Қыз бен жігіт болмысы
![Қыз бен жігіт болмысы](/userdata/news/news_2034/photo.jpg)
Қыз бен жігіт болмысы қашанда жұмбақ. Қыз дегенде көз алдымызға нәзік, сұлу ару келсе, жігіт десе, қайсар, өжет ерді елестетеміз. Назарларыңызда қыз бен жігітке тән қылықтар туралы аз-маз әңгіме.
Қыздар:
- Жалғыз махаббатқа сенеді;
- Жігіті артық сөзсіз қолынан ұстаған сәттерді ұнатады;
- Жарты сағат сайын сүйіктісінен смс хабарлама күтіп, телефонына үңіле береді;
- Кілт, қалта телефон, әмияндарын жиі жоғалтады;
- "Ұялып қызарып кеттің" дегенді естісе, одан бетер қызарып кетеді;
- Сағат 11:11 мен 22:22-де тілек тілейді;
- Ұйықтағанда ойыншық аю не қоянды құшақтап жатады;
- Қажет емес пакеттерді жинап, ас үй сөрелері оларға лық толғанда, не істерін білмейді;
- Мармелад аюларын жақсы көреді;
- Кейде телефонын әдейі көтермей, кейін "Кешір, қолым бос емес еді" деп өзінің жігітінен басқа да шаруасы бар екендігін көрсеткісі келеді;
- Қасында шаш әшекейі болмағанда, шашты көрінген нәрсемен қыстырып қояды (қарындаш, қалам);
- Сұрақты анық естісе де, оны қайталап сұрайды;
- Ерінін тістеп, жалай береді;
- Үйден шығып бара жатқанда, міндетті түрде айнаға қарап кетеді;
- Телефонын уақытты қарау үшін алып, не қарайын дегенін ұмытып қалады;
- Көліктердің әйнектері мен дүкендердің терезелерінен өзіне бір қарап өтеді;
- Телефонға «Тыныш» режимін қойып, смс-тың келген-келмегенін 10 рет тексеріп отырады.
Жігіттер:
- Қыздардың көз жасынан қорқады;
- Компьютерді жөндеп бере алады;
- Махаббат туралы фильм көруге анда-санда келісімін береді;
- "Сөйлесуіміз керек" дегеннен өлердей қорқады;
- Қырынғаннан кейін түрлері өздерінше бола қалады;
- Қыздың ішіне қолын қойғанда, аурудың бәрі басыла кетеді;
- Кейде қоңырау соғуды ұмытып кетеді. Әлде, сөйлескісі келмей ме? Әй, жоқ ұмытып қалады;
- Қыздың анасына ұнағысы келеді, ал әкесінен қорқады;
- Қыздарға көлік айдауды үйретеді;
- Қыста жұқа киініп алғанда, біртүрлі қызық ұрысады;
- Шампанды әдемі ашып, тастарды су бетінде секіре алатындай етіп лақтырады;
- Қыздарға сонша киімнің не үшін керектігін түсінбейді;
- Ұзақ хабарламалар жазғанды жек көреді;
- Кейбір нәрселер туралы жиі ойласа да, ешқашан ашылып айтпайды.
Сурет: woman.ru