Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ақылсыз ақылдар топтамасы

Ақылсыз ақылдар топтамасы

Ақылсыз ақылдар топтамасы

Ақылгөйлердің ақыл айтудан тыйылатын кезі болады.

Американың танымал ғалымы Обри Дэниелс күнделікті өмірде айтылатын түрлі ақыл-кеңестің түкке де тұрғысыз екенін дәлелдеп мақала жазыпты.

«Бірде менің Чарли Кроок деген досым “Сұрамаған жағдайда да көптеп ақыл айта беріңдер!” деді. Ал кейде адамдар әлдекімнен ақыл сұрайды да оны керек етпейді. Ақыл-есі бар адам ақылды сұрап алып, оны тыңдамаушы ма еді? Көптеген ақылдар нақтылы ештеме түсіндірмейді, ақылды тыңдаған адам ештемені түсінбеген қалыпта қалып қояды.

Мәселен, мен таңдаған 10 ақылсыз ақылды айтайық:

  1. Өзің бол.
  2. Жаңашыл бол.
  3. Көңіл-күйің көтеріңкі болсын.
  4. Әрқашан сабырлы бол.
  5. Шыншыл бол.
  6. Ұжыммен бірге бол.
  7. Әрқашан да әр істі 110 пайызға орында.
  8. Қарым-қатынасыңда түзе.
  9. Сыйластықты сақта.
  10. Жүрекпен сөйле.

Жоғарыда көрсетілген ақылдар тыңдаушысына не істеу керектігін нақтылай айтпайды. Әрі осындай ақыл-сымақтар көп. Мұндай ақылдар тіпті келеңсіз жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Мәселен, «Көңіл-күйің көтеріңкі болсын!» деген ақылды алайық: бұл ақылдың дымға да пайдасы жоқ, сіз орынсыз жерде орынсыз сәттерде қуанып жүрсеңіз, қиын жағдайларға ұшырауыңыз әбден мүмкін. Үнемі қылжақтап жүретін адамдар жүйкеңізге тимей ме?

Тағы бір ақыл «Өзің бол!». Бұл туралы талай кітаптар жазылды, және оқылып та жатыр. Бұл ақыл да пайдасыз. Себебі жағымсыз қасиеті бар адам оны түзеудің орнына бұл ісімен мақтанатын болса ше?

Көбіміз бұдан кейін «Мен бұлай жасағым келмеген еді» деп ақталамыз. Бірақ дәл осы тұста проблема бар. Мұндай ақыл айтушылардың өзі де не істеу керегін білмейді, содан осындай дерексіздеу іс жасауға шақырады.

Менің алдыма отбасын құрғанына көп уақыт өткен жұп келді. Әйелінің айтуы бойынша, күйеуі оны бұдан былай сүймейді екен. 45 минут әңгімелескен соң, біз мәселе күйеуінің оны сүю-сүймеуінде емес екенін, тек ешбір себепсіз «Мен сені сүйемін» деп айтпайтынын анықтадық. Олардың мәселесін шешуге бір ай емес, бір ғана сағат керек болды. Бұл мысал біздің тақырыбымыздан ауытқып тұрса да, айтайын дегенім – адам өзіне нақты не істеу керектігін біле бермейді. Нақтырақ айтсақ, нені қалайтынын білмейді.

Ақылсыздау ақыл айтудың орнына «Енді қалай болмақ?» немесе «Бұл үшін не істеу керек?» деген секілді қарсы сұрақ қою әлдеқайда пайдалы болмақ. Ал осы сұраққа нақты жауап алып алған соң тек бақылау ғана керек болады. Огден Линдслей есімді доктор 98,6 пайыз адамның өмір салтын өзгертуі арқылы туындаған порблемадан құтылғанын анықтапты. Мұның бәрі де жүріс-тұрыс стереотипін дұрыс таңдауға байланысты.

Пайдалы ақыл – сирек кездесетін сый. Мұндай пайдалы ақыл айтушылар көмекке мұқтаж адамы үшін шын мәнінде уайымдайды, түсінеді, ақыры көмектескісі келеді. Бірақ сіз өз досыңызға көмек қолын созғыңыз келсе, жоғарыда келтірілген 10 ақылды және соған ұқсас кеңестерді беруден аулақ болғаныңыз жөн.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

3861 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 03 мамыр 2013, 15:06
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 15:55

мен әрқашан күлімдеп жүрем іштей жылап,сырттай әйдаа өтірік ыржиып жүрем* :lol: :lol: :lol: :D :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...