Тест. Махаббатқа деген көзқарасыңыз қандай?

Тест. Махаббатқа деген көзқарасыңыз қандай?
Фото: amur.kz

Әркімнің махаббат туралы көзқарасын сырт көзбен баға беруге болмайды. Болған жағдайдың өзінде, бұл – өте қиын әрі жауаркершілігі жоғары іс. Ал адам өз көзқарасын көптеген тәсілмен біле алады. Соның бірі – назарларыңызға ұсынылып отырған тест.

Адасқан ғашықтар

Сіз ғашығыңызбен бірге тауға бардыңыз делік. Биік құз жартастар, жыныс орман. Абайсызда бір-біріңізден адасып қалдыңыздар. Сіз оны таба алмай жүрсіз, ол да сізді таба алмай жүр. Дәл осы сәтте, қандай әрекет жасар едіңіз?

1. Демалатын бір жер тауып, оның іздеп келуін күтіп отырамын.
2. Алдымда қандай кедергі болса да, ештеңеге қарамай, міндетті түрде іздеп табамын. 
3. Адасып қалуымыз мүмкін емес, алаңсыз тау көрінісін тамашалап жүре тұрамын, аздан кейін ол өзі мені тауып алады.
4. Төтенше жағдай қызметіне хабарласамын. Олардың көмегінсіз ештеңе істеуге болмайды.

Осы төрт түрлі қалыптың бірін таңдаңыз да, мына жауаптарға сәйкесін оқыңыз.

– Сіз ақылды, өзіңе күйінетін, жаны ашитын адамды қажет етесіз. Екеуара жақсы қарым-қатынастың орнауына өз тарапыңыздан көмек жасауыңыз керек. Өйткені, өздігіңізден еш әрекет жасай алмайсыз. Егер сіз ештеңемен шаруасы жоқ, маңғаз адаммен бірге өмір сүрсеңіз, онымен ортақ тіл табысуыңыз өте қиын. Үнемі одан қашып жүресіз. 

– Махаббат тақырыбына келгенде, алған бетіңізде қайтпайды екенсіз. Өзіңіздің өмір сүретін, тек өзіңізге ғана тән тұрмыс кеңістігіңіз осыған дейін болып көрмепті. Бүкіл назарыңызды сүйген адамыңызға қарай бұрып жібергенсіз. Кей әрекеттеріңізді ол қабылдай алмауы да мүмкін, ал сіз дәл сол сәтте қорланғандай сезімде боласыз, өз-өзіңізге риза болмай, бұртиып жүресіз. Махаббат майданында өзіңізді еркін ұстаңыз, өзіңізге де кеңістік қалдырыңыз.

– Өзіңе өте сенімдісіз және қауіп-қатер туралы да ойламайсыз. Сүйген адамыңыздан айрылып қаламын деп те алаңдамайсыз. Оның сізге деген адалдығынан күмәнданбайсыз. Махаббат сезіміңіз сәбилік психология деңгейінде қалған, сіз қарсы жақтың сезіміне де назар аударуға тиіссіз. Бұлай болмағанда, ол сіз туралы: "Екеуара махаббатқа шын пейілімен қарамайды" деген көзқараста қалып қоюы мүмкі

– Екі адамға ортақ сезімнен мәселе туса, сәз үшінші адамның көмегіне жүгінесіз. Өзіңіздегі кемшіліктерді жоюға күшіңіз жете бермейді. Сіздің жасаған қадамдарыңыз дұрыс, бірақ, сол көмекке келген үшінші адамның күш-қуаты сіздерді қайта табыстыруға жетсе, тамаша-ақ болар еді, ал жетпесе, онда бүкіл трагедияны өз қолыңызбен жасаған боласыз.

Ал сіз қай түрді таңдадыңыз? Берілген жауап ойыңызды дөп басты ма?

Г. Берік