Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Сүйгеніңіздің қан тобы қандай?

Сүйгеніңіздің қан тобы қандай?

Сүйгеніңіздің қан тобы қандай?

Қан тобына қарай жұбыңызбен қаншалықты сәйкес екеніңізді анықтайық.

I қан тобы

Бұл топтағы адамдар барлық іске бірден жармасып алғанымен, ешқайсысын аяғына дейін жеткізіп орындай бермейді. Есесіне, ол жұмысты орындайтын адамдарды таба алады. Өздеріне бұйрық бергенді ұнатпағанымен, өздері басқарғанды жандары сүйеді. Сол себептен, олардан мықты басшы шығады. Олар үнемі алда жүретін адамдар. 1 қан тобындағы адамдар үнемі әрекет үстінде жүреді. Және олар сүйіктілеріне барынша адал.

I топтағылар II не III қан тобындағы адамдармен жақсы жарасады. 

II қан тобы

Бұл топтағы адамдарға көбіне кеңес алу үшін жүгініп жатады. Олар өздерінің проблемаларына қарағанда, жұрттың қиындықтарын жақсы шешеді. II қан тобындағылар адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алады. Сезімтал. Олар көбіне жүрек, көз ауруларына шалдығады.

I мен IV қан тобындағылармен үйлесе кетеді. 

III қан тобы

Олар асқан дәлдікпен шындап кіріскен ісінің түбіне жетпей қоймайды. Сондықтан, олардан жақсы із кесуші, қорғаушы, салық полициясының қызметкері секілді құпияны ашуды қажет ететін мамандық иелері шығады. Көбіне өзімшіл адамдар. Бұл топтағылар әдетте жұтқыншаққа қатысты аурулардан жапа шегеді.

I мен IV қан тобындағылармен жүректері жарасым табады.

IV қан тобы

Бұл топтағылар көбіне зерттеуші, ғалым секілді мамандық иелері болып жатады. Бұлар үшін ғылым әлемі таптырмас мамандық. Өйткені, олар табиғаттан өте ақылды болып жаралады. Және өте төзімді. Көбіне адамдармен араласпай, жалғыз жүргенді ұнататын жандар. 

II, III қан тобындағы жандармен көтерген шаңырақтары берекелі болмақ.

Бұл зерттеуші топтың болжамы ғана. "Жазмыштан озмыш жоқ" десек, қан тобының сәйкессіздігі бақытты болуға кедергі бола қояр ма екен?..

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: woman.ru

21511 7
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 16 маусым 2012, 17:07
Пікірлер
+0
17 маусым 2012, 13:48

Бүгін сұрамасам)))

+0
17 маусым 2012, 18:04

Қан тобымен қосыла берсе жақсы ғо

+0
17 маусым 2012, 23:56

Бірінші жүрек, сосын қан қосылады ғой..."Жазмыштан озмыш жоқ"

+0
26 маусым 2012, 18:17

өзімдікі 4, сүйіктімдікі... қызым жоқ ") :roll:

+0
26 маусым 2012, 18:24

менікі 2 :roll:

+0
29 тамыз 2012, 16:29

менің сүйіктімнің қан тобы IV, мен өзімдікін ұмытып қалып тұрмын, II топ сияқтымын. II-топ болсам жалпы жақсы жарасады екенмін :P

+0
29 қыркүйек 2012, 19:39

мен қан тобымды білмеймін брак мен де араласпай жалғыз жжүргенді ұнатамын Ғылыммен айналысамын қазірден бастап менің жаңадан шығарған заттыарым бар ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...