Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Перфекционизм немесе идеалдыққа ұмтылу

Перфекционизм немесе идеалдыққа ұмтылу

Перфекционизм немесе идеалдыққа ұмтылу

Перфекционизм дегеніміз - мүгедектік 

Уинстон Черчилль

Алдымен терминді жіті түсініп алайық. Перфекционизм бір сөзбен айтқанда, адамның өз ісінің мінсіз болуына талпынуы. 

Перфекционистің ең алдымен өз-өзіне деген талабы жоғары болады, қолына алған кез келген нәрсені барлық жағынан мінсіз етіп орындауға күш-жігерін салады. 

  • Перфекционистің жақсы жағы

Көбіне мұндай адамдар жұмысын мінсіз қыламын деп, алға қарай тынымсыз тырмысып отырады. Мысалға жазып отырған қағазын умаждап қоқыс жәшігіне лақтырып, одан да жақсысын жазам деп қаламын қолына қайта алған жазушыны келтіруге болады. Перфекционизм адамды бір орында тоқтап қалмай, үздіксіз дамуға итеріп отырады. 

  • Перфекционистің екінші ұшы

Ол мынада. Перфекционист бәрінің мінсіз болғанын қалайтындықтан, кемшілікті қабылдай алмайды. Соның ішінде, бірінші кезекте өзінің кемшілігін мойындамайды. Кішкене қателік жіберсе, сол үшін өз-өзін жазғырып, "қателесуге құқым жоқ" деп есептейді. Оның өз айналасындағы адамдарға деген талабы да дәл осындай болады.

Ата-анасы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, аялап өсірген балалар өсе келе нағыз перфекционистке айналып жатады. Мектепте үздік оқып, үнемі бірінші болып үйреніп қалған адамдар әркез озық болуға талпынып, жеңіліп қалса, өмірінің соңы келгендей қайғырып, өз-өзін жегідей жейді. Бұндай адамдар қоршаған ортадан бөлектеніп, жүрегінің түбінде өзін өзгешемін, ерекпін деп есептейді. 

Бәсекелестіктің туы желбіреген қазіргі қоғамда екінің бірі перфекционист. Екінің бірі оқуда, сабақта, жеке өмірде идеалдыққа ұмтылады. Бұл жағынан карьеристке де ұқсап кетеді. Бір сәт жетістіктің шыңына шарықтаған жақсы-ау дерсіз, ал жан-дүние шипагерлері - психологтар перфекционизмнің адам бойынан табылуын құптай қоймайды. 

Александр Македонский - перфекционист. Күллі әлемді жаулап алсам деді. Жұмыр жердің аяқ астында жатқанын көкседі. Егер ол 32 жасында о дүниеге аттанып кетпегенде, бұның арты не болар еді?.. Психологтар перфекционист адам үнемі өз ісінің мінсіз болғанын қалайтындықтан, үнемі өз-өзіне қанағат қылмай, көңілі жайланбай жүреді дегенді айтады. Перфекционизм қазіргі заманның әйелдері үшін қауіпті дерт деген де пікір бар. Сұлулық үшін құрбандыққа баратын ханымдар мүсінінің мінін көріп қалса, одан арылмайынша, жай таппайды. Ерлер де, әйелдер де жеке өмірінде перфекционист болса, бұл өз өмірін өз қолымен құртуына әкелуі мүмкін. Идеалдыққа ұмтылатын жандар жартысының бойынан қандай қасиеттер іздейтінін шамалап отырған шығарсыз...

"Не бәрі, не ештеңе". Бұл перфекционистердің ұраны. Не ісінің түбіне дейін жетуі керек, не ойындағысындай шықпаса, оны түбегейлі құртуы керек. 

Идеалдыққа ұмтылу дұрыс емес демейміз. Адам өз ісін мүмкіндігі жеткенше, шама-шарқынша жасап, өз-өзін кемшілігімен қоса қабылдай алуы керек. Әлемде ештеңе де мінсіз емес. "Кемшілік жібермейтін адамнан қорық" дейді. "Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл". Дер кезінде тоқтап, қабілет-қарымын бағамдай алса болғаны. 

Ал сіз перфекционист емессіз бе?

сурет: work-blog.com, kamelek.com

4493 24
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 21 мамыр 2012, 13:04
Пікірлер
+0
21 мамыр 2012, 13:41

Стив Джобс перфекционистің нақ өзі дейді ғой. Ал мен... Перфекционист емес сияқтымын ;)

+0
21 мамыр 2012, 13:47

Жартылай перфекционистпін.

+0
21 мамыр 2012, 20:24

менде жартылай перфекционистпін))

+0
21 мамыр 2012, 13:51

Бұрын болған сияқтымын :lol: одан қазір жазылдым ғой баяғыыыыда

+0
21 мамыр 2012, 14:09

"Бір сәт- бір ләззат" қалайсың?

+0
21 мамыр 2012, 14:12

ерікпеш

+0
21 мамыр 2012, 14:14

Мен де сіз сияқты профекциони.....тфу......қандай қиын! ! ! Вопшім сондай болғанмын! Кейін мен де одан жазылдым!Екеуміз бірдей екенбіз! :ugeek: :ugeek: :ugeek:

+0
21 мамыр 2012, 14:22

"Бір сәт- бір ләззат" Сен менктепте жақсы оқып па едің?

+0
21 мамыр 2012, 14:30

АТЫМДЫ жөндеп жаз :evil:

+0
21 мамыр 2012, 15:38

Не болды дікең-дікең етіп кеп, әңгіме бар ма? теме не? теманы айтсай маған? өзіңе көп алмасай :twisted

+0
21 мамыр 2012, 15:49

е братишке, айтар әңгімең бар ма? жәй ма сенікі жөніңе жүрсеңші

+0
21 мамыр 2012, 15:53

Біріншіден Мен саған братишкең емеспін!!! Екіншіден атыңды өзің бірінші жөндеп жазып ал! Үшіншіден сен маған "Бір сәт- бір ләззатсың" түсіндің бе? а? :evil: :evil: :evil:

+0
21 мамыр 2012, 15:59

кетшінақ!

+0
21 мамыр 2012, 16:08

:lol: :lol: :lol: Айжан Маладес :lol: :lol:

+0
21 мамыр 2012, 16:25

Боқтама!!! Ептібай ит!!!

+0
21 мамыр 2012, 16:32

этиканы сақтасайш, жындысың ба? әрмен жүр дедім ғой саған

+0
21 мамыр 2012, 16:37

Әрмен жүрмесем бір жерімді кесіп аласың ба? :o

+0
21 мамыр 2012, 14:19

Не давай больше чем тебя просят и не проси больше, чем тебе нужно :!:

+0
21 мамыр 2012, 14:55

аққұлақтардың сөзін қайдан жаттап алғасың бауырым?! Түйе сұрасаң бие береді деген! Көп сұра, аз бер :mrgreen:

+0
21 мамыр 2012, 15:30

Өзімнің перфекционист екенімді білмеппін)))). Бірақ менде "Не бәрі, не ештеңе " деген ұран жоқ сияқты!)

+0
21 мамыр 2012, 16:45

Перфекционисттіктің де психологиялық негіздемесі бар дегенді оқыдым. Мінсіздікке талпыну тамаша қасиет, тек өзіңе де, қоршағандарға да зардабы болмаса. Сіңлім менің нағыз перфекционист. Бәрінің, әр бір майда-шүйденің тап-түйнақтай болғанын қалайды және оған қолын жеткізе алды. Ондай қасиеті бар адамдарды жақсы көрем және қатты сыйлаймын.

+0
21 мамыр 2012, 18:04

Кейде перфекционисттік қасиет керек емес)

+0
22 мамыр 2012, 03:00

менін ойымша бул касиет кез-келген адамда болатын сиякты (кишкентай болсада))))

+0
25 мамыр 2012, 11:49

мен перфекционист сияктымын. ол жаман. иыгында ауыр жук тургандай. мен болмасам ешкім емес деген ой... хммм... солай. баскаша өмір сүре алмаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...