Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жұмысым жүрсін десеңіз

Жұмысым жүрсін десеңіз

Жұмысым жүрсін десеңіз

Сүйікті жұмысыңыз сізге бұрынғыдай жақсы әсер бермей ме? Жұмысыңыз біртекті, қызықсыз бола бастады ма? Бұл жағдайда сізге сергіп, жұмысыңызға басқа қырынан қарау керек. Мына кеңестерге құлақ асып, жұмысыңызға жаңа дем беріңіз.

Армандаңыз. Жұмыстағы күнделікті шаруаларды еш ойланбастан істегеннің орнына, осы жұмыстың сізге не бере алатындығы жайлы ойланып көріңіз. Жоғары қызмет, қомақты еңбекақы... Мүмкін бір айдан кейін сіз ең жақсы қызметкер атанатын шығарсыз? Немесе кезексіз сыйақының иегері болып қаларсыз? Ол ақшаны неге құртар едіңіз? Жаңа киім, көлік, саяхат... Осы жайлы біраз армандап, өзіңіздің  болашақ мақсаттарыңызды айқындаңыз. Бұл жұмыстан не қалайтындығыңызды жүйелеп, жұмыс тек күнделікті шаруалар ғана емес, сол еңбектің жемісі де екенін еске қайта түсіресіз.

Жұмысыңызды кішігірім тапсырмаларға бөліп тастаңыз. Жұмысыңыз тым ауыр көрінсе, оны кішкентай тапсырмаларға бөлу арқылы өзіңізді психологиялық түрде жұмысыңызды орындауға үгіттейсіз. Үлкен шаруадан гөрі кішігірім тапсырмалар істеген оңай емес пе? Тапсырмаларды ретімен орындап, әр орындалған тапсырма үшін өзіңізді сыйлықтармен марапаттаңыз. Мысалы 2 сағат қатарынан жұмысыңызды жасасаңыз, өзіңізге ыстық шай, не тәтті, не әлеуметтік желіде отыруға үзіліс берсеңіз болады. 

Жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Сәтсіздіктер әсерерінен жұмыс істеуге еш мұршаңыз болмаса, өзіңіздің жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Сізге соңғы рет айлық көтерген кезді немесе жиналыста сізді мақтаған сәттерді, жеңімпаз атанудың қандай жақсы екенін еске алып, жаңа жетістіктерге жетуге рухтаныңыз.

Жаңа белестерді бағындырып, жетістіктерге жетіңіз!

Сурет: vkurse.ua

487 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 маусым 2012, 17:04
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 17:16

жұмыс жүру үшін ең бірінші ұйқыны қандыру керек :lol:

+0
07 маусым 2012, 17:16

:lol: это точно :lol:

+0
07 маусым 2012, 17:16

ұсақ тапсырмаларға бөлсек, желаниең тіпті қайтып қалатын сияқты ғо))

+0
07 маусым 2012, 17:17

айтпа :lol:

+0
07 маусым 2012, 18:12

қиялдап отыратын уақыт жоқ жұмыс біздікі))

+0
07 маусым 2012, 19:20

жұмысты рутинаға айналдырмай, қуана істеу керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...