Тест: Өзіңізге сенімдісіз бе?

Тест: Өзіңізге сенімдісіз бе?
Фото: Владимир Акуленко, Рамиль Магдеев

Төмендегі тестінің көмегімен өзіңізге қаншалықты сенімді екеніңізді, айналаңыздағыларға алғашқы кездесуден кейін қандай әсер қалдыратыныңызды анықтауыңызға болады. Ол үшін төмендегі жауаптардың бірін таңдаңыз.

1. Қалай амандасқан дұрыс?

а) қысқа, бірақ қолды қатты қысу;

ә) ұзақ әрі қолды жоғары-төмен қозғалту арқылы;

б) қолды бір-біріне тигізу.

2. Сіздің жұлдыз белгіңіз қандай?

а) арыстан, тоқты, тауешкі, торпақ;

ә) егіздер, сарышаян, суқұйғыш, мерген;

б) балықтар, шаян, бикеш, таразы.

3. Сіздің теріңіз қандай?

а) қалыпты, арнайы күтімді қажетсінбейді;

ә) сезімтал емес;

б) сезімтал әрі құрғақ.

4. Бойжеткен саябақтың ішіндегі орындықта қалың ойға шомып отыр. Сіздің ойыңызша, ол...

а) ол өзінің жалғыз екеніне мұңайып отыр;

ә) ол өзгелердің өзін аяғанын қалайды;

б) оның қандай да бір қиындықтары бар секілді.

5. Төмендегі мінездің қайсысы сізге тән?

а) өкпе, реніш дегенді тез ұмытамын;

ә) үнемі өзгелердің қамын ойлап жүремін;

б) біреуге өтірік айтсам, артынша өзімді жайсыз сезінемін.

6. Фигуралардың қайсысы көбірек ұнайды?

а) үшбұрыш;

ә) ромб;

б) домалақ.

7. Қандай спорт түрімен қуана-қуана айналысатын едіңіз?

а) парашют;

ә) суға секіру;

б) альпинизм.

Енді жауапты әрпіне қарап есептеңіз.

Тест жауабы

«А» жауабы көп болса, сіз өзіне сенімді, алайда кейде қиындықтан қашуды жөн көретін адамсыз. Өзіңіздің дәрменсіздігіңізді жасырмайсыз. Өйткені сіз мықты тұлғасыз. Қалағаныңызға оңай қол жеткізетіндіктен, көп күш жұмсап әуре болмайсыз.

«Ә» жауабы көп болса, сізді өзіне толықтай сенімді адам деп айта алмаймыз. Тәжірибеңіз болса, ешнәрседен қорықпайсыз. Алайда жаңа ортаның арасына түсуді, жаңа жұмыспен айналысуды ұнатпайсыз. Бейтаныс адамдар келіп әңгіме айтса, жақтырмай қарайсыз. Осындай сәттерде өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалтып аласыз. Көңіл күйіңізге байланысты үнсіз қаласыз немесе өзіңізге тым сенімді екеніңізді көрсетесіз.

«Б» жауабы көп болса, өзіңізді дұрыс бағаламайсыз. Айналаңыздағыларға сенбейтін секілдісіз. Бұрын жіберген қателіктерді еске алып, өзіңізді бақытты сәттен айырасыз. Неге мұнша қорқақ екеніңіздің себебін анықтап көріңіз. Анализ жүргізіңіз.

Құрметті оқырман, сіздің нәтижелеріңіз қандай болды?

Қ. Бүйенбай