Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сағынсам қалай шыдаймын...

Сағынсам қалай шыдаймын...

Сағынсам қалай шыдаймын...

Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын.

Сағыныш... Алтын бесік ауылға, ардақты ата-анаға, қимас бауырға, құрбы-құрдасқа, алыста қалған аяулы әлемге деген ыстық сағыныш... Бәрін айт та, бірін айт, жаныңның жып-жылы бөлшегіне, жүрегіңнің бойтұмарына, сүйгеніңе деген сағыныштың орны тым ерекше.

Осы бір құдіреті күшті сезім кімдерге келіп, кімдерден кетпеген, кімдердің жырына арқау болып, кімдердің жанына от салмаған десеңізші? Бірақ сағыныш адамдарды сарғайтудан еш шаршаған емес, ал екі аяқ, жұмыр бас пенделер онымен күресті сан мың ғасыр бойы жүргізіп келеді. Өкініштісі жеңімпаз - адам емес...

Сағыныштың сары өзеніне терең батып кеткендер сұрауы бар көз жасты көл қылып, тіпті өз өміріне балта шауып немесе кейбірі ішімдікке салынып, Мәжнүндей дала кезіп, мына әлемнен біржола алыстап кетіп жатады. Әсіресе, гуманизм екінші кезекке ысырылған осынау заманда мұндай жағдайлар шаш-етектен. Өзіңіз мұның куәгері де атынып жүрген де боларсыз.

Сағыныш сарыны кеудеңізді кернеп, «Сағынсам қалай шыдаймын?» деген сауалыңызды айға да, күнге де, тауға да, тасқа да, досқа да, дұшпанға да жолдап жүрген боларсыз. Ендеше сіздің осы сауалыңызға бүгін біз жауап беріп көрмекпіз.

1.  Түсіну және кешіру. Сағыныш көбіне айырылысқан ғашықтарды немесе жауапсыз махаббатты өткеріп жүргендерді айналшықтайды. Сондықтан, ең алдымен мән жайдың байыбына барып түсініп алыңыз да, сағыныш себепкерін біржола кешіріңіз. Жүрегіңізде оған деген ешқандай кек, ашу деген болмау керек.

2.  Сағынышты жеңеді тек хат қана. Сағынысқан жүректердің елшісі – хат. Бірақ сіздің жазған хатыңызды егесіне жолдай алмайтыныңыз айдан анық. Сондықтан бар сағынышыңызды сыйғызып, бар мұң-шеріңізді ақ параққа төгіп хат жазыңыз да, жаныңызға жақын адамға, құрбыңызға оқытыңыз немесе жыртып тастаңыз. Жеңілдеп қаларыңыз анық.

3.  Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген, Ғұмырым. Сағыныш өзеніне батқан жан бар қайғыны құшақтап, өзге әлемге еніп кетеді. Өмірдің бар қызығы, мәні қалмағандай ауыр халге ұшырайды. Бұл қалыпты жағдай. Алайда, осыныңыздан таймасаңыз, «жауыңызды» ешқашан жеңе алмайсыз. Доғарыңыз! Ол пайда болғанға дейін де өмір сүргенсіз, ол жоқта да солай болады. Ештеңе де өзгермегендігін дәлелдеңіз. Оны ойлауға бос уақытыңыз болмау керек. Жаңа әрі қиын нәрселермен айналысыңыз. Жаңа мақсаттар қойып, жетуге талпыныңыз. Жаңа кітап оқыңыз, спортпен айналысыңыз, түрлі үйірмелерге жазылыңыз.

4.  Өзі жоқтың көзі жоқ. Оған қатысты барлық нәрсенің көзін құртыңыз. Оның суреттері, ұялы телефоныңыздағы оның ұнататын әндері, оның сыйлықтары, оның хаттары... Бәрін де тастаңыз. Жақсы жағына өзгеріңіз, киім кию стильіңізді, шашыңызды, бояну әдебін өзгертіңіз. Дүкен аралауға жиі барыңыз. Жаңа суреттерге түсіп, өз әлеміңізге салыңыз. Жаңа адамдармен танысыңыз.

5.  Ұнату –оңай, ұмыту-қиын. Көп жігіттер мен қыздар өткенін ұмыту үшін, өзге біреумен кездесіп кетіп жатады. Сіз мұндай қателікке жол бермеңіз! Өз көз жасыңызды сүрту үшін, өзгеге көз жас сыйлаудың еш қажеті жоқ. Сезім сергелдеңіне түсіп, адасып қаласыз. Бәрін де жүрекпен, ақылмен жасағаныңыз абзал.

6.  Іздегенде табылатын қасыңнан. Ол бар кезде есіңізден шығарып алған достарыңызға көңіл бөліңіз. Қатты қиналсаңыз, ішіңізде сақтай бермей, ол туралы естеліктермен бөлісіңіз. Тіпті, кейде оны танымайтын, оған деген сезіміңізден бейхабар достарыңызбен уақыт өткізген де пайдалы.

7.  Сен жүрген жолмен жүргім келмейді. Онымен өткізген алыстағы аяулы күндеріңізді сағынып, өткенге еніп кетудің еш қажеті жоқ. Онымен барған кинотеатрға, онымен көрген қойылымға, онымен қыдырған бақтарға қайта-қайта бара берудің қажеті жоқ. Жағдайды ушықтырып аласыз.

8.  Ыстық маған жанұям! Ол сізге кім? Кеше ғана бар, бүгін жоқ болған, мүлде бөтен жан! Неге сіз ол үшін жаныңызды қинау керексіз?! Есесіне сізді жандарынан да жақсы көретін ата-анаңыз бен бауырларыңыз бар. Сеніңіз, сізді олар шын жақсы көреді. Оны ойлауға, оны сағынуға кеткен уақытыңызды сол жандарға сыйлаңыз. Онымен сөйлескіңіз келіп, өзіңізді ұстау қиын болғанда, анаңызға, әкеңізге немесе бауырыңызға телефон шалыңыз.

Мына өмірде ештеңе де мәңгі емес. Мұңыңыз да, шаттығыңыз да... Сағынышыңыз да! Сондықтан өмір сізге сағыныш сыйлаған екен, күресіңіз! Бәрінің де уақытша екендігін бір сәт болсын естен шығармаңыз!

Суреттер:chagan-tranzit.ru,bankoboev.ru,fanpop.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2599 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2012, 10:35
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2012, 11:24

Ұнату –оңай, ұмыту-қиын.

+0
19 қыркүйек 2012, 11:35

Уақытты өлтірмеу керек екен, соны түсіндім.....

+0
19 қыркүйек 2012, 12:07

Уақыт - емші. Өткенге өкінбе! Артқа бұрылма! Осы менің ұстанымым

+0
19 қыркүйек 2012, 12:07

Мақала жақсы жазылған.

+0
19 қыркүйек 2012, 12:35

Унату-онай,умыту-киын! Ия,солай екенi рас. Унаткан адамымды умыткан емеспiн,умытпаспында. Сагындым,сагынамында,сагынып журемiн. Ол туралы естелiктерде бар,унататын ауендерi,кинолары,суреттерi. Бiрак,бул откен омiрмен омiр сургенiм емес,бул жай гана-естелiк. Омiрiмнiн естен кетпес кундерi,сагымдары,таттi елестерi. Бiрге кыдырган жерлердi,ол журген жерлермен журiп отем. Конiлiм тусiп,жабыркаган саттерiмде,осы кездердi еске алсам,бойыма куат бiтiп,куш жинаймын,омiрге деген куштарлыгым артады. Жана серпiлiс пайда болады. Алдымда жана кундер,бакытты саттер кутiп турганын ойлаймында,жайнап,жадырап сала берем.

+0
19 қыркүйек 2012, 13:08

Дәл, осылай боларын сезгем мен,Ғұмырым!
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген, Тірімін!(((

+0
19 қыркүйек 2012, 23:57

Сен жүрген жолмен жүргім келмейді. (Бірақ анда санда жүріп кетем байқамай..)) )

+0
25 қыркүйек 2012, 23:43

Ия, төрт жыл бойы өзге әлемде өмір сүріп, енді оралдым. Уақыт емес емдеген, музыка дер едім.

+0
12 ақпан 2013, 17:11

уфффффф журегимайййййййййй :cry:

+0
13 ақпан 2013, 09:26

жаксы кенестер,баска туссе,баспакшал демекши,басына салса,барин де котересин гой,оле алмаган сон киын гой :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...