Ұл балалардың туылуы неге азайды?

Ұл балалардың туылуы неге азайды?
Фото: FotoIdea.kz

Соңғы кездері көз алдымызда болып жатқан ірі лаңкестік әрекеттер барлық мемлекетке зардабын тигізіп жатыр. Әсіресе, ел демографиясы дамуына кері әсерін тигізеді. Әлемде өмірге келетін ұл бала саны, қыз балаға қарағанда азайып жатырЗерттеуші Виктор Греч оның себебі осы лаңкестік әрекеттер екенін дәлелдеп, Early Human Development басылымында жариялаған.

Дүниеге келген ұлдар мен қыздардың арақатынасы халықтанушы мамандар үшін маңызды екені белгілі. Виктор Греч ірі-ірі лаңкестік және дағдарыстық кезеңдерде бала тууға санақ жүргізген. Ол сондай жағдайларға дейінгі және кейінгі ұл балалардың туылуын салыстырып, сәйкестік анықтаған.

Ұл балалар туылуының азаю себебі неде? Ғалымның ойынша, бұл жағдайдың түбінде күйзеліс жатыр. Күйзеліс әсерінен бала түсіріп алу көбейеді, соның ішінде ер жыныстыларды түсіріп алу ықтималдығы жоғары.

Нью-Йорк университетінің ғалымдары жақында осыған ұқсас шешім шығарды. Зерттеушілер айтуынша, ұл балаға аяғы ауыр адам алғашқы кезде көп түсік тастауы мүмкін екен. Себебі қыз балаға жүктілік кезеңіне қарағанда, ұл бала көтеру әйел адам ағзасына көп күш түсіреді.

А. Жапатова