Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Әлемдегі ең дәмді 10 тағам

Әлемдегі ең дәмді 10 тағам

Әлемдегі ең дәмді 10 тағам

«Ас – адамның арқауы». Қалай тауып айтылған сөз десеңізші! Кейде, осы тағамдар болмағанда қалай өмір сүрер едік деген ойға да қалып жатамыз. Осыдан сан мың ғасыр бұрын терімшілікпен айналысқан ең алғашқы адамдар табиғаттың дайын өнімдерін азық еткен болса, бүгінде жасанды тағамдардың алуан түрі бар. Тіпті атауларын шатастырып алып жатамыз. Әрине, бәрі де оның атында емес, затында жатыр. Осы орайда, әлемнің ең үздік деген аспаздары ақылдаса келе, «әлемдегі ең дәмді 10 тағамның» тізімін жасап шығарды. Олардың арасында сіз бен біз бұрын-соңды естімеген тағамдар да баршылық.

«Ең дәмді» деген тағамдарды таңдауға тек қана аспаздар қауымы емес, 35 мыңға жуық қарапайым халық та атсалысқан. Сонымен, әлем мойындаған теңдесі жоқ тағамдармен таныс болыңыздар!

Индонезия аспаздарының алтын қолдарынан шыққан Rendang - тағамдардың көшін бастап тұр. Көпшілік қауым оған «ең тамаша тағам» деген атақ таққан. Бұл тағам сиыр еті, лимон шөбі, сарымсақ, куркума, зімбір, бұрыш, чили қосылған сүтпен дайындалған.

Өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеуден тайсалмаған индонезиялық аспаздар екінші орынды да өз уыстарынан жібермеді. Олар ойлап тапқан Nasi goreng тағамы күріш, жұмыртқа, тауық етінің қоспасынан жасалған.

Өзінің алуан түрлі тағамдармен аты шыққан жапон халқының суши тағамы үшінші орынды оп-оңай иемденіп кетті. Теңіз өнімдерінен дайындалатын дәмді, зиянды құрамдас бөліктері жоқ, калориясы төмен бұл тағам – ағзаңызға өте пайдалы.

Төртінші орыннан Tom yam goong тағамы көрінді. Тайланд аспаздары жасаған бұл тағамның құрамында: асшаян, қозықұйрық, қызанақ, «лимон шөбі», лайм және көптеген дәмдеуіштер бар. Әдетте Tom yam goong тағамын дастарханға кокос сүтімен қосып әкеледі.

Ерекше тұздықпен дайындалатын тайлық Pad thai тағамы – бесінші орында тұр. Бұл тағам – тай асханасындағы негізгі тағамдардың бірі болып саналады. Оны тек қана етпен емес, тауық етімен, асшаянмен әзірлеуге болады. Pad thai тағамының негізгі ерекшелігі – дәмінің құбылмалы болып келуінде. Тағамды алғаш аузыңызға алғанда тәтті дәмді сезесіз, одан кейін қышқыл, ең соңында, өте ащы екенін байқайсыз. Бұл тағамды даярлауда тұздыққа аса көп мән беріледі.

Тайлық аспаздар алтыншы орынды да өз қанжығаларына байлап кетті. Som tam салаты жабайы құстардың етінен және өте сирек кездесетін дәмдеуіштерден әзірленеді.

Көптеген туристердің сүйіктісіне айналған гонконгтық тұшпаралар жетінші орыннан көріне алды.

Бұл байқаудан жапондық Рамэн тағамы да тыс қалмады. Сегізінші орынға шыққан бұл тағамды әлем халықтарының көпшілігі сүйіп жейді.

Peking duck («Пекин үйрегі») тағамын Пекин қаласынан жесеңіз ғана, тоғызыншы орынға лайықты екенін мойындайсыз. Өйткені, оны Пекин қаласында ғана ежелден келе жатқан дәстүр бойынша даярлайды. Тағам тарихы сонау Юань әулеті үстемдік еткен 1330 жылдардан бастау алады.

Әділқазылар алқасы ойлана келе, тағам әзірлеудің нағыз шеберлері атанған тайлық аспаздардың Massaman curry тағамына ең соңғы орынды лайық деп шешті. Карри тағамдары бүгінде ең дәмді ғана емес, ең танымал тағамдардың көшін бастап тұр.

Ал сіз «Ең дәмді» деген атақты қандай тағамға берер едіңіз?

Суреттер:fotolife-me.livejournal.com, listphobia.com,merkur-online.de,kovinov.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

84177 14
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 қазан 2012, 11:15
Пікірлер
+0
22 қазан 2012, 11:03

көбі азия елдерінің тағамдары екен

+0
22 қазан 2012, 11:04

мен үшін манты ең дәмді тағам :)

+0
22 қазан 2012, 11:11

менің анам әзірлейтін "ханым" - мен үшін әлемдегі ең тәттіііііі тағам ;)

+0
22 қазан 2012, 11:38

Бомба деген тағамды білесіндер ме?

+0
22 қазан 2012, 12:05

Ол қандай тағам? :roll:

+0
22 қазан 2012, 12:10

Ең танымал тағамдардың қатарына біздің елдің тағамы қосылады екен. Түріктердің тағамына берер едім

+0
22 қазан 2012, 18:39

бәрібір "Қазақша етке" жетпейд десем қалай болад? :D

+0
22 қазан 2012, 19:07

Шындығында неге "Қазақша ет" жоқ?

+0
22 қазан 2012, 23:11

әлемдегі ең дәмді тағам анамның пісірген тағамдары))диета ұстап жургенде,анам пісірген тағамын шыдай алмай жеп қоясынғой))

+0
24 қазан 2012, 14:51

Маған негізі осындай ащылау келген азия елдерінің тағамдары ұнайды.

+0
24 қазан 2012, 15:05

сорпасын сораптап, қолды салып жіберіп қамырдан асап, бетке қарамай еттен алып, қымызбен "запивать" етіп отыратын қазақтың Бесбармағына жетпеді-эй!!!

+0
03 қаңтар 2013, 17:08

бесбармаққа ештеңе жетпейді ол рас,,,,,,, бұл жарыста қазақтардың ұлттық тамақтары ұсынылмаған шығар әйтпесе біздің тамақтар №1 :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :!: :!: :!: :!: :!: :D

+1
05 сәуір 2013, 16:04

Бәрі де жақсы тағамдар-ау. Жеп көрмегесін білмейсің ғой

+0
15 тамыз 2015, 19:09

Маған бешбармақ/қаттама/қазы-қарта/әсеп/қатық/қарма/нарын (сорпалаған)/голубцы/мәнті/дөнер/шашлык/гриль/түшпара/самса/картоп езбесі/жеміс-жидек салаты/ким-чи/пури/ладу/тхандай/даал/чапати/самоса/орама/палау/қарақұмық жармасы ұнайды!!! Ммм дәмді!!! :-) :-) :-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...