Омар Хайямның өмір туралы ойлары

Омар Хайямның өмір туралы ойлары
Фото: Сергей Вериго

Парсы ғалымы Омар Хайям математика және астрономия ілімдеріне қатысты еңбектерімен танылды. Өмірден қайтқан соң адамдар оның поэзиялық қырын анықтады. Ол өмір, адамзат табиғаты жайлы өз ойларын артынан мирас етіп қалдырған еді.

Адамның жаны қаншалықты лас болса, соншалықты меммен, тәкаппар болады. Жаны жетпеген шыңға тұмсығымен жетуге тырысады.

Бұл әлемге біз қайтып оралмаймыз. Ешқашан достарымызбен дастарқан басында қосылмаймыз. Сондықтан өмірдің әр сәтін бағалауға тырыс.

Әркімге жан-жүрегіңді, жылы сезімді сыйлай бергенше, жалғыз болған артық. Әркімге «сүйемін» деп шашылсаңыз, жан жарыңызды кездестіргенде сүйе алмай қаласыз.

Егер өз шаңырағың болса, жейтін наның болса, ешкімге құл емес, ие емес болсаң, нағыз бақытты және рухани бай адамсың!

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Әйеліңмен нәзік бол. Қасірет, қайғы сұлулықты жояды. Сенің әрбір залым сөзің, әрекетің сұлуыңның бетіндегі әжім болып қалады.

Мықты, бай адамды көре алмаудан аулақ бол. Әр таңның артында түн бар екенін ұмытпа. Мына қысқа ғұмырды бостан бос өткізіп алма.

Өмірді дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір  сүргенше, жалғыз болған дұрыс.

Ф. Абилова