Өміріңізді өзгертетін 20 минут

Өміріңізді өзгертетін 20 минут

Көп жағдайда армандарымыз жүзеге асатындай, ал мақсаттарымыз орындалмайтындай көрінеді. Күнделікті кішкене қадамдардың көмегімен мақсатымызға жетуге көмектесетін арнайы стратегия бар. Ол «Кішкене адымдар өнері» деп аталады. Бұл теория 20 минут ережесін қамтиды. Яғни мақсатымызға жету үшін бірден іске кіріспей, күнделікті 20 минут бөлудің жеткілікті екенін танытады. Бұл уақыт ішінде өзіңіз сүймейтін істермен оңай айналысуға болады.

Аталған тәсіл жалқаулықтан арылуға көмектеседі, әрі нағыз мотивация бола алады.

- Күнделікті спорт жаттығуларына 20 минут арнайтын болсаңыз, денсаулығыңыз мықты болады;

- Күнделікті 20 минут үй тазаласаңыз, оның шашылып жатуын мүлдем ұмытасыз;

- Отбасы мүшелерін тыңдауға 20 минут арнаңыз. Сол кезде арадағы қарым-қатынастың суып кетуіне алаңдамайтын боласыз;

- Өзіңізді тыңдап, жазба жазуға 20 минут арнасаңыз, идея жетіспеушілігінен аулақ боласыз;

- Күнде 20 минут бойы ақша табудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыратын болсаңыз, қаражат мәселесінде қиналмайсыз;

- Күнделікті демалысқа 20 минут арнасаңыз, шаршауды ұмытасыз;

- Пайдалы кітап оқуға 20 минут арнасаңыз, сіз міндетті түрде бір саланың маманына айналасыз.

Егер барлық істі кейінге қалдыруға дағдыланып қалған болсаңыз, 20 минут ережесі жалқаулықтан арылуға көмектеседі. Күнделікті өзіңіз сүймейтін іспен 20 минут бойы айналысу арқылы үлкен табысқа қол жеткізе аласыз. 

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай