Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Келбеті оның көрікті, сүйесіз бе өрікті?

Келбеті оның көрікті, сүйесіз бе өрікті?

Келбеті оның көрікті, сүйесіз бе өрікті?

Көз алдыңыздағы сарғылт түсті жемісті таныған боларсыз? Иә, дұрыс айтасыз, барқыт тәрізді көйлегі бар «өрік» атты нәзік және шырынды жемісті сүйіп жемейтін адамдар кемде-кем. Оның қабығын сырып алып, аузыңызға салып, жүгіріп барып дәнегін шағып жеген кездеріңіз есіңізде ме? Жеуін, жейміз ғой, ал оның пайдасы мен зиянын, шығу тарихын білетіндеріміздің қатары тым аз. Ендеше, бүгін сіздермен өріктің қыры мен сырын зерттейтін боламыз.

Өріктің негізгі отаны – Қытай болып саналады. Мұнда өрік ағаштары осыдан 5 мың жыл бұрын өсірілген, ал Оңтүстік Еуропа елдерінде 2 мың жыл бұрын ғана өсіріле бастады.

Өріктің орыс тіліндегі баламасы «абрикос» сөзі «тез пісетін» деген мағынаны білдіреді. Бір қызығы, ежелгі Римдіктер өрікті «армиян алмасы» деп атайды екен. Зерттеуші мамандардың айтуынша, мұның сыры Батыс елдері өрікті армиян саудагерлерінің арқасында білгендіктерінде екен. Ал, Батыс елдерінің бірқатары Күнгей Кавказды өріктің отаны санайды. Қалай болғанда да, біздің деректер өріктің иесі ретінде Қытайды танығандығымыздың жөн екендігін нұсқайды.

Армиян өріктерінен басқа Ортаазия өріктері де өтімді келеді. Өйткені, бұл өріктердің құрамында қант көп болады да, дәмі тіл үйірердей тәтті келеді және бәліштерді жасауда дәл осы Ортаазиялық өріктер пайдаланылады.

Өріктің «Қызылбет», «Амброзия», «Луиза», «Шалах», «Хосровшам», «Хурмаи», «Бұхара», «Товарищ», «Ансу» деген сорттары белгілі.

Өріктің біз білетін үш түрі бар: дәнегі бары – өрік, ал дәнегі жоғы – кайса, ал кептірілгені – курага деп аталады.

Өріктің құрамында С, В1, Р, РР дәрумендері, каротин, флавоноидтар, қант, органикалық қышқылдар, май, пектин, инулин, крахмал, минералды заттар, ферменттер және көптеген пайдалы микроэлементтер бар.

Қытай халық медицинасында өрік дәндерін жөтелді басатын дәрі ретінде аздаған мөлшерде пайдаланып, өрік дәндерінен теріні жұмсартатын кремдер мен майлар жасайды.

Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Өріктің жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдау үшін қолданады. Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады.

Мамандардың айтуы бойынша, өрік мидың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және бауырдың жөнделуі үшін өте пайдалы. Сонымен қатар тістердің беріктігін арттырып, рактың, бүйрекке тас жиналудың алдын алады. Жүректі қуаттандырып, күйзелісті азайтады.

Құрамында сахароза көп болғандықтан, қант диабетімен ауыратын адамдарға өрік шырынын ішуге, жемісін жеуге тыйым салынады.

Суреттер: fitfan.ru,greenrussia.ru,sad-ogorod.moy.su,stroiniashka.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

13281 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қазан 2012, 13:17
Пікірлер
+0
10 қазан 2012, 18:27

Өріктің маусымының өтіп кеткені-ай!!! :cry: Апамның бақшасында өріктің түр-түрі өсуші еді. Атам марқұм кезінде біз жесін деп егіп тастаған екен, жарықтық

+0
11 қазан 2012, 08:54

тәтті, әсіресе согы тәтті

+0
05 сәуір 2013, 16:07

туу аузымды суы құрыды ғой

+0
05 сәуір 2013, 16:16

жақында піседі, сәл шыдаңыз)

+0
05 сәуір 2013, 16:23

Йа кыЗыл орик-Акылбек Жеменей :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...