Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Табысқа жеткен әйелдерден кеңес

Табысқа жеткен әйелдерден кеңес

Табысқа  жеткен әйелдерден кеңес

Cәтті болғыңыз келе ме? Ендеше өмірде көпке қол жеткізген, сәтті адамдардан үлгі алыңыз. Мансап жолында ең сәтті деп танылған әйелдер берген кеңестер топтамасымен танысып, соларға сәйкес әрекет етуге тырысыңыздар. 

1. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық       

Атақты Starbucks кофеханалар желісі компаниясының басшысы Мишель Гасс күнделікті сағат таңғы 4:30-да оянып, жұмыс алдында жүгіріп жаттығады. Танымал косметикалық компания Avon-ның топ-менеджері Андреа Джанг күнделікті 5-те оянса, америкалық Vogue журналының бас редакторы Анна Винтурдың әр таңы сағат 6-дағы теннис ойынынан басталады. Бұл әйгілі әйелдер таңғы жаттығулар күннің ең дұрыс бастамасы екендігін түсінді.

2. Белсенді болыңыз          

Зерттеулердің нәтижелері жұмыста әйелдердің ерлерге қарағанда белсенділігі аз болатындығы дәлелденді. Бұл табиғи түйсіктерге де байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл ерлердің қызметтегі үстемдігінің себебі екен. Көп жұмыстарда әйелдер ерлердің айлығынан орта есеппен 15-20 пайызға кем алады. Ендеше ұялмай, қысылмай, қызметте белсенді болуға тырысыңыз. Өз пікіріңізді айтып, өз жобаларыңызды ұсынып, ісіңізді соңына дейін аяқтаңыз.

3. Өз күшіңізді есепке алыңыз                   

Four Seasons қонақ үйлерінің басшысы Кэти Тейлордың айтуынша, ол бәрін де қадағалап үлгергісі келеді. Бұл қасиет әрине басшы әйел үшін маңызды, алайда өз күшіңізді есепке алыңыз. Жасауға үлгермейтін, күшіңіз, біліміңіз жетпейтін тапсырмаларды басқалармен бөлісіп, ақылдасып, кеңесіп жасаған жөн. Үлгеремін деп өз мойныңызға бәрін арту – барлық шаруаны соңына дейін тындырмаудың бастамасы болмасын. 

4. Сәтті адамдармен танысыңыз                 

Беделді "аға", "көке" іздегенше, жай ғана қызметінде сәтті адамдармен танысыңыздар. Жұмыс бабымен түрлі конференциялар, кездесулерге қатысып, сәтті, атақты адамдардың қасына барып танысудан ұялмаңыз. Facebook басшыларының бірі Шерил Сандберг сондай кісілермен танысқаннан кейін, оған электронды поштасына хат жазып, онда талқылаған тақырып жайлы ой бөлісіп, қызықты мақалаларға сілтемелер қосуға кеңес береді. Онымен байланысты үзбеңіз, басқа сұрақтар бойынша кеңесіп, пікір сұрап жүріңіз. Болашақта осы кісі сіздің қызмет жолыңызға пайдасын беруі мүмкін.

5. Қызығушылық танытыңыз                 

Disney Media Networks және Disney-ABC Television Group-тың басшыларының бірі Энн Суинни "Әрқашан сұрақтар қойып, оған жауаптар іздеңіз, сіздің салаңызға қатысты нәрселердің бәріне қызығушылық танытыңыз", – дейді.

6. Басқалардың пікірін тыңдаңыз                  

QVC төлем, тауар, медиа компанияның басшысы өз кеңсесінде әр бейсенбі ашық есік күнін жүргізеді екен. Бұл күні компанияның кез келген қызметшісі бастығына кіріп, кеңесіп, пікір бөлісіп, өз ойларын жеткізе алады. Қаншалықты биік көтерілсеңіз де, нағыз жұмысты жасап отырған қызметкерлерге жақын болыңыз.

7. Мақсаттар қойыңыз                      

Консервіленген сорпалар өндіретін Campbell's Soup компанияның бастығы Дэнис Моррисон кішкентайынан өзінің "бизнесвумен" болатындығын білген. Ол өзіне әрқашан "Мақсаттарым қандай?", "Неге қол жеткізе алдым?", "Енді не істей аламын?" сынды сұрақтар қояды екен.

8. Өзіңізге "жоқ" дей біліңіз          

World Food Programme-ның атқарушы директоры Этрайн Кузинның айтуынша, әйелге ең қиыны өзінің құмарлығын тыйып, кейбір нәрселерге "жоқ" дей білу. 

9. Асықпаңыз                   

Бизнес пен үкіметтегі танымал әрі сәтті әйелдердің көбісінің жасы 30-дан жоғары. Сәттілікке тәжірибе, уақыт, білім мен бақ керектігін ұмытпай, мақсатыңызға сүрінбей жетіңіз.

Танымал әнші, әртіс, өз саласында сәттілікке жеткен Меруерт Түсіпбаевадан осы сұрақ жайлы пікір бөлісуін сұрадық:

"Шыны керек, көптің ортасынан озып, сәттілер қатарынан көріну үшін барлығын жасасаң да, кейде сәті түспейді. "Бақ шаба ма, бап шаба ма" дегендей, тағдырдың жазған несібесінен артық ала алмайсың. Алайда өзіңнің де амал жасауың керек. Біздің қыздарға меніңше еңбекқорлық пен шыдамдық жетіспейді. Көбісі оңай жолмен байлық іздейді. Расында сәтті болғысы келетін қыздар жастайынан жауапкершілігі мол, еңбекке ынтасы бар, шыдамды болуы керек. Біздің менталитетке байланысты қалыптасқан "Ерлер басшы болуы керек" деген ой қазірде өз өзектілігін мүлдем жоғалтты. Керісінше, жауапты қызметтерде әйелдер еркектерге қарағанда аянбай, барын салып жұмыс жасайды. Әйелдер өз қызметін мұқият жасап, жоғары қызметтерде ең біріншіден жауапкершілік көреді. Жалпы, бизнесте де, үкіметте де әйелдердің көп болғанын қалаймын".

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: gbtimes.com және Меруерт Түсіпбаеваның facebook.com-дағы жеке парақшасынан 

2074 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 19:47
Пікірлер
+0
07 маусым 2013, 19:34

"Өзіңізге "жоқ" дей біліңіз" барлық қыздар мына сөзді айтса біз құримыз ғой :lol: :lol: :lol:

+0
07 маусым 2013, 21:28

:lol: :lol: :lol:

+0
07 маусым 2013, 22:46

есте сақтау керек екен))

+0
08 маусым 2013, 10:37

Табысқа жеткен еркектің артында бір ақылды әйел тұрады. ал табысқа жеткен әйелдің алдында бір ақымақ еркек тұрады дейтін бе еді.

+0
08 маусым 2013, 11:44

Есте ұстайтын екен

+0
26 маусым 2013, 18:41

Мен уйкыны унатпаймын ерте турганды жаксы корем! Тангы 7 де турсам озимди сол куни биртурли сезинем! ал мен 6 да турып уйренип калгам! Жай кундерде солай! менише ерте турган дурыс!!! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...