Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жаман жігіт емессің, бірақ, сені жақсы көрмеймін

Жаман жігіт емессің, бірақ, сені жақсы көрмеймін

Жаман жігіт емессің, бірақ, сені жақсы көрмеймін

Телефоныңды алмадым, хатыңа да жауап жазбадым.

«Неге?» деп сұрадың. Білмеймін, бірнеше күннен бері ес-ақылдан жұрдаймын.

Саған хат жаздым: «Кешір!» деп. Жауап жоқ. Бірнеше минуттан кейін телефон шалдым. Не болды деп сұрадың, мен «Кешір» дедім.

Сен: «Саған не болды, неге кешірім сұрап тұрсың?» дедің.

Дауысыңды естіп екіойлы болып қалдым: «Кешір деп айтайын деп».

Сен: «Не айтпақшысың, айта ғой» дедің, дауысың бәсеңдеу шыққан сияқты болды. Мен тұншыға: «Сен мен кезіккен жігіттердің ішіндегі мені еркелеткен, қылығымды көтерген жігітсің. Саған рақмет!» дедім.

Сен: «Содан?...»

Мен: «Кешір, мен сені жақсы көрмеймін, егер тағы сүйретсем, жүре беретін сияқтымын, бірақ сені алдағым келмейді, өзімді де алдағым келмейді».

Сен: «Алдыңғы жолы жақсы көргенім бар деп сылтау тауып едің, қазір ше?»

Мен: «Сені жақсы көріп қаламын ба деп ойлаушы едім...»

Сен: «Қызық па екен?»

Мен: «Сені жақсы көрейін деп қанша тырыссам да, амалым болмады»

Сен үн-түнсіз қалдың.

«Онда қойдым, иә?!» деп телефонды жаптым.

Көзім жасқа тола қалды. Мен ол жігіттің алдында ұяттымын. Мені сонша жақсы көруші еді.

Ол мені жәбірлейді деп ойлаған едім, бірақ оның үн-түнсіздігі ішімді удай ашытты. Жүрегімді ауыртты.

Оны алдауға болмайды, оның уақытын тіптен сарп етуге болмайды. Оның мінезіне көнуге болмайды, оның менімен бірге тамақтануға шығуы үшін телефон соғып жүруіне болмайды. Оның мені өзін ұнатып қалады деп ойлауына болмайды.

Оған менен де жақсы қыз жолықтыра аласың деп айта алмадым. Мен жаманмын деп те айта алмадым. Ондай өтіріктің керегі не. Тек сені жақсы көрмеймін деп айтқаным жөн болды.

Менің қаттылығымды кешір. Расында дәтім берік пенде едім. Әлі басталмаған әңгімені өстіп үзе салдым.

Егер сені шын жақсы көрген болсам, бақытты болар едім. Бірақ, кешір, сені сүймеймін.

Содан бастап бұл дүниеде маған күйінетін бір адам азайды.

Өзімше, қыздар өзіне көңіл білдірген жігітті жақсы көретін шығар, өйткені, еркелегенді жақсы көреді емес пе деп ойлайтынмын. Өзімше, ерлер тек өзіне қарамай қойған қызды жақсы көреді, өйткені, олар бойсындырғанды жақсы көреді деп ойлайтынмын.

Көп шақтарда сөйлеген сөзім, істеген жұмысым өзіме пайдасыз болса да сөйлей, істей беремін. Бәрі баяғысындай жалғаса береді. Өйткені, жүрегім ұнамайды, біреудің көңілін ауырлатуды қаламаймын, бірақ іс мүлде керісінше болатын. Мен ақыры соны үйрендім. Үзілді-кесілді, нақты адам болу жаныңа тыныштық бағыштайды екен, соңы болмайтын әңгімені жалғаудың керегі жоқ, сонда ғана екі жаққа пайдалы.

Көп жылдардан соң, әлгі жақсы жігіттің жарын, балапандарын ертіп көшеде маң-маң басып бара жатқанын көргенімде, ол маған ризалығын көзімен білдіретін болар бәлкім деп топшыладым. Өйткені, оның әңгімесі – мен емес, тағдырын жазатын қаламы қазіргі әйелі екеніне көзі жетті деп сенемін.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

4918 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 20 мамыр 2013, 15:49
Пікірлер
+0
20 мамыр 2013, 15:48

ойлаймын кейде жақсы адамдарды жақсы көру қиын нәрсе сияқты... сіз не дейсіз?

+0
20 мамыр 2013, 22:00

ойлаймын кейде жақсы адамдарды жақсы көру қиын нәрсе сияқты ия солай ау деймін, қосылам, буйрык солай шыгар.

+0
20 мамыр 2013, 18:49

Сонда мен тастап кеткендердің маған риза ма екен???

+0
20 мамыр 2013, 21:57

жаксы қызсың,бірақ сені жақсы көрмеймін

+0
23 мамыр 2013, 16:18

Иә, ұқсас жайт, мүмкін ұнап кетер, бауыр басып кетермін деп өзіңді де, өзгені де алдау ең қиын, ең азапты нәрсе. Одан да уақыт оздырмай "ренжімеші, мен сені жақсы көрмеймін" деу дұрыс шығар, бірақ "Жақсы көрмейтініңді білемін, "мені жақсы көр!", "сүй!" деп сұрамаймын, тек жанымда болшы" деген тіптен жаман. Бар өмірін сенімен байланыстыратын адамға "жоқ" деп, бүкіл арманын күл-талқан ету - қиынның қиыны.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...