Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігіт құпиясы

Жігіт құпиясы

Жігіт құпиясы

Апта сайын қыздардың миын жеп, айтпаған арыз, өкпеміз қалған жоқ. Енді ойлап отырмыз, байғұс қыздарға бір демалыс берелікші деп. Енді, олар да адам ғой. Кез келген жанда кемшіліктер болады. Бұл кемшіліктердің жігіт психологиясын білмегендіктен ғана орын алатындығы да белгілі. Сырымызды жан баласына ашуды құп көрмейтін біз массагеттік қыздар үшін құрбанға барып отырмыз.

Құрметті қыздар! Осы ғой біздер сіздермен апта сайын сөз таластырамыз да жатамыз. Бұны енді, жай ғана әріптестер арасындағы әзіл деп ұғуға болатын шығар. Дегенмен сүйген жігіттеріңізбен қатынастарыңыздың сары майдай екендігіне күмәніміз бар. Сондықтан сіздерге жігіттер психологиясы туралы бірер кеңес бергіміз келіп, шыдай алмай отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

Бір жерге барарда, міндетті түрде сұран. Шындап келгенде сенімімізге кірген қыздың біз үшін қайда жүргендігі бәрібір. Аляскаға билет алып ұшып кетсе де, көңіліміз баяғыдай болады. Бұл жердегі сұрану процесі - жай ғана формалды нәрсе екенін ұғыныңыз. Жігіттердің психологиясы сол - қыздарды өзінің бақылауында ұстағысы келеді. Тым болмағанда, өзінің құзырында сезінгісі келеді.
Кейбір қыздардың еркіндікті желеулетіп сұрануға келгенде арқасы ұстап қалатындығын көріп жүрміз. Айтатындары: "Ешкімге есеп беруге міндетті емеспіз!" Қыздар, кішкене сыр-кеңес берейік сіздерге. Еркін болғыларың келсе, бола беріңдер. Тек жігіттің құзырында екендігіңізді білдіруге тырысып, сүйгеніңізді соған сендіре алсаңыз болды. Осымен бар мәселе бітеді.

 

 

Ұрыс естіп жатсаң, жауап қайтаруға асықпа. Көп жағдайда жігіттер басымдылық уысынан шығып бара жатса, осындай қадамға барады. Не үшін ұрсып жатқанымызға түкіргеніміз бар. Бірақ сонда да ұрсу керек болатын кездер болады. Бұл - инициативаны өз қолымызға түсіру үшін ғана жасалатын қадам. Сондықтан ақталуға асықпай, жігіттің ішкі қажеттілігін қанағаттандырып, үнсіз қалып кешірім сұраңыз.

 

 

Көпшілік алдында алдын орап сөйлеме. Бұл да жігіттің ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалатын қадам. Ер жігіт көпшілік ортасында өзін одақтың қожайыны ретінде сезінгісі келеді. Және өзін солай көрсеткісі келеді. Сол себеппен сізге тік сөздер айтып қалуы ғажап емес. Бұл жерде "ол мені сүймейді, сыйламайды" деген жалған ойлардан арылып, мәселенің байыбына баруға тырысқандығыңыз абзал.

 

Жиындарда жөнсіз билей берме. Жігіттің психологиясы арыстан секілді болады. Яғни барлық нәрсенің өзінің иелігінде болғанын жақсы көреді. Құдай үшін, бөтен еркекпен қылтыңдап билей көрмеңіз. Жігітіңіз сол жерде барлық ашуын білдірмесе де, бұл кезекті бір ұрыс-керіске потенциалды себеп болады.

 

Қарым-қатынастың алғашқы сатысында оның кемшілігін бетіне басып айтпа. Бетіне басып айтпақ түгілі ымдай да (намек) көрмеңіз. Оны жөндеу туралы түпкі ниетіңізді сезіп қойса, бұл жігітіңізге ұнай қоймасы анық.

 

 

 

Жігітке еркіндік бер. Яғни, оны өзіңіздің меншігіңіз ретінде қарауға тырыспаңыз. Оған ешқандай міндетті таңбаңыз. Яғни, ол сізге өзін байланып қалғандай сезінбесін. Оның да жеке өміріне, жеке қызығушылықтарына кеңістік қалдырыңыз. Оның жүрегінің кеңістігінің барлығын өзіңізбен толтыруға талпынбаңыз. Оның да жеке өміріне мұрша беріп, арада белгілі бір ара қашықтықты сақтаңыз. Сол үшін жігітіңіз міндетті түрде сізді сыйлап, бар махаббатын төгері анық.

 

 

Алғаш қадам жасаудан сақтан. Арадағы қарым-қатынастың тағдыры шешілетіндей жағдайға келгенде алғаш қадам жасап, инициатива білдіруге асыға көрмеңіз. Жігіттің үнсіздігі оның толғаныс, ой үстінде жүргендігінің белгісі. Нақты шешімге келіп, соған тоқтамайынша, оның қадам жасамасы анық. Сондықтан шамадан тыс активтілігінізбен оны өзіңізден алыстатып алудан қорқыңыз.

P.S. Қысқасы, жігіттің сөзіне көп жағдайда назар аударудың қажеті жоқ. Сол сөздің түпкі мақсатын, негізгі ниетін іздеуге талпынған жөн. Бірақ қыздардың көлік айдауы туралы сөздің жаны бар-ау... 

6103 0
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 10 сәуір 2012, 18:55
Пікірлер
+0
10 сәуір 2012, 21:31

:lol: :lol: :lol:

+0
10 сәуір 2012, 21:43

1,2,3,4 кеңестер жақсы айтылған, өзім осылай жасағнды жөн көремін ;)

+0
10 сәуір 2012, 23:09

Иә, жігітке еркіндік беру керек...

+0
11 сәуір 2012, 09:37

"Енді, олар да адам ғой" :lol: сөз жоқ, естеріне түскеніне шүкір))))))))))))) а так, барлық тармақтармен жартылай болса да келісуге болады :!:

+0
11 сәуір 2012, 19:27

Енді, олар да адам ғой. :lol:

+0
11 сәуір 2012, 09:52

2,3,4,5 тармақшаларға келісемін :D

+0
11 сәуір 2012, 10:44

қалған ше????

+0
11 сәуір 2012, 10:45

қалғандарына да келісемін ғой, жай аналарға сөз жоқ басымды изей изей келісемін да :D

+0
11 сәуір 2012, 10:52

ааа :)

+0
11 сәуір 2012, 13:10

Бірінші бөлім, "Сен - мендіксің!" дегенді білдіретіндей, жалпы қыздарға керісінше өзінің біреудікі екенін сезінген ұнайды ғой. Сондықтан осылай айтудың өзі бақыт сыйлайтын шығар :mrgreen:

+0
11 сәуір 2012, 15:57

Қыздар үшін өздерін құрбандыққа шалған ұлдарға рақмет)))) негізі дұрыс айтылған кеңестер екен ;) біз тағы не білмейміз соларды да ашып айтса жақсы болар еді 8-)

+0
11 сәуір 2012, 16:50

мен бәрін керісінше істейді екем көбіне

+0
11 сәуір 2012, 23:38

Біраз тармақтан қызғаныштың дәмі сезіледі....бірақ сүйсең, барлығына да шыдайсың))

+0
12 сәуір 2012, 03:25

Жақсы жазба екен:) Авторы кім болса да.

+0
13 сәуір 2012, 22:45

рахмет жазган адамга, ризамын!!!"

+0
16 сәуір 2012, 16:37

ote keremet!

+0
17 сәуір 2012, 16:06

дурыс, келисемин 8-) ;)

+0
05 маусым 2013, 12:10

жақсы екен

+0
26 наурыз, 23:21

"Колик айдау туралы "ол не соз ? Жалпы колик айдайтын кыздарга улдардын ойы калай екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...