Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Оптимиссіз бе, пессимиссіз бе?

Әлем оптимистерге арналады, ал пессимистер бар болғаны бақылаушылар ғана.

Г. Франсуа

Адамға бәрі ортақ. Мынау жұмыр жер, ашық аспан, мөлдір ауа. Үлкен әлемнің ішінен әрқайсымыз өзіміздің кішкентай әлемімізді құрып, тағдырымызды жасаймыз. Ертеңгі күнге деген селкеусіз сенім мен үкілі үміт сүрінген кезде де, демеу беріп, орнымыздан тұрғызып жібереді. Ал кейбіреуіміз құлаған жерімізден қайтып тұруға күш таба алмай, тұралап қалып жатамыз. Адам өмірді қабылдай білуіне орай оптимист және пессимист болып бөлінеді. 
Өмірдің әрқайсымызға дайындаған сыйлықтары әртүрлі. Біріміздің жүрегіміз жарылардай қуанып жатсақ, біріміз үшін өмірдің мәні кетіп, түңіліп, өз-өзімізді таппай жатамыз. Сондай-ақ, әрбір оқиғаны, әрбір қиындық пен қуанышты әрқайсымыз түрліше қабылдаймыз. Өмірдің өзі ақ пен қарадан құралатындықтан, мынау жалғанда қиыншылық көрмейтін адам жоқ. Мәселе, қиындықтың үлкен-кішілігінде емес, мәселе оны кімнің қалай қабылдайтындығында.
Оптимизм дегеніміздің өзі адамның кез келген заттан жақсы нәрсе таба білуі болса, оптимистер аса ауыр жағдайда да әлі талай қуаныштар кездесетініне кәміл сеніп, үміт отын сөндірмей сақтай алады. Басы қандай дауға қалғанын біліп, сәтсіздіктің шырмауына шырмалғанын ұғынса да, "Мейлің, кім қателеспей жатыр дейсің? Бәрі жақсы болып кетеді әлі" деп өз-өзін жұбата алады.
Ал пессимист болса, "Біттім, құрыдым, біткен жерім осы" деп жанын жегідей жейді. Оптимист оқиғаны басқара алады, ал пессимисті оқиға билейді.  
Психологтар оптимист адам пессимиске қарағанда, анағұрлым ұзақ өмір сүреді дейді. 
Отпимист үшін өмір сондай керемет, мынау жарқыраған күн де сондай ғажайып. Ал пессимист үшін "бәрі жақсы болуы мүлдем мүмкін емес".
Оптимист:
  • болашағына қалтықсыз сенеді;
  • кез келген қиындықты оңай шешеді;
  • оптимист адаммен тіл табысу оңай.
Пессимист:
  • күйзеліске көп түседі;
  • шыңдарды аз бағындырады;
  • үнемі өзіне сенімсіз.
Оптимизм мен пессимизмнің ортасы, яки не бәрі жақсы деп, не бәрі жаман деп емес, кез келген нәрсені сол қалпында қабылдайтын адамдар - реализм өкілдері. Реалистер.
"Оптимист кемшіліктен құндылық іздейді, пессимист құндылықтан кемшілік іздейді" депті бір данышпан. Бақытқа жетер баспалдақтың алғашқы сатысы да әркімнің дүниені тануында жатса керек...  
Ал сіз өзіңізді қайсысына жатқызар едіңіз?

Сурет: scienceblog.ru, vse-sekrety.ru, liveinternet.ru

16916 20
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 17:09
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 17:31

мистпін :lol: :lol:

+0
22 мамыр 2012, 17:33

Мен кейде оптимист, кейде пессимистпін ) Әлде, ондай болмай ма? ;)

+0
22 мамыр 2012, 18:14

өзіме тартқан! ы-ы-ы-ы-ы :lol:

+0
22 мамыр 2012, 17:35

Мен Реалист ;)

+0
22 мамыр 2012, 17:53

Пессимист болғаннан сақтасын :roll:

+0
22 мамыр 2012, 18:34

" :o өлә мен қайсысына жатады екем, ойбууу қайттім а? соны да білмим, иии басым құрысын",- дегендер писсимсит қой ия сонда?

+0
22 мамыр 2012, 19:34

оптимистпін, кесенің іші жартыға толы деп есептейтіндердің бірімін))) Сосын, өзіме тамаша отмазкам бар: "Не болса да, қандай оқиға болса да, бәрі де тек жақсылыққа" деген)))

+0
22 мамыр 2012, 23:15

Оптимист.

+0
22 мамыр 2012, 23:15

Мен Оптипессимист)

+0
22 мамыр 2012, 23:44

Реалист болған дұрыс-ау...

+0
25 мамыр 2012, 19:58

Реалистпін :|

+0
27 мамыр 2012, 10:54

Реалистпін менде 8-)

+0
27 мамыр 2012, 21:53

мен де, бірақ бәріміз де оптимист болуға тырысайық, достар! есесіне өміріміз нұрлана түседі және ұзағырақ өмір сүруге керемет мүмкіншілік қой.

+0
27 мамыр 2012, 22:40

ақ пен қара етіп бөлуге келмейді. кейбір адамдар істеген барлық әрекетіне ішкі күйзеліспен қарайды, не істесе де, абсолютті кемеліне жеткізгісі келеді, бәріне күмәнмен, сынмен, сенімсіздікпен қарайды, бірақ оптимистік нәтижені аңсайды, ертеңгі жарқын күні үшін тырмысады: сонда оныкі оптимистік пе, пессимистік пе?!

+0
15 ақпан 2014, 23:35

оптимист

+0
24 шілде 2014, 16:30

оптимист қазақтар көбейсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...