Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қызметтік іс-әрекет пен мінез

Қызметтік іс-әрекет пен мінез

Қызметтік іс-әрекет пен мінез

Психолог-ғалымдардың айтуы бойынша, адам баласының жұмыстағы іс-әрекеттері мен бітім-болмысы оның мінезін айқындап, қандай тұлға екенін көрсетеді. Ал сіздің мінезіңіз қандай екен? Бірге көрелік.

Қызметтік электрондық пошта мен құжаттар

  • Егер де сіздің қызметтік электрондық поштаңызда артық хаттар болмаса, келген әр хатқа жауап беріп, ескі хаттарды архивке сақтап жүрсеңіз, сіз өте жауапты әрі ұқыпты жансыз. Әріптестеріңіз әр кез сіздің тиянақтылығыңызды алға тартып, әрдайым көмек беруге дайын екеніңізді айтады.
  • Егер де электрондық жәшігіңіз хаттар мен жұмыс үстеліңіз қағаздарға толы болса, сіз өз-өзіңізге сенімді әрі еңбекқор жансыз. Сіздің мүлдем бос уақытыңыз жоқ.
  • Қызметтік электрондық жәшігіңіз қажетті хаттардан гөрі, жұмысқа еш қатысы жоқ қажеті шамалы хаттарға толса, жұмыс үстеліңізде аса маңызды құжаттар мен жай қағаздар аралас жатса, сіз барлық істі бір сәтте бітіруге асығасыз. Сол себептен кейбір істі уақытылы бітірмей, басқаға үлгермей жүресіз.

Жұмыс үстелі

  • Жұмыс орныңыз отбасылық фотосуреттерге, үй өсімдіктеріне, шетелден әкелінген базарлықтарға, ашық хаттарға толы болса, сіз көпшіл, мейірімді, ақ пейілді жансыз.
  • Жұмыс орныңызда кеңсе заттарынан өзге артық дүние жоқ. Сіз жұмысыңызға аса жауаппен қарайтын, уақытыңызды дұрыс пайдаланатын жансыз.
  • Жұмыс орныңызда қызметке қатысты дүниелермен қатар, қолшатыр, косметика, аяқ киім, әдеби кітап т.с.с жеке заттарыңыз жатса, сіз жұмысыңызды екінші үйге айналдырып алған жансыз. Сіздің жұмысыңызға деген көңіліңіз бөлек.  Ашық, жайдарлы мінезді жансыз.

Жұмыстағы таңертеңгілік тіскебасар

  • Таңертең шоколад пен ыстық кофені қанағат тұтсаңыз, сіз өте белсенді жансыз. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, ертеңгі күн жайлы аса ойлана бермейсіз.
  • Жеміс-жидектер мен жаңғақтардан дәм татсаңыз, сіз мақсатыңызға жетпей қоймайтын, әр нәрсеге байыппен қарайтын жансыз.
  • Таңертеңгілік асыңыз әр кезде әр түрлі болса, сіз бір орында тұрмайтын, әрдайым ізденісте жүретін жансыз.

Кілтсөздер

  • Кілтсөз етіп, анаңыздың ұялы телефон нөмерін, досыңыздың туған күнін, көршіңіздің атын қолдансаңыз, сіз өзгелерді құрметтеп, әрқашанда қамқор болып жүретін жансыз.
  • Кілтсөз етіп, туған күніңізді, ұялы телефон нөмеріңізді, көлігіңіздің моделін, өзіңіздің бала кездегі лақап атыңызды т.с.с жеке басыңызға қатысты дүниелерді қолдансаңыз, сіз шығармашылыққа жақын, өзіңізге сенімді жансыз.
  • Кілтсөз етіп, өзіңіз ойдан шығарған сандар композициясы не түсініксіз сөз қолдансаңыз, сіз арман-қиялға көп ерік беретін жансыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Сурет: birdgirl.org

3646 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2012, 14:10
Пікірлер
+0
12 қыркүйек 2012, 14:05

іс-әрекет пен ұқыптылық керек шығар

+0
12 қыркүйек 2012, 14:39

жұмыс орныма әлі беки қойғам жоқ

+0
12 қыркүйек 2012, 14:39

мен электрондық поштамда, жұмыс үстелімде және жүрек пен миымда артық зат пен ақпарат ұстамаймын

+0
12 қыркүйек 2012, 14:42

Қой-ей))))

+0
12 қыркүйек 2012, 14:46

рас, рас ;)

+0
12 қыркүйек 2012, 15:53

2 2 2 2 екен менікі)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...