Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Түйіндемені қалай жазу керек?

Түйіндемені қалай жазу керек?

Түйіндемені қалай жазу керек?

Жақсы қызметке орналасу үшін білім мен кәсіби біліктіліктен бөлек алдымен сауатты түрде құрастырылған түйіндеме керек. Дұрыс құрастырылған түйіндеме сізге қалаған қызметке шақырту алуға жол береді. Түйіндеме құрастырудың өз талабы, өз құрылымы бар. Сондықтан оған аса мән беріп, үлкен жауаппен қарау керек.

Түйіндемеде жалған ақпаратты жазып, өтірік айтудың қажеті жоқ. Өзіңізді асыра мақтап, өтірікті шындай, шындықты мөлшерінен тыс айту дұрыс емес. Жалған ақпарат өз кедергісін болашақта келтіру мүмкін. Сондықтан да түйіндеме тек шындықты көрсету керек.

Егер де сіздің түйіндемеңіз арқылы өзіңізді көрсеткіңіз келсе, әуелі өзіңізге баға беріңіз. Артықшылықтарыңызды тізіп шығыңыз. Жөн деп санаған қасиетіңізді түйіндемеге енгізіңіз.

Түйіндемеде артықшылықтар, білім мен кәсіби біліктіліктен басқа қызығушылық, жетістіктер пен қосымша ақпарат бөлігі толтырылу керек. Тек оның өзін толтырғанда мұқият болу керек.

Қызығушылыққа «суретке түсу», «компьютер ойнау», «ғаламторды пайдалану» деп жазу үлкен қателік. Орнына «кітап оқу», «психология», «саяхат» деп жазған абзалырақ.

Қосымша ақпаратқа жоғары оқу орнынан тыс алған біліміңіз, яғни оқыған дәрістеріңіз, тіл білімі көрсетілу керек.

Жетістіктерде ғылым я қызмет жолында алған марапаттарыңызды көрсетіңіз. «Бесінші сыныпта валеология сабағынан олимпиадаға қатысқанмын», «Үздік шығарма үшін мақтау қағазы берілген» т.с.с. бағытта жазылған жетістіктердің еш қажеті жоқ.

Мақсат пен жоспар бөлігіне өзіңіздің алға қойған мақсаттарыңызды жазғанда өзіңіздің қызмет жолыңыздағы мүдделеріңізді жазыңыз. Жеке бас мәселесіндегі арман-мақсаттарды жазудың қажеті шамалы.

Түйіндеменің рәсімделуіне де аса мән беріңіз. Толтырған кезде оны түрлі-түсті шрифтпен жазуға, гүл, жүрек, аю т.с.с бейнеленген сурет салуға, оны қоршауға ұмтылмаңыз. Түйіндеме толтырған кезде Times New Roman, Helvetica, Arial шрифтерін пайдаланып, бір қалыпты көлемді сақтаңыз.

Кейбір мекемелер түйіндемемен қоса, фотосурет жіберуді талап етеді. Ол кезде 3х4 көлемдегі суретіңізді жіберіңіз. Көпшілікпен, гүл ұстап, майысып тұрған, дәмханада шәй ішіп тұрған кезде түсірілген суреттерді жіберуге болмайды!

Түйіндемені толтырып болғаннан кейін өзіңіз мұқият оқып шығып, сырттай бағалаңыз. Кем-кетіктер болса түзетіңіз. Дұрыс құрастырылған түйіндеме болашаққа жол ашатынын ұмытпаңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: selling-just.blogspot.com, www.moneyball.info

29584 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 25 шілде 2012, 15:27
Пікірлер
+0
25 шілде 2012, 15:46

"Бесінші сыныпта валеология сабағынан олимпиадаға қатысқанмын», «Үздік шығарма үшін мақтау қағазы берілген» т.с.с. бағытта жазылған жетістіктердің еш қажеті жоқ." :lol:

+0
25 шілде 2012, 19:03

осы туйиндеме жазу жайлы макаланы будан 3 ай бурын окыганымда мумкин казиргиден де улкен кызметке орналасар ма едим деген ой келди)))
десек те туиндеменин емес "танысы бардын шанысы" бар замангой..

+0
03 сәуір 2015, 13:12

сөзіңіздің жаны бар.

+0
03 сәуір 2015, 13:11

тек қыз баласына емес ер кісігеде керек дүние сияқты. Ғазиза Ұзаққызы рахмет сізге!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...