Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ақша әрқашан да жетпейді. Неге?

Ақша әрқашан да жетпейді. Неге?

Ақша әрқашан да жетпейді. Неге?

Бұл жазбаны оқып алып, бай болып кетуіңізге кепілдік бермейміз. Айлап, жылдап кеңес беретін түрлі психологиялық тренинг те емес. Жәй ғана ақшаның не үшін әрқашан да жетпей жүретініне жауап іздеп көрелік. Тақырыпты осылай қойған екенбіз, енді соған жауап берейік.

Автокөлік

Сізге көлік айдау ұнайды. Алғашқы кезде сіз автобуспен ғана жүретінсіз, кейін ескі бір көлік сатып алдыңыз, ал қазір несиеге алған мерседесіңізбен мақтана аласыз. Сізде ақша әрдайым жетпей жүреді, тіпті еңбек демалысыңыз бен дәрігерге қаралу секілді маңызды істерге де қырын қарауыңыз керек. Бірақ көліксіз әрменгі өміріңізді елестете алмайсыз.

Ай сайынғы несие төлемін беруіңіз керек, қымбат сақтандыру компаниясы мен техникалық байқаудан өтуіңіз керек делік. Бұдан басқа көптеген мәселелер шешімін таппай әлі тұра бермек: көлік орнын жалға алу, май ауыстыру, кезең сайын дөңгелек ауыстыру, аптасына бір рет толтырып тұрып жағармай құю... Жалғаса береді. Бірақ сіз бұл шығындармен келіскенсіз. Ал егер қағаз бен қалам алып, темір досыңыз үшін ай сайын төлеп отырған ақшаңызды есептеп көрсеңіз айлық табысыңыздың үштен бір бөлігін арнайтыныңызды байқар едіңіз. Ал оған жұмсалған уақытты қосыңыз. Ақыл айтудан аулақпыз, тек ақшаның не үшін жетіспей жүретінін түсіндірдік.

Жарнама

Сіз кола ішесіз, мальборо темекісін шегесіз, орбит сағызын шайнайсыз, МакДоналдстан гамбургер жейсіз. Әрқашан да керемет әтір иісін сатып аласыз, ал айфоныңыз жылан терісінен жасалған қапшығыңызда жатады. Осы жағдайда да сізге жарнама ешқандай да әсерін тигізіп жатқан жоқ дегіңіз келеді. Ал әмияныңыз бен асқазаныңыздағы «бос кеңістік» - сіздің таңдауыңыз. Осы өмір салтыңызды «дұрыс» деп, бірде «керемет» деп жарнама көшеде болсын, үйде теледидардан болсын, тыңдаған радиодан болсын айтып жатыр, айтып жатыр...

Сұрақ қойғым келеді, сіз зомби емессіз бе?

Қайырымдылық

Сіз өте жақсы дос бола аласыз. Досыңыз да көп. Осы керемет қарым-қатынасты сақтау үшін сіз бәріне де жағып, бәріне де көмек қолын созғыңыз келеді. Көршінің көлігін оталдырып беру, ініңізге реферат жазып беру, ішіп алып көлігін соққан досыңызға қарызға ақша беру, тұрмысқа шыққан қарындасыңыз көше қалса жиһазын тасу. Әсіресе осы туысқандар сізге сеніммен қарайды, себебі «жоқ» деп айта алмайтыныңызды жақсы біледі. Сізге қайтарымы бар, әрине, алаңдамаңыз, «рахмет» айтады, кешегі түннен қалған бауырсақпен қосып шай береді, тіпті кейде бетіңізден сүйіп, қолыңызды қысады, арқаңыздан қағады... Егер сіз көмектескен қаржыңыз бен уақытыңызды есептейтін болсаңыз құлға айналғаныңызды білер едіңіз. Бір күні сіз, бір күні ол көмек қолын созар дейсіз бе, қайтарымы бар дейсіз бе? Ал жұртқа жағып жүрген сіз өз қиындықтарыңызды шешуге әлдекімді шақырғаныңызды еске түсіріп көріңіз. Иә, иә, сіз сондай мейірбансыз ғой...

Қарқынды жұмыс

Сіз жарнамасы жалын шашқан, атын естісе ат үркіп жөнелетін жұмыста қызметкерсіз. Басшылығыңыз кей-кейде демалуға мүмкіндік береді, немесе жұмыстан сәл ерте қайтуға. Айлығыңыздың аз екеніне алғашқы кезде кешіріммен қарайтын болсаңыз, қазір тіпті үйреніп алғансыз. Оның үстіне айлық жалақы кешігіп түседі. Сізге басшылық көптеген ескерту жасап, тіпті айғайлап алады. Сізде ешқашан артық ақша жоқ, уақытты айта көрмеңіз. Жұмыс көп. Әрқашан ентігіп, үлгермей жүресіз. Егер сіз батылдыққа барып, басшыңыздан міндетті демалысыңызды алсаңыз, сол уақытта бұл жұмыстан кетуді ойлайтын едіңіз, өзге бір вакансияларды қарастырар едіңіз, бірақ «жоғарыдағы кісі» сізге демалыс бермейді. Тіпті кешқұрымға дейін жұмыста отырып, үйге есеңгіреп жетіп жүрген кезде өзге жұмыс қарастыруға күш жетпейтінін білеміз.

Қымбатшылық

Сіз арзан зат сатып алатындай бай емессіз ғой. Нақтырақ айтсақ, сіз тіпті де бай емессіз. Орта деңгейлі адамсыз. Жұмыс автоматынан дайын кофе сатып алуға да тиын таппай қалатын әдет жиі-жиі болып тұрады. Бірақ әрбір заттың бағасын білген кезде сатушыдан қысылмау үшін соншалықты қымбат затқа таңданыспен қарамауға тырысып, «сатып аламын» деп қалай айта салғаныңызды білмей де қаласыз. Сізден де бақуатты біреу сізге қарап тамсанып өтеді-ай. Осының бәрі не үшін?

Спортсыз өмір

Сіз әр таңда айнаға қарап, жаттығу залына жазылуды ойлайсыз. Бірақ жұмыста шаншылып отырған соң оған күш-қуат жетіспейді деп өзіңізді алдарқатасыз. Сізде өмір салтын ауыстыруға деген айқын бір себеп жоқ, денеңізді шынықтырып үлгеретін сияқты болып жүресіз. Оған табыла кететін ақшаның өзі жоқтың қасы. Иә, бұл да сылтау...

Тіс жегісі

Тісіңізді емдемегелі ғасырдан астам уақыт өтіп кеткен. Тіс жегісі төрт бірдей тісіңізде бар. Бірақ дәл қазір ешқайсысы да ауырмайды. Күнделікті істі қойып, тіс дәрігеріне көрінуге ақша да жоқ, уақыт та тапшы. Сіз егер тіс жиегін тазаламасаңыз өздігінен жазыла салмайтынын білесіз. Кейін орнына протез тіс қойдыртсаңыз оның қымбат екенін де білесіз. Бірақ сіз дәрігерге бармайсыз. Себебі маңызды істеріңіз толып жатыр. Иә, солай...

Той-томалақ

Сіз үйленгелі жатырсыз. Әйеліңіз екеуіңіздің табысыңыз біршама сомаға барады делік. Ал тойға кетер ақша айлықтарыңызды он орап алады. Сонда да сіз қарапайым ғана дастархан жасап, жақын жора-жолдастармен отырыс жасай салмайсыз. Сізге елге танымал, шешен асабаны жалдау керек, салаттың 14 түрін дайындап, тойдан соң желінбей қалатын бауырсақ, тәтті-пәттілерді сатып алу керек, ең қымбат костюм мен көйлек алу керек те Заттыбектің «Ақ маржаны» немесе Ақылбектің «Қызыл өрігіне» секеңдеу керек. Оның үстіне дәстүр бар дегендей. Айлық табыстарын он орап алатын шығынға саналы адам не үшін барады? Біріншіден, салт-дәстүр бар, екіншіден, аппақ көйлек киіп, 4-5 суретке түсу керек. Әрине, бұл ойға қарсы шығушылар үйлену тойы өмірде бір-ақ рет болады демек. Бірақ одан кейін болатын талай туған күн, талай жуыс, талай жаңа жыл, талай Наурыз, талай мереке келе жатыр емес пе?

Студент

Сіз студентсіз. Дәстүрге айналған жағдай – студент әрқашан да ролтон жейді. Таңда да, түсте де, кеште де сол. Ал кейде түйілген пельмен жеуге де болады екен (бұл енді 3-4 курстарда). Сапалы макарон мен ет сатып алу сізге арзанырақ болатынын білмейсіз. Себебі сізге алғашқы бір кезеңдерде доширак ең арзан тамақ дей салған, ал сіз соған сене салдыңыз. Нақтылай қолға калькулятор алып, бәрін есептеуге зауқыңыз жоқ. Иә, біз сізді білеміз ғой...  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

1461 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 12 мамыр 2013, 15:04
Пікірлер
+0
12 мамыр 2013, 17:50

Хехе)))келісем

+0
12 мамыр 2013, 19:16

aqşaniň özi sol üşin kerek emespa...basqa qayda jumsaysin...

+0
12 мамыр 2013, 19:41

Дұрыс ойлар екен, ойланбасам. Расымен, зомби емессің бе?

+0
12 мамыр 2013, 19:48

ойсалар...

+0
13 мамыр 2013, 17:00

экономдау керек :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...