Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Бір күніме ұқсамасын бір күнім...

Бір күніме ұқсамасын бір күнім...

Бір күніме ұқсамасын бір күнім...

Бір тірлік... Күнде бір тірлік. Кейде бір-бірінен айнымайтын егіз қозыдай құлын күндерден жалығып, жанымыз жаңалық іздейді. Дегенмен бәлкім сіздің ойыңыздағы іш пыстыратын осы күндеріңіз өміріңіздің ең керемет, ең ғаламат кездері болар? 

Атқан жаңа күнге күлімдеп қараңыз! 

"Сіз өмірге қарап күлімдесеңіз, өмір сізге қарап жымияды". Арайлап атқан әр таңға жымиып қарап, бүгін алдыңызда қандай ауыр жұмыстар күтіп тұрса да, көтеріңкі көңіл-күйден арылмаңыз. Сіз үшін қарапайым қағида болар, ал көбі бұны орындамай жатады. Бұл дегеніміз - таңғы ас. Күннің ойдағыдай өтуі дұрыс тамақтануға байланысты.  Таңғы ас ішу - күніміздің сәтті бастауы. Таңғы ас күш беріп, күні бойы энергиямен жүруімізді қамтамасыз етеді. Демалыс күндеріндегі таңғы ас өз алдына бөлек әңгіме. Баптап отырып, асықпай ішкен ас әлбетте сіңімді болады. Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеуіміз керек. Қатты майлы тамақтан бас тартқанымыз жөн екенін айтып өттік.  Әдемі жайылған дастархан тәбетті аша түседі. Әсіресе, тамақтың иісі мұрынды жарып жіберердей боп буы бұрқырап тұрса... Тамақты дастарханға қойғанда мейлінше сәнді болып тұрғанын қадағалау керек. Қарапайым қияр мен қызанақтан салат жасайтын болсаңыз, жай ғана турап, майонезбен араластыра салып қоюға болады. Ал қиярды ұзынынан турап, ортасына қызанақты гүл секілді етіп қойып қойсаңыз, дастарханның сәні одан бетер ашыла түседі. 

Жеңіл душ қабылдап алыңыз. Душтан шыққан соң, бүгінгі киетін киімдеріңізді ретке келтіріңіз. Асылында "қыстың қамын жаз ойлап", бүгін қандай киім киетініңізді алдын ала ойластырған дұрыс. Өйткені "ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек". Әдемі киіну үшін мерекені күтудің қажеті жоқ. 

Аптаның әр күнін бөліп қойған дұрыс. Мысалы, күні бойы жұмыста болсаңыз, жұмыстан кейін дүйсенбі мысалы салонға барамын, сейсенбі достарыммен қыдырамын деген сияқты. Әлбетте әркімнің өз өмір сүру ырғағы болады. Соған орай уақытты тиімді әрі қызықты етіп өткізу үшін, бір күніңізді екінші күніңізге ұқсатпау үшін жаңалықты өзіңіз қолдан жасаңыз! 

Тіпті, ақшаңыз таусылған күндерде супермаркеттер мен бутиктерді жай ғана аралап, демалуға болады. Неге десеңіз, таза, жайлы атмосфера, арманыңыздағы заттар, киімдерге қарау жаныңызға тыныштық бере алады. Кейін қолыңызға ақша түскенде сол нәрсені барып, сатып аласыз. Ұзақ армандалған заттың құны да жоғары болмақ. Осы жерде біз сіздерге киімді тек фирмадан алуға кеңес береміз. Көптеген бутиктерде, супермаркеттерде үлкен жеңілдіктер жүріп тұрады. 

Жатар алдында душ қабылдап, денеңізді жеңіл сезініп ұйықтаңыз. Жайлы салынбаған төсек тәтті ұйқыға кері әсерін тигізеді. Сондықтан, оған да назар аударғаныңыз жөн.

Өз өміріміз өзіміздің қолымызда!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: rulez-t.info, p-i-f.livejournal.com

2681 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 тамыз 2012, 18:33
Пікірлер
+0
16 тамыз 2012, 22:17

ех,мен баскасын орындасамда,осы киiмге келгенде,"проблема!". Ылги ертен киетiн киiмдерiм деп,дайындап койсамда,сол киiмдi киген емеспiн ертесiне. Баскасын кием. Сондай "ауруым" бар. :)

+0
17 тамыз 2012, 10:55

Шынымен әрбір күніміз әсерлі, әр қилы оқиғаға толы болса екен. Мейіргүл, берген кеңестерің орынды, маған ұнады! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...