Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сабыр түбі - сары алтын

Сабыр түбі - сары алтын

Сабыр түбі - сары алтын

Адам ішкі сабырын бұзатын жағдайларға күнделікті болмаса да, жиі тап болып жатады. Болған жағдайды уайымдап, ызаланғанша сабыр сақтап, байсалды болуға тырысу керек.

1. Мәселені әсірелемеңіз. Болған мәселені ойлай бермей, назарды басқа жаққа бөлудің орнына адамдар керісінше ойша көп нәрсе қосып, одан сайын қиындатып жібереді. Бұдан да қиын жағдайлар болатынын еске алып, өзіңді сабырға шақырған әлдеқайда тиімді.

2. Мәселелеріңізді айтып, достарыңызға жүгірмеңіз. Адам эмоцияға берілгенде, болып жатқан мәселені жақын қабылдайды. Ал бұған тағы күдік, пікірлерді қосып, одан әрі қыздырып жіберсе сабырлық келе қоймасы анық, керісінше мәселені одан әрі шиеленістіріп, ойластырылмаған шешімге әкелуі мүмкін.

3. Әбігерге салынбаңыз. Тез қимылдау, асығыстық пен асығу ағзаны әрдайым қимыл-қозғалысқа реттеп қояды. Бұдан арылу үшін бірнеше минут өзіңізге келіп отырыңыз, бәрін асықпай істеуге талпыныңыз.

4. Өз іс-әрекеттеріңізді саралаңыз. Сырт көзге қалай көрінесіз, сонымен қатар айналадағы адамдарға қаншама жағымсыз эмоция сыйлайсыз. Өзіңізді ғана ойлай бермей, жақындарыңызды да ойлаңыз.

5. Бұл қиындықты да жеңемін деп өзіңізді сендіріңіз, өткен шақта да осындай қиыншылықтан аман-есен өткен кезеңдеріңізді еске түсіріңіз.

6. Өзіңізді күтіңіз. Толыққанды демалыс, дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар – өзіңізді тонуста ұстап, хал-жағдайыңызды жақсартады.

7. Байсалды, сабырлы адамдармен дос болыңыз. Көбіне адамдар жанындағы адамдардың кейбір қасиеттерін жұқтырып алады. Сондықтан достарыңыз кез келген жағдайда өзін салқынқанды ұстай алатын болса, сізге де көмегі тиер еді.

8. Терең демалыңыз. Бұл да мәселеден бір сәтке ауытқудың бір тәсілі. Терең демалу ішкі сабырлықты сақтап, байбаламға салынуға жол бермейді.

Суреттер: tewom.ru, vitamarg.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

32496 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 13:22
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 13:35

Көбіне адамдар жанындағы адамдардың кейбір қасиеттерін жұқтырып алады. Рас сөз :D

+0
27 маусым 2012, 13:55

Сабырлық - ең ұлы қасиеттердің бірі! Кез-келгеннің бойынан табыла бермейтіні өте өкінішті...

+0
27 маусым 2012, 14:26

Жер қозғалса да, қозғалмай отыра беру керек ))

+0
27 маусым 2012, 14:27

Көбіне адамдар жанындағы адамдардың кейбір қасиеттерін жұқтырып алады - бісе, соңғы кезде өзгеріп бара жатырмын

+0
27 маусым 2012, 14:28

Жұқтырма, Фара! :lol:

+0
27 маусым 2012, 14:50

ты это о ком? :lol: :)

+0
27 маусым 2012, 14:51

А ты прямь незнаешь :D

+0
27 маусым 2012, 14:47

Сабыр түбі сары алтын.

+0
27 маусым 2012, 14:55

Сабырлылықты эмоционалдылықпен де салыстыруға болатын сияқты...

+0
28 маусым 2012, 14:05

маған қазір өті қажет боп тұр, бөлісетін кім бар??? :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...