Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ақша үнемдеудің жолдары

Ақша үнемдеудің жолдары

Ақша үнемдеудің жолдары

Көп ақша табу - батырлық, оны сақтау - ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу - өнер...

Б. Авербах

Достар, ақшасыз бір қадам аттай алмайтынымыз ақиқат қой. Алайда, көбіне ақшаны үнемдеп ұстай алмау кесірінен қиындыққа тап болып жатамыз. "Теңге тиыннан құралады" демекші, аз ақшаны ұстай білуге өз-өзімізді үйретейік. Осы орайда, Массагет.кз ақшаны қалай үнемдеп ұстауға болатыны туралы бірнеше кеңес береді.

1. Түртіп алып отырыңыз

Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз. 

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз. 

3. Тамақ сатып алғанда...

Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін. 

Достар, сіздердің ойларыңызша, ақшаны қалай үнемдеген дұрыс?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: istochnik-deneg.com

22995 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 сәуір 2012, 16:20
Пікірлер
+0
28 сәуір 2012, 18:25

Мынаны жаттап алу керек екен!

+0
28 сәуір 2012, 18:40

Айлық алғанда өте ақылдылықпен жұмсау керек.2%-н ата-анаңа беріп тұр,өліп қалмайсың,1%-н садақа ретінде бер жағдайы мүшкіл жандарға,3%-қыдыруға қой,киімді жылына 2рет ғана алып тұрОбъязательно депозитке ақша сал,балаларды жақсы жерге оқытқанға,жылына 1рет шетелге шыққанға деген сияқты.Қыстың киімін көктемде,жаздыкін күзде....сол сияқты кете береді..Кәделеріңе жаратыңдар

+0
04 мамыр 2012, 14:57

депозитке ақша салу күнә дейді!

+0
04 мамыр 2012, 15:00

Харам ба? Солай шығар.

+0
28 сәуір 2012, 18:49

мен үнемдейтін сияқтымын, бірақ сол үнемдеген ақшамды бір мезетте жаратып жіберетін кездерім болады :(

+0
02 мамыр 2012, 11:08

киімді екі жылда бір рет алса тіпті үнемдірек болар еді

+0
28 сәуір 2012, 21:26

қанша көп ақша тапсаңда берекесі болмаса пайда жоққой

+0
29 сәуір 2012, 23:48

мен ақшаны жақсы үнемдеймін :)

+0
01 мамыр 2012, 20:41

Мен де деп мақтанып қояйын! ;)

+0
02 мамыр 2012, 11:05

Samat Kab мырзаның жазған пікірі өте керемет! :!:

+0
02 мамыр 2012, 11:19

ханым рахмет

+0
08 мамыр 2012, 22:53

Ваще акша унемдей алмаймын суғой акша деген :D

+0
11 мамыр 2012, 15:59

бізідн үйде Кризис ко күнде ))) :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...