Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе?

Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе?

Дұрыс шешім қабылдай білесіз бе?

Өз уақытымызды, энергия мен ақшамызды қалай жарату керектігін бізден басқа ешкім шешпейді. Алайда, кез келген күш салынып істелген іс, жаратылған ақша мен энергия бізді бақытты ете бермейді.

Бірдеңені бастамас бұрын немесе сатып алмас бұрын төмендегі сұрақтарға шынайы жауап бере отырып, шешім қабылдауға тырысыңыз.

1. Егер мұны істесем, өзім үшін маңызды адамдармен қарым-қатынас жасай алам ба? Басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас бізді бақытты етеді, осы маңызды шешімді қабылдасам, сол адамдармен қарым-қатынасым жақсара түсе ме? Тренинг, семинарларға сапар, қызығушылық бойынша қауымдастықтарға жазылу – бәрі шығын талап етеді, бірақ нәтижесінде жақсы адамдармен танысып, жалпы қарым-қатынас орнатуға септігін тигізсе, шығын өзін-өзі ақтап алады.

2. Бұл шешім маған жаңа пайдалы дағды алып келе ме? Жаңашылдық, жаңа мақсат адам бойына өмірге деген құштарлық пен жаңа дем береді. Бірақ сонымен қоса, сенімсіздік пен өзгерістен қорқыныш тууы мүмкін. Бұны жеңу үшін жаңа шеберлігімді игерген соң, өзімді қалай сезінемін, қандай мүмкіндіктерге жол ашылады, соны ойлау керек. Мысалы, көп уақыттан бері бір бағдарламаны үйренуге кірісе алмай жүрсеңіз, кейін ол сіздің өміріңізді қалай жеңілдететінін, уақытыңызды үнемдейтінін ойлаңыз.

3. Бұл шешімнің баламасы не болмақ? Бүгінгі күні уақытымыз, күшіміз бен ақшамыз шектеулі. Көбіне бір нәрсемен айналысу үшін басқа бірдеңеден бас тартуға мәжбүр боламыз. Шешіміңіз сізді бақытты етсе де, оның есесіне қанша төлеу керек болады? Бәлкім, сіз тоқымамен айналысқыңыз келетін шығар, бірақ ол үшін кешкі серуендер мен басқа да жұмыстардан бас тарту керек болады. Сол қажеттілігіңіздің бағасын дұрыстап ойлаңыз да, таңдау жасаңыз.

4. Шешім қабылдаған соң, өзіңізді қалай сезінесіз: уайым ба, әлде жеңілдік пе? Өзіңізді күштеп кірістіресіз бе, әлде қуана кірісесіз бе? Бұл өте маңызды, өйткені ішкі түйсігіңіз жұмыс істейді, ал оны міндетті түрде тыңдай білу керек.

5. Осы шешімді қабылдаған басқа адамдар бақытты ма? Әрине, әркімнің өз жолы бар. Бірақ сіз қолға алып жатқан істі басқалар қалай іске асыруда? Солармен ақылдасып көріңіз.

6. «Бақытты өмір» деген сіз үшін не? Әр адам өз қызығушылықтары мен бақытты өмірді өзінше түсінеді. Әрдайым өзіңізге сауал тастап отырыңыз:

Жаңа Айфон сатып алайын ба?

Достардың жиынына барайын ба?

Суретке түсірумен айналысайын ба?

Шетелге оқуға кетейін бе?

Бұның анық дұрыс, не бұрыс шешімі жоқ: тек өзіңіз үшін ғана дұрыс шешімі бар екені ләзім.

Сурет: stellakhegay.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

9324 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2012, 14:10
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2012, 14:32

бір нәрсені шеше алмай жүр едім... :roll:

+0
10 қыркүйек 2012, 15:51

Өзіме қажетті болса, көп нәрсеге қарамауға тырысам

+0
10 қыркүйек 2012, 21:34

Әрдайым дұрыс шешім қабылдай білу оңай емес..."Достардың жиынына барайын ба?" Егер бармасам, кейін қатты өкінетінімді білемін, сол үшін көбіне достардың жиынынан қалмауға тырысамын. Бірақ кейде уақыт мүлдем аз, шешім қабылдау сондай қиын кездер болады...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...