Бақытты өмір сүрем десеңіз...

Бақытты өмір сүрем десеңіз...

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Пенде болған соң, кейбір қадамдарымызды шалыс басып жатамыз. Достарымыздың бетін енді көрмейтіндей, оларға қатты-қатты сөздер айтып, ата-анамыздың қадірін кейін біліп, қолымызды мезгілінен кеш сермейміз. Өмір қағидалардан құралады. Ал қағидаларды жасайтын өзіміз екені рас. Мына қарапайым кеңестер шын мәнінде, өмірдің алтын кеңестері. Сондықтан, осы кеңестерді ойға түйсеңіз, бақыт бақшасына бір қадам жақындайтыныңыз сөзсіз... 

  • Біреуге қайта қоңырау шаламын деп уәде бердіңіз бе? Ендеше соны ұмытпаңыз! 
  • Кешігіп барасыз ба? Сізді күтіп отырған адамдарға бұл жайлы ескертудің жолын қалай да табыңыз! 
  • Біреудің арманына күлмеңіз. Сіздің арманыңызға күлгенді қалар ма едіңіз?
  • Сізді сатып, опасыздық істеген адамға қайта сенбеңіз. Ол әлбетте өзгермейді. 
  • Ата-анаңызға уақытты көбірек бөліңіз. Олардың бақилық болуы бір-ақ сәт. 
  • Сыпайылық жүректерді жаулайды. Әдепті болуға тырысыңыз.
  • Теледидар қарамаңыз. Ешқашан. 
  • Қателігіңізді мойындай біліңіз. Бұл - үлкен ерлік.
  • Біреуге шағымданып, өміріңіздің қиындықтарын айтып зарлай бергенді қойыңыз. Ешкімді де біреудің қиындықтары қызықтырмайды. 
  • Өсек айтқанды доғарыңыз. Бұл әдепсіздіктің белгісі.
  • Қиын, түсініксіз жайтқа тап болдыңыз ба? Қиындықты шешемін деп жүгірмей, одан да... ұйықтап алыңыз. 
  • Өмірдің бағыты жоғары болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Өзіңізді дамытып, әрі қарай жылжисыз ба, не бір орында бірнеше жылдап тұрып қала бересіз бе? Ойланыңыз. 
  • Біреумен қатты ұрсысып жатсаңыз да, адамды осал тұсынан ұстап қалудан аулақ болыңыз. Жақында онымен достасып кете аласыз, алайда жүрекке тиген сөздер оңайлықпен жуыла қоймас.
  • Шыншыл болыңыз. Сонда айтылған өтірікті есте сақтау керек болмайды. 
  • Басыңызға жаңа ой келді ме? Жазып алыңыз! Жарты күннен кейін бұл ойды ұмытып қалуыңыз әбден мүмкін. 
  • Ең қиын, істегіңіз келмеген жұмыс пен істеріңізді таңмен істеп тастағаныңыз жөн. Ол істі тыңдырғаннан кейін қалған күніңізді өзіңізге арнап, жаман ойлардан арыласыз.
  • Ешкім ешкімге де, ештеңе қарыз емес. "Сен осыны істеуге тиіссің" деген сөздерді ұмытыңыз. 

 

Сурет: ladysweet.ru.

С. А