Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Сарымсақтан қашпаңыз

Сарымсақтан қашпаңыз

Сарымсақтан қашпаңыз

Сарымсақтың бойында тұнып жатқан керемет қасиеттердің көпшілігі қадым замандардан бері белгілі. Мысырда атақты пирамидалар салынып жатқан қиын кезеңде сарымсақтың көмегі ұшан-теңіз болған екен. Яғни сарымсақты көптеп пайдалану арқылы жан-жақтан әкелінген құлдардың арасында болатын жұқпалы індеттердің өршуіне тосқауыл қойылған. Ежелгі Грекия мен Римде де оның емдік қасиеттері жоғары бағаланған көрінеді.

Сарымсақ дегенді естісек, ең алдымен оның өзін елестетуден бұрын, иісі мұрынымызға келіп үлгереді. Жағымсыз иісіне бола оны жек көріп те жатамыз. Мұнымыз мүлде қате. Өйткені сарымсақтың біз біле бермейтін талай-талай кереметтері бар екен.

Қазіргі таңда оның құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, адам ағзасы үшін пайдасы толық зерттеліп біткен.

Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементтері, темір, хлор, ақуыз бар. Осылардың барлығы қосылып келіп, сарымсаққа кереметтей емдік қасиет береді.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ десе де болады. Мысырлықтардың мыңдаған ғасыр бұрын бұл құпияның анық-қанығын білгендігін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Ол ағзаның түрлі микробтарға қарсы әсерін күшейтіп, оның ауруға оңай берілмеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге адамға салқын тиіп ауырғанда, тұмауда пайдалы болып, жөтелді жұмсартып, қақырықтың бөлінуін жақсартады.

Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.

Асқазан-ішек жолында кездесетін ауру тудырғыш бактериялардың өсуін тежеп, жағымды ішек флорасының дамуын ретке келтіреді. Оның ішек паразиттеріне, майда саңырауқұлақтарға әсері де зор. Сарымсақты жиі пайдаланып отыру асқазан мен ішек қатерлі ісігінің алдын алады деп есептеледі.

Сарымсақ тек науқас адамдарға ғана емес, дені сау адамдарға да керек. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды, кадмийді және басқа да уытты металдарды шығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте және ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.

Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек.

Оны аспаздық жолмен өңдеген кезде пайдалы заттары жоғалып қалып жатады. Сондықтан, шипаны шын іздесеңіз, табиғи сарымсақты пайдаланғаныңыз жөн.

Суреттер:zelengarden.ru6babuwka.ru6sila-priroda.ru

Дайындған: Айгерім Сматуллаева

8000 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 қыркүйек 2012, 20:11
Пікірлер
+0
29 қыркүйек 2012, 19:21

керемет жәнеде сарымсақ ол адамның минын жақсарттады деп дәлелдеген жапондық ғалымдар

+0
29 қыркүйек 2012, 21:57

миды? :o

+0
01 қазан 2012, 11:09

Тұмауға өте пайдалы соны жақсы білем)

+0
21 желтоқсан 2015, 13:35

Сарымсақ жеудің пайдалы екендігін білеміз. Күнделікті жер едік, ауыздан шығар сасық иісін қалай жоюға болады? Жұмысқа аузымызды сарымсақ сасытып бара алмаймыз ғой. Сондықтан, басын айтқан соң аяғына дейін жеткізіп, өзекті осы мәселені нақты шешкен мақалаларыңды күтеміз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...