, "Қалай жақындаймын?", "Не деймін?" деген сұрақтарды өзіңізге қоя бастағанда, бұл әсер кетеді екен. "Қалай жақындаймын?" сұрағына жауап мынау: оны танып қалғандай болыңыз. "Мен сізді бәленше жерде көрдім емес пе?" не "Марат? Қалайсың?" сынды сұрақ осы жағдайға әбден келеді.

Сыйлық тарту етіңіз

Қалтаңызда не сөмкеңізде жатып қалған кез келген зат сыйлық бола алады. Кәмпит, қалам, ескі аудио табақша сынды ұсақ-түйек бір затты алып, "Мынаны сізге сыйлағым келіп тұр" десеңіз, бұл жігіттің жүрегін жібітіп, көңілін сізге аудартатыны анық-ақ. Әңгіме қылатын тақырып та табылды.

Қалжыңдаңыз

Әзілге жақын қыздар жігіттердің арманы. Әзіл-қалжыңмен ортаның көңілін көтеріп, баршаға күлкі мен мейірім сыйласаңыз, қай жігіт сізбен өзі танысқысы келмейді екен? Қоғамдық ортада ыңғайсыз жағдайлар болып қалса (автобуста ол сізді итеріп қойды, не сіз оның аяғын басып кеттіңіз), жәй "Кешіріңіз"-дің орнына әзілдеп жіберіңіз. Күлімсіреген қызбен таныспау обал емес пе?

Оның көз алдында болыңыз

Көшеде бір жігітті ұнатып қалдыңыз ба? Артынан қарап "Шіркін" деп күрсінгенше, оның көз алдына шығып, көрініңіз. Ол да сізді байқау керек қой? Танысуға өзі де ниеттенуі мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: differed.ru

6259 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 қазан 2012, 20:32
Пікірлер
+0
18 қазан 2012, 22:14

осы күнге дейін бірде-бір жігітпен өзім танысып көрмеппін :lol:

+0
18 қазан 2012, 22:20

Негізі әдейілеп істегеннен гөрі, кейде кездейсоқтықтың өзі әдемі шығады... :)

+0
19 қазан 2012, 02:39

"Көшеде бір жігітті ұнатып қалдыңыз ба? Артынан қарап "Шіркін" деп күрсінгенше, оның көз алдына шығып, көрініңіз. Ол да сізді байқау керек қой?" соны айтам :)

+0
19 қазан 2012, 09:30

:lol: :lol: :lol: кеттім көшеге танысуға

+0
19 қазан 2012, 10:02

Қызық үшін танысуға болады негізі :D

+0
19 қазан 2012, 11:04

қыздар сөйтеді ғой...

+0
19 қазан 2012, 16:44

Несі бар ;)

+0
19 қазан 2012, 15:45

өтірік қағып кетуге(аяғына жай "подножка " жасап,құлап қалмайтындай),қолындағы затын шашып(кинодағыдай) болады немесе қолындағы ұялы телефонды көріп,"мынау соңғы үлгідегі телефонба? мен мынаны көрмеппін!" деп,көрсеңізде,білсеңізде сол ұялы телефон туралы сұрастырып,танысып кетугеде болады. ;)

+1
19 қазан 2012, 16:11

ай білмейм..ұятқа қалып жүрмеңдер әйтеуір))

+1
20 қазан 2012, 22:51

Сөмкеде жатып қалған кәмпитті сыйлаңыз :lol:

+0
24 қазан 2012, 23:08

мен көбіне бейтаныс адамға ұрысып немесе қатаңдау кейіп танытып танысамын, оның өзінде танысайын деп емес, ал танысқым келген адаммен танысуға ұялып қалам :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...