Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Экстраверт пен Интроверт. Олар кімдер?

Экстраверт пен Интроверт. Олар кімдер?

Экстраверт пен Интроверт. Олар кімдер?

Жер бетінде қанша адам болса, сонша мінез бар. Әркімнің әдепкі әдеттері әртүрлі. Алдыңғы жазбада адамның оптимистік және пессимистік көзқарастарын талқыға салған едік. Бүгінгі әңгімеміз де болмыс мәселесін төңіректейді. Бүгін экстраверт және интроверт адамдарға шағын зерттеу жүргіземіз. Бұл терминдерді Швейцария психологі Карл Густав Юнг қолданысқа енгізген еді. 

Экстраверт:

  • адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
  • публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
  • кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам.

Интроверт:

  • жалғыздықты сүйетін;
  • өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
  • ішкі әлемінде өмір сүретін жан.

Адам бір іспен шұғылданғанда, тіпті сөйлегенде күш жұмсайды. Әдетте адам энергияны тыныс алу, тамақтану және ұйықтау арқылы алады. Ұйқымыз қанғанда, жаңа күш пайда болғандай әсерде болатынымыз сондықтан. Психологтардың айтуынша, экстраверт адамдар үшін бұл энергия жеткілікті көрінбейді. Сондықтан, олар энергияны қарым-қатынас арқылы басқа адамдардан алады. Экстравертердің үнемі жұрттың назарында болғысы келетіні осы себептен болса керек. Экстравертер алға ұмтылғыш, ашық-жарқын болып келеді. Араласатын адамдары да айтарлықтай көп болады. Себебі, ол кез келген ортаны баурап, адамдардың есінде қала алады. Дегенмен, бұл жүз достың бәрі сенімді деген сөз емес...

Ал интровертер керісінше. Олар көпшілік ортада ұзақ қалғысы келмейді, үнемі жалғыздықты жаны қалап тұрады. Адамдармен араласып-құраласып кету олар үшін оңай емес. Интровертер сезімдерін сыртқа шығара бермейтін салмақты, жабық, тұйық адамдар. Бұл эгоистік емес. Олар үшін қоршаған ортадан өз ішкі әлемі маңызды. Оның бір немесе екі досы болуы мүмкін. Көбіне олардың осы бір не екі досымен өмір-бойы сырласып өтуі ғажап емес. Психологтар сондай-ақ, шығармашылықпен айналысатын адамдардың көбі интроверт болып келеді дейді. 

Экстравертер қиындыққа душар болғанда, ештеңені ішіне ұстамай, айрықша эмоциямен сыртқа шығарып тастайды. Бұл қоршаған ортаның оған деген көзқарасын өзгертуі мүмкін.  Ал интровертер бәрін ішінде сақтайды. Соның кесірінен тығырықтан шығатын жол таба алмай, күйзеліске түсіп кетуі ғажап емес.

Өзіңізді танып отырсыз ба? "Таяқтың екі ұшы болатыны" сияқты бұл екі түрдің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы орайда біз экстраверке мынадай кеңес береміз. "Сіз көбіне мәселені бет жағынан қарап, тереңірек үңіле бермейсіз. Сіз үшін дәл қазіргі оқиға бәрінен маңызды. Дегенмен, мәселені жан-жақты ойланып барып, шешім қабылдағаныңыз дұрыс". Ал интроверке: "Жаңалық іздеуден қашпаңыз. Жаңа таныстыққа қол сілтемей, адамдармен араласуға ұмтылыңыз" демекпіз.

Адам жаратылысынан не экстраверт, не интроверт болады. Бірақ, қоршаған орта қажеттіліктеріне қарай, экстравертердің интровертке, интровертердің экстравертке айналуы әбден мүмкін. 

сурет: materinstvo.ru, agurblogg.blogspot.com

6138 0
Рейтинг: +6

Қосылған күні: 23 мамыр 2012, 12:46
Пікірлер
+0
23 мамыр 2012, 12:41

Негізі жалғыздықты ұнатамын. Көпшілік ортада көбіне шаршаймын. Бірақ, қоршаған ортадан алшақтағым келмейді. Сонда кіммін? :D

+0
23 мамыр 2012, 12:52

Менде екеуіде бар, бұл наверное таразыларға келмейтін сияқты

+0
23 мамыр 2012, 14:28

Экстровертпін.

+0
23 мамыр 2012, 17:08

мен де)))) Бірақ, жалғыз болсам ішім пыспайды, өзіме өзім оратор, өзіме өзім публика болып)))))))))))))))))

+0
28 қаңтар 2014, 21:49

Қазіргі жауабыңды көрші.. Қызық, уақыт адамды өзгертеді...

+0
23 мамыр 2012, 18:15

а мен ИКСтроаВЕРТпін :lol:

+0
23 мамыр 2012, 21:14

интровертпін деп ешкім айтпай ма :lol:

+0
25 мамыр 2012, 19:55

Мен де екеуі де бар. Экстраинтровертер боламын ба екеуінің қосындысы?! :roll:

+0
27 мамыр 2012, 22:03

да, бул менин ойымша - гармония

+0
27 мамыр 2012, 22:33

бұл екеуін, негізінен, адамның киінуінен ажыратып жатады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...