Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Йогурттың пайдасы

Йогурттың пайдасы

Йогурттың пайдасы

Йогурттар - сымбат пен мықты денсаулық кепілі. Диетологтар бір ауыздан йогурттарды нағыз пайдалы, зияны жоқ тағам дейді. Олардың сыры неде? 

Йогурт кальцийға бай

Және де йогурт құрамындағы кальций ағзамызға еш қиындықсыз сіңеді. Бір стақан биойогурт (тірі бактериялар қосылған түрі) ағзаға көптеген қоректік заттар жеткізеді, олардың бастысы сүйектерді берік қылатын кальций. Мамандардың айтуынша, сүтті тағамдарды жиі қабылдау сүйек ауруларының алдын алады.

Йогурт құрамында ақуыздар көп

Бір стақан жеңіл йогуртта 5-9 грамм толыққанды ақуыз болады. Ол ағзаға қажетті барлық аминқышқылдардың қайнар көзі. Бұл өте маңызды, себебі ағзамыз барлық аминқышқылдарды өзі-ақ синтездейді. Бірақ 9 аминқышқыл түрі, ағзамызға қажет болғанымен, тек тамақпен қабылданады. Яғни ақуыздар күнделікті рационымызда болуға тиіс.

Йогурт артық салмақпен күресте көмектеседі

Бұл йогурттың тағы да бір жақсы қасиеті. Май мен ақуыздардың дұрыс қатынасы қарнымызды тойдырып, артық салмақ жинаудан сақтайды.

Йогурт иммунитетті берік қылады

Жиі қабылдайтын дәрілер, антибиотиктер ағзамызды болашақта қорғайтын пайдалы бактерияларының көзін құртады. Йогурт - соларды қалпына келтірудің ең оңтайлы жолы. Заманауи бифидо, лакто, ацидофильді бактериялары бар йогурттар ас қорыту жүйесіне көмектесіп, дәрумендер мен минералдардың сіңірілуін жақсартады.

Йогуртты лактоза қабылдай алмайтын жандарға да жеуге болады

Сирек болса да кездесетін бұл ауру адам ағзасындағы лактаза шамасына байланысты болады. Бұл фермент лактоза, яғни сүтті көмірсудың қабылдануына жауап береді. Яғни сүтті тағамдарды қабылдай алмайтын адамдар аурудың бастапқы кезеңінде құрамында лактоза аз йогурттарды жей алады.

Ас қорыту жүйесіне пайдалы

Біз жейтін кез келген тағам асқазанымызға бактериялар, вирустар, улы заттар жеткізеді. Олардың бәрін қорыту, ал зиянды вирустарға төтеп беру асқазанға жүктеледі. Стрестер, гормоналды өзгерістер, түрлі дәрілерді қабылдау оған тым ауыр болуы мүмкін. Қажетті пайдалы бактериялар өз өмірін мұндай ортада жалғастыра алмауы ғажап емес. Сондықтан асқазанға көмектесіп, оның жұмысын реттеу үшін йогуртты күнде жеңіз.

Ал сіз йогурт жейсіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: max-body.ru

16592 12
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 18:55
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 18:33

Жемегенде ше?! Тәтті болғаны үшін жеймін, ал мұншама пайдасын біліп отырған соң... Қайтып жемейсің? ))

+0
21 ақпан 2013, 18:41

тез бітіп қалатын болған соң жемеймін :lol: :lol: :lol:

+0
21 ақпан 2013, 18:53

Көп жей бермеймін) сөйтсем пайдасы шаш еткетен екен ғо)

+0
21 ақпан 2013, 19:05

Маған десе күнде йогурт жей беретін едім. Бағасы да жақсы ғой өзінің :mrgreen:

+0
21 ақпан 2013, 19:11

иогурт жеген соң ішің бұралады ғо :D

+0
21 ақпан 2013, 22:51

Мен бір газеттен еш пайдасы тіпті бір елде сатылайды деп естіп едім... Қызық екен :ugeek:

+0
21 ақпан 2013, 23:03

бәсе апам ылғы алдырады, пайдалы нәрсені өзі жеп жур екен гой)

+0
22 ақпан 2013, 12:02

Кейінгі кезде көп жеп жүрмін дәмі күшті ғой

+0
22 ақпан 2013, 12:05

Қызым мен бірге жарысып жеймін сол йогуртты

+0
24 ақпан 2013, 18:21

oooooo kunde iogird jitin boldimgoo

+0
25 ақпан 2013, 02:13

қазір ондай пайдалы йогурттар азгой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...