Бақытты адамның ұстанымдары

Бақытты адамның ұстанымдары
Фото: Альбина Хан

Көптеген адам бақытты болудың жолы қандай екенін білгісі келеді. Онда бір құпия бар ма? Әлде бақыттың кілтін табу әркімнің қолынан келе бермей ме?

1. Ұнамайтын нәрседен бас тартыңыз. Жұмысыңыз ұнамай ма? Басқа компанияға ауысыңыз. Оқып жатқан мамандығыңыз ұнамаса, басқа факультетке ауысыңыз немесе университет әкімшілігімен кеңесіп, академиялық бағдарламалар бойынша бір семестр шетелден білім алыңыз. Шыдап жүремін деп денсаулығыңызды құртып, өзіңізге деген сенімнен арылуыңыз мүмкін, оысын ұмытпаңыз.

2. Негативтен аулақ болыңыз. Өміріне көңілі толмайтын, үнемі арызданып жүретін адамдардан бойыңызды алшақ ұстаңыз. Әрине, өзгеге көмектесу жақсы әдет, бірақ, ондай адамдардың көбі көмектен, кеңестен бас тартып, тек шағымданғанды жөн көреді. Алға жылжып, өміріне өзгеріс енгізуге ұмтылмайды.

3. Біреудің пікіріне тәуелді болмаңыз. Кеңес дәуірінде адамдар көрші-қолаңның пікірі мен кеңесіне құлақ асатын. Ал қазір әр адам өзінше өмір сүруге үйренген. Бірақ көбіміз әлі күнге дейін әрбір қадамымызды басар кезде айналамызға қарап, үрейленеміз. Ойыңызға келген идеяны жүзеге асыруға қорықпаңыз. Жақсы көретін адамның кемшіліктеріне жақындарыңыз не айтады екен деп бас қатырмаған абзал. Өз қызығушылығыңыздан бас тартпаңыз. 

Жалғасы бар...

Ф. Абилова